ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Жаңалықтар

01.04.2020ж. бастап зейнетақы мен жәрдемақының өсуі туралы

"2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап келесі көрсеткіштер бекітілді:

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК)- 2778  теңге мөлшерінде;

Ең төменгі зейнетақы мөлшері- 40 441 теңге;

Ең төменгі күнкөріс деңгейі (КД)-32 668  теңге;

Ең төменгі базалық зейнетақы төлемінің мөлшері- 17 641 теңге;

Ең төменгі жалақы мөлшері-42 500 теңге.

2020 жылдың 1 сәуіріне дейін тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы мөлшерлері 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап 7 %  өсті.

01.04.2020ж. бастап зейнетке шығатын азаматтар үшін жасына қарай жаңадан тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін кірістің ең жоғары мөлшері 46 еселенген АЕК (127 788 теңге) құрайды.

2020 жылғы 1 сәуірден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес КД жаңа мөлшеріне пайызбен белгіленеді.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшерлері, сонымен қатар медико-әлеуметтік мекемелерде  тұратын және түзету мекемелерінде тұратын тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы               №126 «Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Заңының 12, 16 баптарымен қарастырылған мөлшерде белгіленеді және 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап күнкөріс деңгейінің мөлшерінің жоғарлануына байланысты өседі.

АЕК мөлшерін ескере отырып белгіленген жәрдемақы мөлшері АЕК мөлшерінің ұлғаюына байланысты 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап өсті.

Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері, бірінші топтағы мүгедек балаға күтім жасайтын отбасыларға (адамдарға) 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап КД мөлшерінің жоғарлауына байланысты өседі.

Қазақстан Республикасы Президентінің «2020 жылға өзгертілген республикалық бюджет туралы» 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 299 Жарлығына сәйкес, әлеуметтік төлемнің ең төменгі мөлшері бар алушылар үшін бір жасқа толғанға дейін баланы күтуге байланысты табысынан айрылған кезде төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері, жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарнасының 10% ескере отырып, 2020 жылғы 1 сәуірден бастап:

 

- бірінші балаға-17 780 теңге;

- екінші балаға-21 021 теңге;

- үшінші балаға- 24 231 теңге;

- төрт және одан көп балаға-27 472 теңге.

 

Әлеуметтік - еңбек саласында ақпараттық-консультациялық қызмет көрсету басқармасына (Байланыс орталығы) сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, күнделікті сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүгіне аласыз. 

 

  • зейнетақымен қамсыздандыру;
  • әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру;
  • еңбек қатынастары;
  • халықты жұмыспен қамту;
  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға онлайн-психологиялық консультацияға өтінім қабылдау.

Бұдан басқа, Байланыс орталығына info@info.mintrud.kz электрондық почта және  www.info.mintrud.kz web-порталы арқылы жүгіне аласыз.

         

 


Вернуться назад

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 410.70
  • Euro 465.28
  • Рубль 5.80
Теміртау27°C
    4 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 710мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 46%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ