ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Жаңалықтар

Қарағанды қаласында Цифрлық ХҚО ашылды

Бүгін Қарағанды қаласының тұрғындарына және қонақтарына өз есігін Цифрлық ХҚО ашты. Ол Республикада, Астана, Алматы, Шымкент, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Атырау, Талдықорған, Көкшетау және Тараз қалаларынан кейін он бірінші болды. «Азаматтарға арналған үкімет» облыстық филиалының директоры Тлеубай Құсайынов пен мемелекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа карсы қимыл Агенттігі Қарағанды облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Берік Ахметов ашылуына қатысты.

          Цифрлық ХҚО – бұл онлайн мемлекеттік қызметтерді алудағы фронт офистертердің жаңа нысаны. Тілеубай Құсайыновтың сөзіне қарағанда, азаматтар мұнда операторлардың көмегінсіз, қажет қызметтерін өздігінен ала алады.  Ол үшін өзіне өзі қызмет көрсету секторында, Электронды үкімет порталына қолжетімді компьютерлермен, принтер, сканермен жабдықталған 28 жұмыс орны бар.  Сондай-ақ жаңа ХҚОда ақпараттық анықтамаларды алу үшін 1 қоғамға қолжетімді пунктісі және онлайн бейне жүгіну кабинкасы орналасқан.

          Цифрлық ХҚОда, Қарағандылықтар және қала қонақтары электронды қызметтерден басқа, ЭСҚ ала алады. Сонымен қатар мұнда  біздің қызметкерлер азаматтарды мемлекеттік  қызметтерді өздігінен алуға оқыту үшін оқу залы орналасқан. Бүгінгі күнде цифрлық сауатын жоғарлату – мемлекеттік корпорацияның негізгі мақсаттарының бірі болып табылады» - деді Тілеубай Құсайынов

          Цифрлық ХҚО Қарағанды қаласы Жамбыл көшесі 2 үйде орналасқан. Жұмыс кестесі басқа фронт офистерден айырмашылығы болмайды, олар дүйсенбіден сенбіге дейін, сағат 9:00 ден 20:00ге дейін түскі асқа демалыссыз жұмыс жасайды.

 

 

 

 

 «Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы 

Қарағанды облысы бойынша филиалының

PR-менеджері: Данияр Махмут

тел: 8-708-108-29-14


Вернуться назад

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 378.93
  • Euro 423.00
  • Рубль 5.87
Теміртау22°C
    3 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 708мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 30%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ