ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Жаңалықтар

Жолдарда сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау бойынша 10 қадам

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Медет Талант Бақбергенұлы

Жолдарда сыбайлас жемқорлық көріністерін
болдырмау бойынша 10 қадам

Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында еліміздің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін бес негізгі басымдық айқындалып берілді.
Сол бес басымдықтың соңғысында Елбасы мемлекет пен бизнес қауымдастығының, азаматтық қоғамның, бүкіл халықтың күш-жігерін біріктіріп, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғы шарттарын анықтау және оларды жою жұмысын жандандыруды тапсырды.
Қазіргі таңда, алға қойылып отырған басты мақсат – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті барлық қоғамның ортақ ісіне айналдыруға әрекет жасау.
Жалпы еліміз, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаппай күрес жариялап, жемқорлыққа қарсы заңнамалық базаны және осы зұлым құбылысқа қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін әзірлеуге бірінші болып кірісті. 2014 жылдың аяғында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия бекітілді, ал 2015 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заң қабылданды. Сол уақыттан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды, жүйелі шаралар өткізілуде, қол жеткізген жетістіктер де аз емес.
Мысалы, «Transparency International» ұйымымен үш жылда бір рет өткізілетін «Әлемдік сыбайлас жемқорлық барометрі-2016» зерттеуіне сәйкес Қазақстанда жыл сайын сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуі байқалады. Үш жыл бұрын өткізілген зерттеудің қорытындысына қарағанда бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда ілгерілеулік байқаған азаматтардың саны екі есеге өскен, пара беру фактілері 40 пайыздан 29 пайызға дейін төмендесе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларына өз үлестерін қосуға дайын азаматтардың саны 7 пайыздан 28 пайызға дейін өсіп отыр.Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімді жүзеге асырылуының бірден бір дәлелі.
Жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан шаралардың бірі ретінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиацентр» республикалық ұйымымен бірлесіп өткізіп жатқан «Жолдарда сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау бойынша 10 қадам» атты жобасынайтуға болады. Жобаны іске асыру мақсатында Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаментімен, Ішкі істер, Мемлекеттік кірістер департаменттерімен және Көліктік бақылау инспекциясымен жол картасы бекітілді. Жол картасында көрсетілген іс-шараларға сәйкес бүгінгі таңда жолдарда орын алған сыбайлас жемқорлық қылмыстардың картасы әзірленді.
Бұл салада жемқорлық деңгейін төмендетуге, жемқорлық көріністерін жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау мен жоюға аса мән берілудің де себебі бар.
2016 және 2017 жылдары Қарағанды облысының тұрғындары арасында сауалнамажүргізілген болатын. Оның қорытындысына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейі құқық қорғау органдарында кездеседі делінген. Мысалы, 2016 жылы сұралғандардың 68 пайызы және 2017 жылғы сауалнаманың қорытындысы бойынша азаматтардың 18 пайызы сыбайлас жемқорлық фактілері құқық қорғау органдарында кездеседі деп жауап берген. Бірақ өкініштісі, жыл басынан бастап Қарағанды қаласында 9 жүргізуші сыбайлас жемқорлық қылмыс жасап, жазаға тартылған. Яғни, әлі де болса, сол халықтың, көлік жүргізушілерінің тарапынанжол ережесін бұза тұра, мәселенішешу мақсатында пара беру фактілері кездесуде.Әрбір жүргізуші жол полициясы қызметкеріне немесе көліктік бақылау инспекторына немесе кез-келген лауазымды тұлғаға пара берген жағдайда параның көлеміне сәйкес 20-дан 50 АЕК-не дейінгі мөлшердеайыппұл салынатынын немесе параның көлеміне қарай 12 жылға дейінгі мерзімге бостандығынан айырылатынын есте сақтаулары қажет.
Мұндай фактілерді көрсету мақсатымызқандай да бір қорқыту акциясы емес, ол жүйелі түрде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмысы.
Мұнымен қоса, жол полициясы қызметкерлерімен бірігіп мемлекеттік органдар, ұйымдар тарапынан мемлекеттік көлікті заңсыз пайдалану фактілерін анықтау мақсатында рейдтер ұйымдастырылуда. Жүргізілген рейдтердің қорытындылары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша дайындалған іс-шаралар жоспарының орындалысына талдау жүргізетін Арнайы мониторингтік топтың отырыстарында қаралуда. Мысалы, Шет ауданында жүргізілген рейд барысында «Орман және жануарлар әлемін қорғау бойынша Қарағанды шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кетсе де,қызметтік автокөлікпен жүрген. Немесе, басқа мысал. Шет ауданы Ақсу-Аюлы кенті әкімі аппаратының жүргізушісі қызметтік автокөлікті құжатсыз жүргізген. Сонымен қатар, аталған көлікке мемлекеттік нөмір қойылмаған.
Бұл осы бағыттағы жұмыстардың бастамасы ғана. Мұндай рейдтер Департаментпен тұрақты түрде өткізіліп және айқындалған фактілер халық назарына тұрақты түрде ұсынылатын болады.
Әрине, жоғарыда көрсетілген фактілер, тек қана аты аталған мемлекеттік мекемелерге ғана кір келтірмейді, ол, мемлекеттік қызметте жұмыс істеп жүрген барлық қызметшілерге деген, жалпы мемлекеттік аппаратқа деген халықтың сенімін азайтады.
Осындай құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатындақадағалаушы органдар тарапынан шаралар да қабылдануда. Мысалы, жыл басынан бастап 14 қызметшінің тәртіптік істері Әдеп кеңесінде қаралып, тиісті жауапкершілікке тартылды.
Қазіргі таңда құқықбұзушылықтың салдарымен емес, оның бастапқы себептеріне қарсы күрес ұйымдастыру қажет.
Әр мекеме басшысы өз қызметшілеріне үлгі болып, қандай да болмасын құқықбұзушылықтың алдын-алу шараларынөзінен бастап жүргізбесе, онда өзінің немесе оның қарамағындағы қызметшілердің кейін одан да ауыр қылмыс жасауларына әкеп соғуы мүмкін.
Көрсетілген шаралар жолдарда сыбайлас жемқорлық фактілерін азайтуға, жол ережелерін бұзу, мемлекеттік мүлікті заңсыз пайдалану фактілерін болдырмауға және мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп кодексін бұлжытпай сақтауға өз септігін тигізеді деп ойлаймыз.
Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік облысымыздың әрбір тұрғынының азаматтық ұстанымы, ал адал ниеттілік пен сатылмаушылық мінез-құлық нормасы болуы тиіс.

Медет Т.Б., Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары


Вернуться назад

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 334.85
  • Euro 394.29
  • Рубль 5.69
Теміртау-19°C
    4 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 732мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 78%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ