ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесін бекіту туралы

Теміртау қалалық мәслихатының 6.04.2014 ж. № 27/6 шешімі

Қазақстан Республикасы әділет министрлігі
Қарағанды облысы әділет департаменті
2014 жылғы «6» наурыздағы нормативтік құқықтық акт нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2579 нөмірімен тіркелген

Теміртау қаласы мен Ақтау
кенті  тұрғындарына тұрғын
үй көмегін көрсету тәртібі мен
мөлшері туралы ережесін бекіту
туралы

         Қазақстан  Республикасының  1997  жылғы  16  сәуірдегі  «Тұрғын  үй қатынастары  туралы»  Заңының, Қазақстан  Республикасының  2004 жылғы  5  шілдедегі  «Байланыс  туралы»  Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын  үй  көмегін  көрсету  ережесін бекіту  туралы»  қаулысының, Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2009 жылғы  14  сәуірдегі  № 512 «Әлеуметтік  тұрғыдан  қорғалатын  азаматтарға телекоммуникация  қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысының негізінде, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесі бекітілсін (қосымша).
2. Теміртау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 15/4 «Теміртау қаласы мен Ақтау кенті  тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік  тіркеу Тізілімінде № 2334 болып тіркелген, «Новый Теміртау» газетінің 2013 жылдың 31 мамырдағы № 21 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы
И.Сиверский

Мәслихат хатшысы
В.Свиридов

КЕЛІСІЛДІ
«Теміртау қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
жетекшісі Ю.Ким


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 326.17
  • Euro 401.25
  • Рубль 5.31
Теміртау17°C
    6 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 713мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 42%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ