ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Жаңалықтар

Қарағанды облысындағы коронавирустың жаңа жағдайлары туралы

Қарағанды облысында 10 сәуірде тағы төрт адамда зертханалық түрде COVID-19 расталды.

Қазір жұқтырғандар індетке қарсы қауіпсіздіктің қажетті шараларын сақтай отырып, бокстарға оқшауланып, емдеу курсынан өтуде. Жұқтырғандармен байланыста болған адамдар анықталуда, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекция жүргізіледі.

Қарағанды облысында коронавирустық инфекцияның зертханалық түрде расталған жалпы 61 жағдайы тіркелген.

Жақсы жаңалық та бар: COVID-19 бар екі пациентті реанимациядан палатаға ауыстырған. Дәрігерлер науқастардың жағдайының жақсарғанын атап өтіп, қарқынды терапия қажет емес деп санайды.

Үй карантинінде 1 200 адам бар. Тәулік бойы бақылауда-795 пациент. Бұл 1А және 1Б санатындағы елдерден (Италия, Франция, Испания, Иран, Германия, Үндістан, Таиланд, Малайзия, БАӘ, Шри-Ланка, Египет) оралған немесе жұқтырған адамдармен шартты түрде байланыста болған азаматтар.

Жұмысқа барлығы 690 медицина қызметкері тартылды. Стационарлардың барынша жүктелуі жағдайында қосымша тағы 1 125, сондай - ақ әскери лазареттерден 6 дәрігер мен 12 бірлік орта медициналық қызметкер, балалар санаторийлерінің жұмысын уақытша тоқтату есебінен 40 маман жұмылдырылатын болады.

Пневмония мен ЖРВИ күдігі бар науқастарды емдеу үшін пульмонологиялық госпитальдар ашылды. Вирустық инфекциямен ауыратын науқастарға мамандандырылған жедел жәрдем бригадалары қызмет көрсетеді. ЖРВИ-ның алғашқы белгілері пайда болған кезде бірден телефон арқылы учаскелік дәрігерге (емханаға келудің қажеті жоқ) немесе жедел жәрдемге қоңырау шалу қажет.

 


Вернуться назад

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 408.61
  • Euro 454.09
  • Рубль 5.86
Теміртау30°C
    7 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 712мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 21%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ