ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Жаңалықтар

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар Комитеті төтенше жағдайлардың пайда болу қаупі туралы халықты шұғыл хабардар ету мақсатында «Darmen» мобильдік қосымшасын әзірленгенін хабарлаймыз

Қалалар мен аудандар әкімдеріне,

АҚ қызметінің бастықтарына,

ұйымдар басшыларына,

соның ішінде қоғамдық,

          әскери қолбасшылық  

          органдарына,

ҚР ІІМ ТЖК бөлімшелеріне

 

 

          ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар Комитеті төтенше жағдайлардың пайда болу қаупі туралы халықты шұғыл хабардар ету мақсатында «Darmen» мобильдік қосымшасын әзірленгенін хабарлаймыз.

Бұл қосымша дауылды ескерту, жолдардың жабылуы және ашылуы, қыста қауіпсіздік шаралары, су тасқыны, шомылу және өрт қаупі кезеңдері және т.б. жағдайлар туралы халықты жаппай және тиімді түрде хабардар ету үшін push-хабарламаларды пайдалануға мүмкіндік береді.

         «Darmen» мобильді қосымшасының басты артықшылығы - бұл пайдаланушыларға арналған тегін формат және бірнеше секунд ішінде барлық пайдаланушыларға жедел хабарлама жеткізу.

         «Darmen» қосымшасын Play Маркет және AppStore қосымшасы арқылы Android және iOS негізіндегі смартфондар мен планшеттердің барлық иелеріне жүктеуге болады.

            Жоғарыда айтылғандарға байланысты, ықтимал төтенше жағдайлар қаупі туралы халықтың барынша хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында Сізден «Darmen» мобильді қосымшасын пайдалануда, халықтың жаппай жиналатын орындарында (сауда орталықтары, Білім беру және спорт объектілері, базарлар, кинотеатрлар, емдеу мекемелері, ХҚО, банктер және т. б.) ақпараттық бейнероликтерді ротациялауда, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ((Facebook и Instagram және т.б.) теле және радио хабарларын таратуда қызметкерлер арасында, соның ішінде ведомстволық бағынысты ұйымдар мен олардың отбасы мүшелері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге көмек көрсетуді сұраймын

          

         Қосымша: ұялы қосымшаны орнату және қолдану бойынша нұсқаулық, аудио және бейнефайлдар.

                        

        

Бастық

азаматтық қорғау полковнигі                                                     И.Күлшімбаев


Вернуться назад

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 386.30
  • Euro 428.14
  • Рубль 6.08
Теміртау-1°C
    3 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 714мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 90%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ