ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Жаңалықтар

2017 жылғы 29 желтоқсанда бала туу бойынша мемлекеттік қызметін проактивті көрсету пилоттық жобасы іске қосылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы -«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы» электрондық нұсқада ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді ұлғайтуды, ашық үкіметті қалыптастыруды, кеңістіктік деректердің ұлттық инфрақұрылымын дамытуды, электрондық және мобильдік үкіметті одан әрі дамыту жолымен цифрлық үкіметті қалыптастыруды,  проактивті мемлекетті  дамытуды  және т.б. көздейді.   Осылайша, 2017 жылғы  29 желтоқсанда бала туу бойынша мемлекеттік қызметін проактивті көрсету пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл  жаңа нұсқа азамат пен мемлекеттің өзара ара қатынасы болып табылады, яғни мемлекет халықтың қажеттілігін басып озып, дер кезінде олардың қажетті қызметтер мен сервистерді алуына бастамашылық етеді.
Бірінші кезеңде проактивті қағидат адам өмірінің ең алғашқы сатысында – оның тууы кезінде іске асырылады. Бала туғаннан кейін, оның анасы баласына ат қою үшін автоматты түрде  сауал жолдайды.  Барлық басқа қажетті мәліметтерді тіркеуші орган тиісті ақпараттық жүйелерден алады, ал жетіспейтіндерін SMS-хабарлама арқылы қызмет алушыдан сұратады. Туу бойынша жәрдемақыны ресімдеуге арналған есепшот нөмірін де және бала бақшаға кезекке қою деректерін де телефон арқылы жолдауға болады.  Өтініш берушіге тек дайын туу туралы куәлігін алу немесе оны үйге жеткізуге тапсырыс беру ғана қалады. Бүгінгі танда Қарағанды облысының 8 жаңа туған сәбиі өзінің бірінші проактивті туу туралы куәлігін алды, жаңа туған сәбилердің аналары құттықтау смс-хабарламасын ала отырып, баланың туғанын тіркеу бойынша Проактивті қызметін пайдаланды және нұсқаулыққа сүйене отырып, ата-аналары толық циклден өтіп, СМС арқылы сұратылған қажетті мәліметті жолдайды, одан кейін оның  ұқсас нұсқадағы қалған мемлекеттік қызметтерді де алуына болады.     Әр перинаталдық және перзентхана үйлерінде бала тууды тіркеу бойынша проактивті қызмет алудың жаңа мүмкіндіктері туралы түсіндірмелік жұмыстар күнделікті жүргізіледі.         «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жұмыскерлерінің бірлескен жұмысының нәтижесінде, Жергілікті атқару органдарының жұмыскерлері және Денсаулық сақтау жұмыскерлері  осы қызметті әркімнің пайдалана алуы үшін және қызмет алу үшін уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретін және  өзінің Жанұясымен көбірек бірге болуға мүмкіндік беретін сервисті пайдалану артықшылығын бағалау үшін, Проактивті қызметті насихаттау жұмыстарын белсенді жүргізуде.


Вернуться назад

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 364.95
  • Euro 416.99
  • Рубль 5.55
Теміртау-2°C
    5 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 717мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 91%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ