ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Жаңалықтар

Ядролық жарылыс салдарынан зардап шеккен 3 мыңдай адамға өтемақы тағайындалды

29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні. Қазақстанда ядролық сынақтар 40 жыл бойы жүргізілді.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жыл басынан бері Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерге біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы бойынша 2924 төлем тағайындады. Зардап шеккендерге берілетін өтемақы мөлшері радиациялық қауіп аймақтарына қарай бөлінеді. 

Аталған біржолғы өтемақыны алу үшін сынақ салдарынан зардап шеккен аймақта тұрғандар тіркеуден өтіп, тиісті куәлік алуы тиіс. Бұл үшін мемлекеттік корпорацияның фронт-офисіне жүгіну қажет. Қызметті алу үшін азаматтар өтініш жазып, төл құжат көшірмесін, мекенжай анықтамасын, банктегі шотының нөмірін, сондай-ақ 1949-1990 жж. ядролық сынақтар өткен аймақта тұру фактісін растайтын құжаттарын өткізеді. 

Айта кетейік, 2019 жылдың алғашқы алты айында Семей полигонынан зардап шекті дегендерге 5,7 мың куәлік берілді.

 

 


Вернуться назад

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 386.71
  • Euro 429.17
  • Рубль 6.02
Теміртау20°C
    3 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 715мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 34%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ