ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Жаңалықтар

Арыста зардап шеккендерді құжаттандыру үшін мобильді ХҚО-лар ұйымдастырылды

24 маусымда Арыс қаласындағы әскери бөлімінің қару-жарақ қоймасында болған жарылыстан зардап шегіп, қаладан эвакуацияланған тұрғындар үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша филиалдарының қызметкерлері қызмет көрсетеді.

Мамандар зардап шеккендерге кеңес беріп, мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін қамтамасыз етіп, сондай-ақ жергілікті атқарушы билік органдарымен бірлесіп қаладан құтқарылған және эвакуациялау орындарына жеткізілген адамдардың тізімін жасақтауға жәрдемдесіп жатыр.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында ұйымдастырылған 15 және Түркістан облысының Ордабасы, Сарыағаш, Қазығұрт, Отырар, Шардара аудандары мен Арыс маңындағы ауылдары үшін 13 эвакуациялау орны жанынан арнайы ашылған пунктерде мемлекеттік корпорация қызметкерлері қажетті мемлекеттік қызметтерді көрсетіп жатыр, бұдан бөлек мобильді ХҚО жұмыс істейді.

Қызметкерлер зардап шеккендерге ақпараттық анықтамаларды алып беріп, құжаттарды қалпына келтіру бойынша қажетті қағаздарды әзірлеуде. Бұл ретте тұрғындарды құжаттандыру бойынша миграциялық қызмет басқармасымен жедел түрде ықпалдасу ұйымдастырылған.

Айта кетейік, мемлекеттік корпорацияның Арыс қаласындағы бөлімінің жұмысы тоқтатылған. Онда қызмет көрсететін 55 қызметкердің барлығы отбасыларымен бірге дер кезінде эвакуацияланып, қауіпсіз жерге орналастырылған.

 

  

Шымкент қаласында ұйымдастырылған эвакуациялау орындары жанынан құрылған пунктер тізімі:

 

  1. Жамбыл атындағы №26 мектеп, Зерделі к-сі, 1 б
  2. Б.Саттарханов атындағы спорт мектебі, Алпысбаев к-сі, 116
  3. Естуі нашар балаларға арналған мектеп-интернат, Аманжол к-сі, 63 в
  4. К.Қасымов атындағы №33 мектеп, Құрманбеков к-сі
  5. А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп, Мангелдин к-сі, 41
  6. №55 мектеп, «Тарлан» ш.а., Школьный өткелі, н/з
  7. №66 мектеп, «Қазығұрт» ш.а., Оңдасынов к-сі, н/з
  8. №53 мектеп, «Қызылжар» ш.а., Гагарин к-сі, н/з
  9. №54мектеп, «Ынтымақ» ш.а., Түркістан к-сі, н/з
  10. №60 мектеп, «Жиделі» ш.а.
  11. №61 мектеп, «Ақтас-1» ш.а.
  12. №56 мектеп, «Қатын көпір» ш.а., Ғафур Ғұлам к-сі, 37
  13.  №87 мектеп, «Самал-3» ш.а., Арғынбеков к-сі, 20-23а
  14. №118 мектеп, Тұрдалы к-сі, н/з
  15.  Индустриалды-техникалық колледж, Гагарин к-сі, 121


Вернуться назад

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 386.71
  • Euro 429.17
  • Рубль 6.02
Теміртау20°C
    3 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 715мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 34%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ