ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

«Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығын

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 1125 Жарлығы

"Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 550-551 (26394); "Казахстанская правда" от 28.12.2010 г., № 354 (26415)


      Қаулы етемiн:
      1. «Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай мерзiмде өз актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Қазақстан Республикасының
      Президентi Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы   
Президентiнiң       
2010 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1125 Жарлығына қосымша 
Қазақстан Республикасы   
Президентiнiң      
2010 жылғы 19 наурыздағы 
№ 954 Жарлығымен     
бекiтiлген        
Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары
қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi
1. Жалпы ережелер
      1. Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалаудың осы жүйесi (бұдан әрi – Жүйе) орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi – бағаланушы мемлекеттiк органдар) қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында әзiрлендi.
      2. Жүйе бағалауға жататын мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалаудың негiзгi ережелерiн, принциптерiн, бағыттарын белгiлейдi, органдар жүйесiн және жүргiзу, анықтау және оларға шағымдау тәртiбiн айқындайды (бұдан әрi – тиiмдiлiктi бағалау).
      3. Мемлекеттiк орган қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалаудың мақсаты оларға жүктелген мiндеттер мен функциялардың iске асырылу тиiмдiлiгiн айқындау болып табылады.
      4. Тиiмдiктi бағалау үшiн ақпарат көздерi болып табылатындар:
      1) мемлекеттiк органдардың есептi кезеңде жүргiзген қызметi туралы есебi;
      2) Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi және бағалау жүргiзуге уәкiлеттi органдар жүргiзген тексерулер нәтижелерi;
      3) Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң актiлерi мен тапсырмаларының орындалуын бақылау нәтижелерi;
      4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесi Басшысының актiлерi мен тапсырмаларының орындалуын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесi бақылауының нәтижелерi;
      5) мемлекеттiк органдардың бақылау актiлерi;
      6) ресми статистикалық мәлiметтер;
      7) тәуелсiз сарапшылар қорытындылары;
      8) тиiмдiлiктi бағалаудың белгiлi бiр бағыты бойынша әлеуметтiк зерттеулердiң нәтижелерi;
      9) тиiмдiлiктi жалпы бағалауды дайындау барысындағы үкiметтiк емес ұйымдардың (қоғамдық бiрлестiктердiң) ақпараты.
      5. Тиiмдiлiктi бағалауды осы Жүйенiң 10-тармағында айқындалған бағалау жүргiзуге уәкiлеттi мемлекеттiк органдар (бұдан әрi – бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар) жүргiзедi.
      6. Тиiмдiлiктi бағалау жыл сайын бағалау жүргiзу кестесiне сәйкес есептi (күнтiзбелiк) жылдың қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
      7. Тиiмдiлiктi бағалау жүргiзу кестесi:
      1) Бағаланушы мемлекеттiк органдардың тиiстi бағыттар бойынша бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға есептi жылдың қорытындылары бойынша есептi ақпаратын;
      2) бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға (бұдан әрi – мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган) бағалаудың нәтижелерi туралы қорытындысын;
      3) мемлекеттiк жоспарлау бойынша уәкiлеттi органның Сараптамалық комиссияға бағыттар бойынша жалпы бағалау нәтижелерi туралы қорытындысын;
      4) Сараптамалық комиссияның Қазақстан Республикасының Президентiне тиiмдiлiктi бағалау нәтижелерiн ұсыну мерзiмдерiн қамтиды.
      8. Тиiмдiлiктi бағалау жүргiзу кестесiн мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган әзiрлейдi және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi бекiтедi.
2. Тиiмдiлiктi бағалау қағидаттары
      9. Тиiмдiлiктi бағалау қағидаттары:
      1) заңдылық қағидаты – тиiмдiлiктi бағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына қатаң сәйкестiкте жүргiзу;
      2) әдiлдiк қағидаты – жан-жақты және толық тәуелсiз бағалау жүргiзу, мүдделер қақтығысын болдырмау;
      3) дәйектiлiк қағидаты – тиiмдiлiктi бағалаудың нәтижелерiн тиiстi құжаттармен растау;
      4) ашықтық қағидаты – ақпарат көздерiнiң шығу тарихын тексеру мүмкiндiгi;
      5) жариялылық қағидаты – құпиялылық режимiн және қызметтiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғауды қамтамасыз етудi ескере отырып, тиiмдiлiктi бағалаудың нәтижелерiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау болып табылады.
3. Тиiмдiлiктi бағалау органдарының жүйесi
      10. Тиiмдiлiктi бағалау органдарының жүйесiн бағалауға уәкiлеттi мынадай мемлекеттiк органдар:
      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi;
      2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi;
      3) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган;
      4) мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган;
      5) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган (бұдан әрi - бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган);
      6) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган құрайды.
      11. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Жүйенiң 16-тармағында көрсетiлген бағыттарға сәйкес бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар беретiн қорытындылар негiзiнде бағаланушы мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн жалпы бағалауды жүзеге асырады.
      12. Бағыттар бойынша тиiмдiлiктi жалпы бағалау нәтижелерi туралы сараптамалық қорытынды қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының шешiмiмен Президент Әкiмшiлiгi мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң лауазымды тұлғалары қатарынан Сараптама комиссиясы құрылады. Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы сонымен қатар Сараптама комиссиясының жұмыс органын айқындайды.
      13. Сараптама комиссиясы өз қызметiнде Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының бұйрығымен бекiтiлетiн Ереженi басшылыққа алады.
      14. Президент Әкiмшiлiгiн және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiн қоспағанда, бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың қызметiн әдiснамалық үйлестiрудi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      15. Өздерiне қатысты тиiмдiлiктi бағалау жүргiзiлетiн орталық мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi атқарушы органдарды Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.
4. Тиiмдiлiктi бағалау бағыттары
      16. Тиiмдiлiктi бағалау бағаланушы мемлекеттiк органдар қызметiнiң мынадай бағыттары бойынша жүзеге асырылады:
      1) қадағаланатын аяда/салада/өңiрде стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және iске асыру;
      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң актiлерi мен тапсырмаларын орындау;
      3) бюджет қаражатын басқару;
      4) мемлекеттiк қызметтер көрсету;
      5) персоналды басқару;
      6) ақпараттық технологияларды қолдану.
      17. Осы Жүйенiң 16-тармағында көрсетiлген қызметтiң әрбiр бағыты бойынша бағалауға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдар оларда мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау өлшемдерi мен көрсеткiштерi айқындалатын Сараптама комиссиясымен келiсiлген тиiстi әдiстемелердi әзiрлейдi және бекiтедi.
      18. Мынадай ережелер тиiмдiлiк өлшемдерi мен көрсеткiштерiне қойылатын мiндеттi талаптар болып табылады:
      1) өлшемдер мен көрсеткiштер ресми статистикалық деректерге, мемлекеттiк органдардың деректерi мен басқа да ресми ақпаратқа негiзделуi тиiс;
      2) шығыс ақпаратты жинақтау және өңдеу тәсiлi алынған деректердiң дәлдiгiн тексеру мүмкiндiгiне жол беруi тиiс;
      3) көрсеткiштi айқындау оны бағалайтын да, сондай-ақ бағаланатын мемлекеттiк органның да, бiр мәндi түсiнуiн қамтамасыз етуi тиiс;
      4) қажеттi деректердi алу мүмкiндiгiнше аз уақыт және ресурстар шығындарымен жүргiзiлуi тиiс;
      5) өлшемдер мен көрсеткiштер деректердi үздiксiз жинақтау қажеттiлiгiн және жеке кезеңдер үшiн олардың салыстырмалығын қамтамасыз ету қажеттiлiгiн ескере отырып айқындаған жөн;
      6) өлшемдер мен көрсеткiштер мемлекеттiк органның барлық қызметiн қамтуы және барлық мемлекеттiк функциялардың сапалы орындалуына бағытталуы тиiс.
      19. Тиiмдiлiктiң өлшемдерi мен көрсеткiштерi ретiнде халықаралық тәжiрибеде қолданылатын өлшемдер мен көрсеткiштер пайдаланылуы мүмкiн.
      20. Өлшемдер мен көрсеткiштер нақты мемлекеттiк органның тiкелей қызметiн көрсетуi тиiс.
4.1. Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi стратегиялық
мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және iске асыру
тиiмдiлiгiн бағалау
      21. Осы аталған бағыт бойынша бағалау бағаланатын мемлекеттiк органдардың қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi тиiмдiлiгiн айқындау мақсатында жүргiзiледi.
      22. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымына кiретiн орталық атқарушы органдарды және жергiлiктi атқарушы органдарды, осы бағыт бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бағалайды.
      23. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның осы бағыт бойынша тиiмдiлiгiн бағалауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi жүзеге асырады.
      24. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн орталық мемлекеттiк органдарды осы бағыт бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi бағалайды.
      25. Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және iске асыру тиiмдiлiгiн бағалау жөнiндегi әдiстеменi әзiрлеудi және бекiтудi және оны әдiснамалық сүйемелдеудi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
4.2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан
Республикасы Мемлекеттiк хатшысының, Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң,
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң актiлерi мен
тапсырмаларын орындау сапасын бағалау
      26. Осы бағыт бойынша бағалау Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң актiлерi мен тапсырмаларының сапасын, толықтығы мен орындалу уақтылығын айқындау мақсатында жүргiзiледi.
      27. Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң актiлерi мен тапсырмаларын орындау сапасын бағалауды Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi жүзеге асырады.
      28. Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң актiлерi мен тапсырмаларын орындау сапасын бағалауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi жүзеге асырады.
      29. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң актiлерi мен тапсырмаларын орындау сапасын бағалау әдiстемесiн әзiрлеудi және бекiтудi және оны әдiснамалық сүйемелдеудi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiмен бiрлесе отырып жүзеге асырады.
4.3. Бюджет қаражатын басқару тиiмдiлiгiн бағалау
      30. Осы аталған бағыт бойынша бағалау бюджет қаражатын пайдаланудың нәтижелiлiгi мен тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету шараларының тиiмдiлiгiн айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
      31. Осы бағыт бойынша тиiмдiлiктi бағалауды бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      32. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органды осы бағыт бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi бағалайды.
      33. Бюджет қаражатын басқару тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн әзiрлеу мен бекiтудi және оны әдiснамалық сүйемелдеудi бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
4.4. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау
      34. Осы бағыт бойынша бағалау жеке және заңды тұлғаларды қолжетiмдi және сапалы мемлекеттiк қызметтермен қамтамасыз ету шараларының тиiмдiлiгiн айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
      35. Осы бағыт бойынша тиiмдiлiктi бағалауды мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      36. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органды осы бағыт бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi бағалайды.
      37. Электрондық форматта мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалауды ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      38. Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк қызметтердi электрондық форматта көрсетуiн бағалауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi жүзеге асырады.
      39. Электрондық форматта мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау нәтижелерi туралы қорытынды мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органға енгiзiледi.
      40. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау әдiстемесiн әзiрлеу мен бекiтудi және оны әдiснамалық сүйемелдеудi мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп жүзеге асырады.
      41. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүзеге асыру мақсатында қосымша әлеуметтiк зерттеулер жүргiзiлуi мүмкiн.
4.5. Персоналды басқару тиiмдiлiгiн бағалау
      42. Осы бағыт бойынша бағалау мемлекеттiк органда персоналды басқару шараларының тиiмдiлiгiн айқындау мақсатында жүргiзiледi.
      43. Осы бағыт бойынша тиiмдiлiктi бағалауды мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      44. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органды осы бағыт бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi бағалайды.
      45. Персоналды басқаруды бағалау әдiстемесiн әзiрлеу мен бекiтудi және оны әдiснамалық сүйемелдеудi мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
4.6. Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау
      46. Осы бағыт бойынша бағалау үрдiстердi оңтайландыру және мемлекеттiк органдар қызметiнiң ашықтығын арттыру үшiн мемлекеттiк органдардың ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн айқындау мақсатында жүргiзiледi.
      47. Осы бағыт бойынша тиiмдiлiктi бағалауды ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      48. Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органды осы бағыт бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi бағалайды.
      49. Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн әзiрлеу мен бекiтудi және оны әдiснамалық сүйемелдеудi ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
5. Бағаланатын мемлекеттiк органдардың тиiмдiлiгiне
бағалау жүргiзу тәртiбi
      50. Бағаланатын мемлекеттiк органдар жыл сайын бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға бағалау жүргiзу кестесiне сәйкес өткен жылдың қорытындылары бойынша есептiк ақпарат тапсырады.
      51. Бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар бағаланатын мемлекеттiк органдардың есептiк ақпараттарындағы деректердi қайта тексеру бойынша кешендi ұйымдастыру шараларын қабылдауға мiндеттi.
      52. Бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар тиiмдiлiктi бағалаған кезде есептi кезеңдегi басқа да бақылау органдарының тексеру нәтижелерiн есепке алады.
      53. Бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар бағаланатын және басқа да мемлекеттiк органдардан қажеттi құжаттарды және қызмет бағыты бойынша тиiмдiлiктi бағалауға қатысты мәселелер бойынша ақпараттарды, қызметтiк немесе басқа да заңмен қорғалатын құпияларды құпиялық тәртiбiн сақтай отырып өздерi белгiлеген тәртiп бойынша сұратуға және алуға құқылы.
      54. Бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар бағалау үрдiсiнде алынған мәлiметтердiң сақталуына және құпиялығына жауап бередi.
      55. Бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар бағалау жүргiзу кестесiне сәйкес мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға тиiстi бағыттар бойынша қорытындыларын ұсынады.
      56. Қызмет бағыттары бойынша тиiмдiлiктi бағалау нәтижелерi туралы қорытындылар бағалау туралы қорытынды есептен, бағаланатын мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру бойынша тұжырымдары мен ұсыныстарынан тұруы тиiс.
      57. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн жалпы бағалауды қалыптастыру кезiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiпте коммерциялық емес негiзде үкiметтiк емес ұйымдарды (қоғамдық бiрлестiктердi) және тәуелсiз сарапшыларды тартуға құқылы.
      58. Бағалау жүргiзу кестесiне сәйкес мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бағыттары бойынша тиiмдiлiктi жалпы бағалау нәтижелерiн бағаланатын мемлекеттiк органдарды бiр мезгiлде ақпараттандыра отырып Сараптамалық комиссияға енгiзедi.
      59. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган мен Сараптамалық комиссияға ұсынылатын бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар қорытындыларының форматтарын Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң келiсiмi бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды.
      60. Сараптамалық комиссия мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның қорытындысы негiзiнде тиiмдiлiктi жалпы бағалаудың нәтижелерi Қазақстан Республикасының Президентiне енгiзiледi.
      61. Жалпы бағалаудың нәтижелерi мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстарымен мемлекеттiк органдардың басшыларына тиiстi шаралар қолдануы үшiн жiберiледi.
      62. Бағалау қорытындылары бойынша нәтижелердi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бұқаралық ақпарат құралдарында құпиялылық режимiн және қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғауды қамтамасыз етудi ескере отырып жариялайды.
6. Бағалау нәтижелерiне шағымдану тәртiбi
      63. Бағаланушы мемлекеттiк орган тиiмдiлiктi бағалау нәтижелерiн алған кезден бастап жүргiзiлген бағалау нәтижелерiмен келiспеген жағдайда бес жұмыс күнi iшiнде сараптау комиссиясының жұмыс органына дәлелдеушi құжаттармен бiрге шағымдану негiздемелерiн ұсынады.
      64. Сараптау комиссиясының жұмыс органы шағымдану негiздемелерi келiп түскен жағдайда бес жұмыс күнi iшiнде бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға қайта тексеруге жiбередi.
      65. Дәлелдеушi құжаттары жоқ шағымдар келiп түскен жағдайда сараптау комиссиясының жұмыс органы оларды ақпарат ретiнде бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiбередi. Бағаланушы мемлекеттiк органдарға қайта тексерудiң орынсыз екендiгi жөнiнде жауап жолдайды.
      66. Бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдарда нәтижелердi қайта тексеру үшiн бағалаудың объективтiлiгi мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрамына мемлекеттiк органдарды бағалауға қатысқан қызметкерлер кiруге болмайтын арнайы комиссиялар қалыптастырылады.
      67. Бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар 30 күнтiзбелiк күн iшiнде қайта тексеру нәтижелерi бойынша шағымдарды қабылдау немесе қабылдамау туралы негiзделген қорытындыларын Сараптама комиссиясының жұмыс органына және бағалауға жататын мемлекеттiк органдарға жiбередi.
      68. Бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар шағымдарды қабылдаған жағдайда тиiмдiлiктi бағалау нәтижелерi туралы қорытындыларға тиiстi түзетулер енгiзедi.
      69. Сараптау комиссиясының жұмыс органы бағалаудың жеке нәтижелерiне егер бағалау барысында бағалаудың соңғы нәтижесiне әсер еткен бұзушылықтар айқындалған жағдайда уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мамандарын тарта отырып қайта тексеру жүргiзуге өз бетiмен бастамашылық етуге құқылы.
7. Бағалауға қатысушылардың жауаптылығы
      70. Осы Жарлық ережелерiнiң уақтылы және сапалы орындалуына саяси мемлекеттiк қызметшiлер дербес жауап бередi.
      71. Бағалануға жататын мемлекеттiк органдардың саяси мемлекеттiк қызметшiлерi есептi кезеңге берiлетiн есептердiң және олардың қызметiн регламенттейтiн құжаттардың дұрыстығына, толықтығына және уақытында берiлуiне дербес жауап бередi.
      72. Тиiмдiлiкке бағалау жүргiзуге жауапты мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi, мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi, бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi, ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органдардың саяси мемлекеттiк қызметшiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары тиiмдiлiктi бағалау нәтижелерiнiң бекiтiлген әдiстемелерге сәйкес келуiне дербес жауап бередi.
      73. Бағалауға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар бағалау жүргiзу барысында алынған мәлiметтердi жария еткенi үшiн олардың саяси мемлекеттiк қызметшiлерi дербес жауап бередi.
      74. Осы Жарлықтың бұзылуы айқындалған жағдайда Сараптау комиссиясының жұмыс органының тиiстi лауазымды тұлғалардың жауаптылығы туралы ұсыныс енгiзу құқығы бар.


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 324.27
  • Euro 398.27
  • Рубль 5.73
Теміртау-13°C
    5 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 726мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 80%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ