ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Жаңалықтар

«Азаматтарға арналған үкімет» жас түлектерді жұмысқа тартады

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мен С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев ғылыми зерттеу жобаларын жүргізу мен ЖОО түлектерін жұмыспен қамту аясында өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Мәміле екі тараптың бірлесіп топырақ және геоботаникалық зерттеу жасауына, өндірістік және ғылыми тәжірибе алмасуына,  жерге орналастыру, жер кадастры, геодезия және картография саласындағы бірлескен ғылыми жобаларды іске асыруға ықпал етеді. ЖОО мемлекеттік корпорацияның кәсіби қызмет бағытында жеткілікті практикалық тәжірибесі бар мамандарын оқытуға, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, емтихан комиссиясына тартуға мүдделі. Өз кезегінде Азаматтарға арналған үкімет  оқу орын студенттерін өндірістік практикадан өткізіп, әрі қарай жұмысқа қабылдауға дайын.

«Алпыс жылдам астам тарихы бар университеттің түлектері біздің корпорациямыздың құнды кадрларына айнала алады. Зейнеткерлікке шығып жатқан мамандарымыздың барын ескерсек, жерге орналастыру, жер кадастры сияқты мамандық иелері бізге өте қажет. Студенттерге тәжірибеден өтуге мүмкіндік беру арқылы, біз олардың қарымы мен білімін бағалап, өзімізге жұмысқа тұруға жағдай жасай аламыз», – дейді меморандумға қол қойған мемлекеттік корпорацияның басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева. 

Бүгінде мемлекеттік корпорацияда жерге орналастыру бағытында 3 мыңға жуық қызметкер еңбектенеді. Корпорациядағылардың айтуынша, аталмыш ынтымақтастық білім алушылардың жұмыспен қамту мәселесін шешуге, ал оқу орнының мамандарды нарық талаптарын ескере отырып дайындауға ықпал етеді.

 

 


Вернуться назад

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 432.55
  • Euro 470.83
  • Рубль 5.84
Теміртау5°C
    4 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 725мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 54%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ