ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Жаңалықтар

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы халыққа қызметті Қарағанды облысының аумағында орналасқан 32 фронт-офисте көрсетеді

Бәрімізге белгілі, Қарағанды облысы аумағы бойынша ең үлкен облыс болып саналады, мұның әр қаласында және аудан орталығында бөлімшелер жұмыс істейді, сондай-ақ қажет болған жерлерден, бұрынғы аудан орталықтарынан қосымша бөлімдер ашылған болатын.  

Айталық, мысалы, Қарағанды қаласында 6 ХҚО, Цифрлық ХҚО, Көші-қон ХҚО және автоиеленушілерге арналған мамандандырылған ХҚО  жұмыс істейді.  Қызмет алу үшін немесе өзінің проблемалық мәселесін шешу үшін ХҚО-ға күнде мыңдаған клиент жүгінеді. 

  Бүгінгі күні азаматтардың барлық тіршілік кезеңі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірге өтеді.  Туу туралы куәлік алу, жәрдемақы ресімдеу, бала бақшаға кезекке тұру, өзінің ең алғашқы төлқұжатын және жеке бас куәлігін алу сияқты барлық осы мәселелерді реттеуге біздің Филиалдың қызметкерлері көмектеседі. Филиал облыс тұрғындарына мемлекеттік қызметтер саласындағы жаңа енгізілімдерді тұрақты негізде таныстырып тұрады. Сөйтіп, 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері болашақ аналарға баланың тууын тіркеу бойынша проактивті қызметті қалай алуға болатынын белсенді түрде айтып, үйретуде.

Өмір белсенділігінің жоғарылауы себебінен қажетті қызметтерді жеделдетілген тәсілмен алу қажеттілігі туындауда. Өмірлік маңызды процестердің көпшілігін автоматтандыру мақсатында  EgovKzBot  Телеграм Бот іске қосылды. Осы мессенджердің көмегімен қазақстандықтар анықтаманың 15 түрін ала алады, сондай-ақ дәрігерге жазылу, жұмыс іздеуді жүзеге асыру сияқты сервистердің бірқатарын пайдалана алады және мұның бәрін үйден немесе офистен шықпай-ақ санаулы минуттарда-ақ ала алады.   

Мемлекеттік қызметтер саласын цифрландыру өте маңызды процесс болып табылады, себебі негізгі міндет қызметті электрондық нұсқада алу мүмкіндігін іске асыру болып табылады. Қазіргі кезде 532 мемқызмет электрондық нұсқаға ауыстырылған, бұл жалпы санның 71% құрайды. Осы жылдың аяғына қарай, бұл көрсеткішті 80% ұлғайту, ал 2020 жылдың аяғына қарай  – 90% жеткізу жоспарлануда. «Ал,  біз халыққа қызметті электрондық нұсқада алу мүмкіндіктеріне үйрете аламыз ба?» -деген сұрақты жиі естиміз.  Бұл бағыттағы жұмыстарды Филиал тұрақты негізде атқаруда. ХҚО келген әр адам міндетті түрде өзіне-өзі қызмет ету секторына тап болады,  мұндағы Филиал қызметкерлері  ЭЦҚ-ны қалай алуды, egov.kz порталынан авторизациядан қалай өтуді және клиентке қажетті қызметтің қай бөлімде болатынын есіне салады. Біздің мамандарға азаматтар қызметті порталдан тездетіп ресімдеп беруін жиі өтінеді, ал негізінде өзіне-өзі қызмет ету секторының басты міндеті қызмет алу дағдыларын клиенттің өз бетінше меңгеруі болып табылады. Электрондық үкімет порталын мемлекеттік қызметтер алу кезінде бірінші кезектегі алаң ретінде  жаппай насихаттау мақсатында, Филиал қызметкерлері жергілікті атқару органдарының қызметкерлерін тез үйрету үшін, қажетті қызметті кабинеттен шықпай-ақ egov.kz порталынан ресімдеу үшін,  оқыту семинарларымен шығып тұрады.           Қарағанды облысының филиалы 2017 жылы Қарағанды облысының білім беру басқармасымен, сегіз жоғары оқу орнымен меморандум жасай отырып,  электрондық үкімет порталындағы мемлекеттік қызметтерді алу дағдыларына оқушылар мен студенттерді оқыту бастамасымен шықты, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері бекітілген кестеге сәйкес, мектеп бітірушілер мен студенттерді ХҚО келмей-ақ қызметті қалай алуға болатынын сол жерге барып, оқытып жүр. Еgov.kz порталы арқылы қажетті қызметтер мен анықтамаларды алу мүмкіндіктері туралы жүргізілген түсіндірме жұмыстарына қарамастан, біз әр түрлі кезеңде клиенттердің қаптап кетуімен жиі ұшырасамыз. Бұл фактілер әртүрлі себептерге байланысты, мысалы айталық, жазғы кезеңде төлқұжаттарды ресімдеу үшін, ХҚО келетін халықтың легі ұлғаяды. Көптеген азаматтар, демалысқа шыға салысымен, өзінің құжаттарын ретке келтіруді бастайды. Жекелеген мембағдарламалардың түрлерін іске асыру себебінен, құжаттардың, анықтамалардың қажетті пакеті талап етіледі, ХҚО адамдар осылар үшін жүгінеді. Осы факторлардың барлығы маусымдық сипат алады.

Ең бастысы, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтардың таңдау құқығы барын атап кеткен жөн.  Бүгінде барлық мемқызметтің 71% қызмет алушылар ХҚО келмей-ақ ала алады, яғни egov.kz порталы,  EgovKzBot телеграм-бот немесе  m-gov мобильдік қосымшасы арқылы сұрау салуды ресімдей алады.                            

         Қызмет алу кезіндегі жаңашылдық азаматтар үшін қолайлы жағдай жасай алды – бұл,  істен қол үзбей отырып,  өз уақытын басқара білу және қызметті тез әрі сапалы алу  мүмкіндігі. Ең бастысы         – бұл ынталану, жаңаға үйренуге ынталану! Егер де Сіз мемлекеттік қызмет алуға өз уақытыңызды бөлгіңіз келмесе, біздің бөлімшеге келіңіз, біз Сізге egov.kz және EgovKzBot телеграм-бот арқылы қызмет алуды үйретеміз және Сіздің қалтаңызда өз ХҚО-ыңыз  болады!      


Вернуться назад

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 384.97
  • Euro 427.12
  • Рубль 6.04
Теміртау-3°C
    6 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 723мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 93%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ