ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Жаңалықтар

2020 жылдан бастап көпбалалы отбасыларына жәрдемақыны тағайындау

2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі ҚР Президентінің Жолдауының аясында көпбалалы отбасын қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы №63 «Балалы отбасыларға берілетін  мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңының (одан әрі-Заң)  «4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар барлық көпбалалы отбасыларға» (одан әрі-көпбалалы отбасыларға жәрдемақы) бөлігіне ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының  26.12.2019ж. №287-VI Заңымен өзгерістер енгізілді.

Балалар санына байланысты көпбалалы отбасына жәрдемақының дифференцияланған мөлшері Заңмен белгіленген:

  • 4 балаға-16,03 АЕК (42496 теңге);
  • 5 балаға-20,04 АЕК (53127 теңге);
  • 6 балаға-24,05 АЕК (63757 теңге);
  • 7 және одан көп балаға-28,06 АЕК (74388 теңге).

Көпбалалы отбасына жәрдемақы Мемлекеттік корпорацияға жәрдемақы тағайындауға жүгінген күннен бастап тағайындалады. Өтінішті берген күні жүгіну күні болып саналады.

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) жеке басты куәландыратын құжат – сәйкестендіру үшін.

Оралман мәртебесі бар адамдар көпбалалы отбасына жәрдемақы тағайындауға жүгінген жағдайда оралман куәлігін сәйкестендіру үшін ұсынады;

2) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері);

3) неке (ерлі-зайыптылық) қию, бұзу туралы куәлік – өтініш берушінің деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда;

4) балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер – балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленген немесе баланы асырап алған жағдайда;

 5) асырауындағы адам он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейін оқудың күндізгі нысанында білім алатын жағдайда жыл сайын берілетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнының жыл сайын беретін анықтамасы;

6) жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат − сәйкестендіру үшін.

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін баланың (балалардың) туу туралы куәлігі, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тіркелген неке (ерлі-зайыптылық) қию туралы мәліметтерді қоспағанда, неке (ерлі-зайыптылық) қию, бұзу туралы куәлік, балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгенін растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер, сондай-ақ білім беру мекемесінің күндізгі нысанында оқитындығы туралы мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуға сәйкес көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпарат расталған кезде талап етілмейді.

Өтініш беруші бірге тұратын балалардың көпбалалы отбасына жәрдемақы тағайындау туралы өтініште көрсете отырып, балалардың бірлескен тұрғылықты мекен-жайын растайды

Көпбалалы отбасыларға жәрдемақыны тағайындау барысында кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалар бірге тұру фактісіне қарамастан отбасы құрамында ескеріледі.

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы отбасының табыстарына қарамастан тағайындалады.

Көпбалалы отбасына жәрдемақыны тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету бөліміне жүгінуі қажет.

Қалалық және ұялы телефондардан 1411 бірыңғай қысқа нөміріне тегін қоңырау шала отырып, Сіз:

  • зейнетақымен қамсыздандыру;
  • әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру;
  • еңбек қатынастары;
  • халықты жұмыспен қамту;
  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға онлайн-психологиялық консультация беруге өтінімдер қабылдау мәселелері бойынша кеңес ала аласыз.

Бұдан басқа, Байланыс орталығына info@info.mintrud.kz электрондық почта және  www.info.mintrud.kz web-порталы арқылы жүгіне аласыз.

Әлеуметтік - еңбек саласында ақпараттық-консультациялық қызмет көрсету басқармасына (Байланыс орталығы) сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, күнделікті сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін жүгіне аласыз.


Вернуться назад

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 445.84
  • Euro 490.47
  • Рубль 5.73
Теміртау2°C
    4 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 725мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 68%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ