ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Қоғамдық тыңдаулар

Теміртау қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясында Теміртау қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау бойынша өткізілген көпшілік тыңдаулар қорытындысының хаттамасы

Теміртау қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясында Теміртау қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау бойынша өткізілген көпшілік тыңдаулар қорытындысының

хаттамасы

 

Теміртау қаласы                                                              2018 жылғы 18 қазан

сағат 15.00

Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университеті

 

Көпшілік  тыңдаулар ҚР Үкіметінің «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 2 тарауының 5 тармағы негізінде белгіленіп, тиісті аумақ халқының пікірі мәслихаттың тұрақты комиссияларының өткізілген көпшілік тыңдауларының негізінде ескеріліп, хаттамамен ресімделеді.

 

Көпшілік тыңдауды ұйымдастырушы: «Теміртау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ.

Көпшілік тыңдауларды өткізу туралы ресми жариялау: 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 38 «Вечерняя газета» газеті, Теміртау қаласы әкімдігінің www.temirtau-akimat.gov.kz/, Теміртау қалалық мәслихатының www.maslikhat.temirtau-akimat.gov.kz, «Теміртау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ www.kultura.temirtau-akimat.gov.kz интернет-ресурстары.

 

Көпшілік тыңдаулар: 2018 жылдың 18 қазанында өткізілді.

 

Тіркелген адамдардың саны: 284 адам.

 

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

Теміртау қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау туралы:

1) Республика даңғылының солтүстік-шығысына, Мичурин көшесінің оңтүстігіне  қарай  орналасқан атауы жоқ алаңға Астана атауын;

2) Республика даңғылының солтүстік-шығысына, Мичурин көшесінің оңтүстігіне қарай орналасқан атауы жоқ скверге Бірлік  атауын бері туралы;

3) Қарағанды шоссесі көшесін Қарағанды көшесі;

4) Нижняя көшесін Жұмабек Тәшенов көшесі;

5)    Степан Разин көшесін Сарыарқа  көшесі;

6)    Пионерская көшесін Евгений Брусиловский көшесі;

7)    Советская көшесін  Ынтымақ  көшесі деп қайта атау туралы.

 

 

         Тыңдалды:

  1. 1.     «Теміртау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы Гүлмира Серікқызы Олжабаева;
  2. 2.     1-ХҚКО басшысының орынбасары – Рамзат Хамзаұлы Иманбеков.

 

Теміртау қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау бойынша дауыс беру.

 

Көпшілік тыңдау барысында Республика даңғылының солтүстік-шығысына, Мичурин көшесінің оңтүстігіне қарай орналасқан атауы жоқ алаңға Астана  атауын  беру бойынша дауыс беру қорытындысы төмендегідей болды: «Қолдады» - 281 , «Қарсы» - 3, «Қалыс қалды» - 0.

ҚАУЛЫ ЕТТІ: қатысқан тұрғындардың басым бөлігі Республика даңғылының солтүстік-шығысына, Мичурин көшесінің оңтүстігіне қарай орналасқан атауы жоқ алаңға  Астана  атауын беру туралы ұсынысты қолдады.

 

Көпшілік тыңдау барысында Республика даңғылының солтүстік-шығысына, Мичурин көшесінің оңтүстігіне қарай орналасқан, атауы жоқ скверге Бірлік атауын беру бойынша дауыс беру қорытындысы төмендегідей болды: «Қолдады» - 281, «Қарсы» - 1, «Қалыс қалды» - 2.

ҚАУЛЫ ЕТТІ: қатысқан тұрғындардың басым бөлігі Республика даңғылының солтүстік-шығысына, Мичурин көшесінің оңтүстігіне қарай  орналасқан, атауы жоқ скверге Бірлік атауын беру туралы ұсынысты қолдады.

 

Көпшілік тыңдау барысында Қарағанды шоссесі көшесін Қарағанды көшесі деп қайта атау бойынша дауыс беру қорытындысы төмендегідей болды: «Қолдады» - 274, «Қарсы» - 10, «Қалыс қалды» - 0.

ҚАУЛЫ ЕТТІ: қатысқан тұрғындардың басым бөлігі Қарағанды шоссесі көшесін Қарағанды көшесі деп қайта атау туралы ұсынысты қолдады.

 

Көпшілік тыңдау барысында Нижняя көшесін Жұмабек Тәшенов көшесі деп қайта атау бойынша дауыс беру қорытындысы төмендегідей болды: «Қолдады» - 269 , «Қарсы» - 14, «Қалыс қалды» - 1.

ҚАУЛЫ ЕТТІ: қатысқан тұрғындардың басым бөлігі Нижняя көшесін  Жұмабек Тәшенов көшесі деп қайта атау туралы ұсынысты қолдады.

 

Көпшілік тыңдау барысында Степан Разин көшесін Сарыарқа көшесі деп қайта атау бойынша дауыс беру қорытындысы төмендегідей болды: «Қолдады» - 278, «Қарсы» - 5, «Қалыс қалды» - 1.

ҚАУЛЫ ЕТТІ: қатысқан тұрғындардың басым бөлігі Степан Разин көшесін Сарыарқа көшесі деп  қайта атау туралы ұсынысты қолдады.

 

Көпшілік тыңдау барысында Пионерская көшесін Евгений Брусиловский көшесі деп қайта атау бойынша дауыс беру қорытындысы төмендегідей болды: «Қолдады» - 260, «Қарсы» - 22, «Қалыс қалды» - 2.

ҚАУЛЫ ЕТТІ: қатысқан тұрғындардың басым бөлігі Пионерская көшесін Евгений Брусиловский көшесі деп қайта атау туралы ұсынысты қолдады.

 

Көпшілік тыңдау барысында Советская көшесін Ынтымақ көшесі деп қайта атау бойынша дауыс беру қорытындысы төмендегідей болды: «Қолдады» - 265, «Қарсы» - 14, «Қалыс қалды» - 5.

ҚАУЛЫ ЕТТІ: қатысқан тұрғындардың басым бөлігі Советская көшесін  Ынтымақ көшесі деп қайта атау туралы ұсынысты қолдады.

 

 

Заңдылық, әлеуметтік

қамтамасыз ету және

денсаулық сақтау мәселелері

жөніндегі тұрақты

комиссиясының төрағасы                                                        Ю.Сәрсенбаева

 

Бюджет, өнеркәсіп және

кәсіпкерлік сұрақтары

бойынша тұрақты комиссия

төрағасы                                                                                          Б.Қонақаева

 

Коммуналдық шаруашылы,

көлік және құрылыс мәселелері

жөніндегі тұрақты комиссия

төрағасы                                                                                                Ф.Валеев

 

Жастар ісі, білім беру,

мәдениет және спорт

жөніндегі тұрақты

комиссияның төрағасы                                                                В.Дроздецкий

 

 

 


Вернуться назад

Жаңартылған: 09.04.2019 10:54
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 386.04
  • Euro 427.77
  • Рубль 5.88
Теміртау19°C
    2 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 719мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 47%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ