ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Жаңалықтар

Ә.Балташева: ХҚО-лардағы кезекті болдырмаудың баламасы бар

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева ХҚО-лардағы кезектің неліктен туындайтынын айтып, онда бармаудың балама жолына тоқталды. Бұл туралы басқарма төрайымы фейсбуктегі ресми парақшасында жазды.

            Әсемгүл Балташеваның айтуынша, фронт-офистердегі қызмет көрсету сапасына қатысты халықтың арыз-шағымы үнемі ескеріліп отырады,  корпорацияның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарына келіп түсетін өтініштер де бейжай қалмайды. Соңғы уақытта ХҚО-ларда үкен кезектің туындауы да азаматтарды мазалайтын көрінеді.  «Жаз маусымында халыққа қызмет көрсету орталықтарына баратын халықтың қарасы екі есе өседі. Бұл ең алдымен демалушылардың сапарға шығуға қажет құжаттарын жасатуымен байланысты. Ал кезекті демалысқа шыққан өзге азаматтар баспаналарының қағаздарын жасатып, тұрақты тіркеуге тұрып, көліктерін сатып, жаңасын алуымен байланысты», – дейді Ә.Балташева.

 Бұдан бөлек, ХҚО-ға келушілердің күрт өсуі мемлекетіміздің әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларға жәрдем беріп, олар үшін әлеуметтік бағдарламалар құрып, қолдау саясатын белсенді жүргізуімен де байланысты деп атап өтті басқарма төрайымы. Себебі жеңілдіктерді қарастыратын бағдарламаларға қатысу үшін бірқатар анықтама мен құжатты жинау керек. Бұл үшін де адамдар халыққа қызмет көрсету орталықтарына ағылады.

            Сондай-ақ басқарма төрайымы еліміздің барлық мамандандырылған ХҚО-ларында туындаған кезек мәселесіне де тоқталып өтті. Оның айтуынша, ҚР ІІМ-нің енгізген жаңашылдықтары 1 шілдеден бастап көлік иелерін әбігерге түсіріп, қызметтердің дер кезінде көрсетілуіне кедергі келтірді.  Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіндегі ақау кезектің туындауына алып келген. «Өз тарапымыздан бұл мәселені шешу үшін бірқатар шара қабылдап, «соңғы клиентке» дейін жұмыс істеп, құжатты қабылдаушы мамандардың санын арттырдық, сондай-ақ автоХҚО-дан қала бағытына жүретін тегін автобустар ұйымдастырдық. Бүгінде ондағы қызмет қалыпқа түсіп, жұмыс барысы реттелді»  – делінген басқарма төрайымының фейсбуктегі ресми парақшасында.

            Әсемгүл Серікқызы бұл ретте мемлекеттік қызметтердің 71 пайызының электрондық форматқа өткенін тілге тиек етіп, азаматтарды мемлекеттік қызметтерді ХҚО-ға бармай-ақ, онлайн түрде алуға шақырды.  Ол керекті анықтамалар мен құжаттарды egov.kz сияқты электронды портал, mgov.kz қосымшасы және телеграмдағы EgovKzBot арқылы онлайн алуға болады, ХҚО-сыз да құжаттарды алудың балама жолы бар дей келе, цифрлық жаңашылдықтарды пайдаланатын қазақстандықтардың санының артатынына үлкен сенімін білдірді.


Вернуться назад

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 386.04
  • Euro 427.77
  • Рубль 5.88
Теміртау19°C
    2 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 719мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 47%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ