ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Жаңалықтар

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Үш жыл ішінде Азаматтарға арналған үкіметтің Қарағанды облысында 8,5 миллион мемлекеттік қызмет көрсетті 

Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметіндегі брифинг барысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қарағанды облысы бойынша филиалының өкілдері мәлімдеді. 

Филиал директорының орынбасары Айдар Амантаевтың айтуынша, жыл өткен сайын Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтер саны азайып келеді. «2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2018 жылы көрсетілген қызмет саны 250 мыңға азайған. Аталмыш дерек Қарағанды облысы тұрғындарының электрондық үкімет порталын жиі қолдана бастағанын байқатады. Бұл таңданарлық жайт емес, өйткені бүгінгі күні барлық мемлекеттік қызметтің 67% egov.kz порталы арқылы қолжетімді», – дейді Айдар Амантаев. 

Айта кетейік, бірнеше жылдың ішінде электрондық үкімет порталында е-анықтама алудан басқа, автомобильді онлайн қайта тіркеу, жүргізуші куәлігін онлайн алу сияқты қызметтер пайда болды. Азаматтарға арналған үкіметтің бастамасымен үшінші тұлғаларға анықтама алуға мүмкіндік беретін «Рaper free» сервисі іске асырылды. Бұл ендігі жерде қазақстандықтардың мекенжай, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және жылжымайтын мүліктің бары/жоғы туралы анықтамаларды әртүрлі ұйымдарға қағаз түрінде ұсынбауға болатынын білдіреді.  Енді тиісті мекемелер қажетті мәліметтерді азаматтардың рұқсатымен электрондық үкімет порталы арқылы өз бетінше сұрата алады.

Үш жылдың ішінде филиалдың аймақтық бөлімшелері 800 мыңнан астам электрондық цифрлық қолтаңба берген.   

«Қазіргі кезде жастарымыздың ХҚО-ға бармай, қызметтерді электронды тәсілмен алуды құптайтынын көріп жүрміз. Цифрлық өзгерістердің көшіне ілесуді жөн көретін ұрпақ онлайн сервистерді таңдайды. Көбісі қызметтерді телеграмбот және mgov мобильдік қосымшасы арқылы алады. Жыл басынан бері психо-наркологиялық және туберкулез диспансерлерінің анықтамаларын телеграмбот арқылы алу мүмкіндігі пайда болды. Бұл өте ыңғайлы әрі уақытты үнемдейді. Ол үшін тек мобильді азаматтар базасына тіркелу жеткілікті», – деп жалғастырды сөзін Амантаев.

Бұл ретте, «Азаматтарға арналған үкімет» egov.kz порталы арқылы қызмет алуға  және ХҚО-ға баратын мүмкіндігі жоқ, шалғай ауылда тұратын азаматтарға көп көңіл бөліп келеді. Оларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін мобильді ХҚО айына екі рет барып тұрады. Бұл әдіспен Қарағанды облысының ауыл тұрғындарына үш жылдың ішінде 96 мыңнан аса қызмет көрсетілді.

Әлеуметтік қамсыздандыру бағыты бойынша облыста 336 мың мемлекеттік қызмет көрсетілген. Бұл жәрдемақылар мен төлемдерді, зейнетақыны есептеу және тағайындау жұмыстары. Сондай-ақ мемлекеттік корпорация жер кадастры бойынша монополиялық қызметтердің 26-сын және жерге орналастыру жұмыстарының 11 түрін көрсетеді. Аталған бағыттар бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижелерін филиалдың директор орынбасарлары Елена Шарафутдинова мен Руслан Жақыпов айтып берді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының үш жыл бұрын 4 РМК-ның біріктірілу нәтижесінде құрылғанын еске саламыз. Бұлар – «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы», «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы» және «Зейнетақы төлемі жөніндегі мемлекеттік орталық». Қазіргі кезде мемлекеттік корпорацияның Қарағанды облысының филиалында 31 фронт-офис жұмыс істейді.


Вернуться назад

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 378.93
  • Euro 423.00
  • Рубль 5.87
Теміртау22°C
    3 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 708мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 30%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ