ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Теміртау қаласы әкімінің, кәсіподақтар (қызметкерлер) бірлестіктерінің, қалалық жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер қауымдастықтарының арасындағы 2015 – 2017 жылдарға арналған ҚАЛАЛЫҚ КЕЛІСІМ

Біз, қалалық атқарушы билік органдарының, қалалықжұмысшылар бірлестіктерінің, қаланың кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер қауымдастықтарының (бұдан әрі – Тараптар) өкілетті өкілдері:

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік серіктестік туралы» Заңы негізінде әрекет ете отырып,

·                         Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау;

·                         атқарушы билік органдарының, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі, өзара сыйластығы мен олардың мүдделерін білдіруде ымыраға барынша қол жеткізу;

·                         «Қазақстан - 2050» стратегиясын іске асырудағы ынтымақты жауапкершілік және оның жер-жерлерде нақты жүзеге асырылуына ықпал ету;

·                         лайықты еңбек ету үшін жағдайларды қамтамасыз ету ісінде сындарлы өзара іс-қимыл, қызметкерлер мен жұмыс берушілердің әлеуметтік- экономикалық мүдделері, қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау қағидаттарын басшылыққа ала отырып,

2015-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізу барысында әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің негізгі бағыттары бойынша Тараптардың келісілген ұстанымдарын және оны іске асырудың бірлескен іс-қимылдарын айқындайтын 2015-2017 жылдарға арналған осы Қалалық келісім (бұдан әрі - Келісім) жасалды.

 

I. Экономикалық саясат

 

Тараптар алдағы кезеңде мемлекетіміздің экономикалық саясаты ұлттық экономиканың тұрақтылығын, әлеуметтік дамуды және инвестициялардың адам капиталына өсуін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс деп есептейді.

Экономикалық саясат «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыруға бағытталуы тиіс. Осы мерзім ішінде қаланың экономикасын өсірудің негізгі факторларына ішкі сұраныстың өсуі, экспорт үшін сыртқы жағдайларды жақсарту, инвестицияларды арттыру, сондай‑ақ еуразиялық экономикалық бірлесудің кеңеюі айналады.

Осыған байланысты Тараптар өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

1.1.       Белгіленген тәртіпте Теміртау өндірушілерін қолдау бойынша жұмысты жалғастыру. Еркін кәсіпкерлік пен бәсекелестік, меншік құқығын қорғау үшін жағдайларды жасау бойынша іс‑шаралар қабылдау.

1.2.     Мыналарды:

·                         «Қазақстан-2050» стратегиясын;

·                          Үдемелі   индустриялық-инновациялық        даму жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны;

·                         Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын;

·                         Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын;

·                         2020 жылға дейінгі Аумақтың даму бағдарламасын;

·                         Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын;

·                         «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын;

·                         «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыруға бағытталған бірлескен іс- шараларды жүзеге асыру.

1.3.            Өндірістің жаңа әдістерін, менеджмент жүйесін, жаңа технологиялар мен техникаларды, еңбекақыны арттыру арқылы өндірісті және еңбек сапасын арттыру.

1.4.            Экономикалық өсуге және мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттік параметрлерді қалыптастыруға, бюджеттік қаражаттарды тиімділігін арттыруға жәрдемдесу.

1.5.            Теміртау қаласындағы шағын және орташа кәсіпкерлікті дамыту бойынша шаралар қабылдау.

 

 

II. Халықтың тиімді жұмыспен камтылуына

және адам капиталының дамуына жәрдемдесу

 

Тараптар адам әлеуетін оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәнінде дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауды және лайықты еңбек үшін жағдайларды арттыру, жемісті жұмыспен қамтылуға қол жеткізу міндеттерін шешуде жауапкершілікті бөлу қажет деп есептейді.

Бүл үдерістер халықты жұмыспен қамту және еңбек ресурстарын дамыту саласында әлеуметтік әріптестердің тиімді өзара іс-қимылымен ұстануы тиіс.

Осы мақсаттарда Тараптар өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

Төмендегі іс-шараларды іске асыруды:

        2.1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаланың өндірістік әлеуетін сақтау, жұмыс орындарының санын қысқартуды болдырмау мақсатында қала аумағында орналасқан кәсіпорындары мен ұйымдарды тарату, қайта құру және өзгерту.

2.2. 50 жастан асқан азаматтарға қайта даярлау, біліктілігін мен мобильдігін арттыру бағдарламаларын енгізу.

2.3. Жұмыстан босатылған жұмысшыларды ұйымдарға жұмысқа орналасуға көмек көрсету, қажет болған жағдайда ұйымның қажеттілігін ескере отырып кәсіби оқытуды және қайта оқытуды ұйымдастыру.

2.4. Ағымдағы бос жұмыс орындары және болжамды жұмыс орындарының жалпыұлттық мәліметтер базасын қалыптастыруға қатысу.

2.5. 2020 жылға дейінгі аумақтың даму бағдарламасы шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға, жастар практикасына жіберілген азаматтарға мемлекеттік қолдауды көрсету.

2.6. Салалық және өңірлік келісімдерде, ұжымдық шарттарда                             50 жастан асқан адамдарға лайықты еңбек жағдайларын жасау және жұмыс орындарын сақтау жөніндегі ережелерді қарастыру.

2.7. Экономиканың даму басымдықтарын ескере отырып, еңбек ресурстарының, кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау сапасын арттыруға бағытталған шараларды, оның ішінде:

·                         техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту, оның материалдық-техникалық базасын дамыту және экономиканың инновациялық даму қажеттілігіне қарай техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін бейімдеу;

·                         өңірлік индустрияландыру карталарына байланысты дуальді білім беруді енгізу;

·                         ұйым қызметкерлерін ішкі өндірістік оқытуды дамыту, сондай-ақ жұмыстан босатылатын қызметкерлерді алдын ала кәсіптік оқыту; 

·                         халыққа кәсіптік бағдар беру, оның ішінде мектеп оқушыларының кәсіптік бағдарлау жүйесін дамыту.

 

Тараптар бұл ретте мыналар қажет деп есептейді:

 

2.8. Қысқартулар туындаған жағдайларда еңбек нарығындағы шиеленісті төмендетуге бағытталған шаралар қолдану.

2.9. Бұқаралық жұмыстан босату жағдайында кәсіподақтарды, еңбек заңнамасына сәйкес жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша уәкілетті органдарда хабарландыру және жұмыстан босатылатын жұмысшылардың санын азайтуға бағытталған шараларды жасау (жұмысқа қабылдауды тоқтата тұру, толық емес жұмыс күніне ауыстыру және т.б.).

2.10. Экономикаға қайта құрылымдау жүргізгенде, жұмыспен қамту құрылымының түр-түрін көбейткен кезде халықты жұмыспен қамтуды қолдау тетіктерін жетілдіру.

2.11. Жұмысынан айырылған немесе толық емес жұмыспен қамтылған жағдайда азаматтарды қолдау және материалдық кепілдік беру жолдарын жетілдіру. 

2.12. Бұқаралық ақпарат құралдары қатысуымен еңбек нарқының жағдайы, жұмысқа орналасу және кәсіби оқыту туралы халықты хабарландыру бойынша бұқаралық шараларды (бос жұмыс орындарының жәрменкесі) есепке алғанды ақпараттық-түсіндіру кампанияларды, науқандарды ұйымдастыру.

2.13.  Ұжымдық келісім-шарттарда жедел әскери қызметтен өтілген және бұрын осы кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыс істеген тұлғалар үшін жұмыс орындарын сақтап қалу бойынша кепілдіктер ескертілсін.

 

 

III.    Еңбек өнімділігі, тұрғындардың еңбекақысы,

табысы және өмір сүру деңгейі

 

Тараптар алдағы кезеңде қызметкердің лайықты еңбекке құқығын, жалақысының деңгейін арттыруды, табыс саясатын жетілдіру және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру қажет деп есептейді.

Осы мақсаттарда Тараптар еңбекті ұйымдастыруға және жалақыны жетілдіруге, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, экономиканы тұрақты дамыту мақсатында еңбек өнімділігін арттыруға ықпал ететін болады.

 

Тараптар өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

3.1.                Жұмысшыларға еңбекақыны уақытылы төлеуді қамтамасыз ету.

Еңбекақы және жұмысшылардың демалыстарына төленетін ақылар бойынша қарыздарды болдырмау.

3.2.                Еңбекақының мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген ең төменгі  мөлшерден төмен емес болып анықталсын.

3.3.                Жасалған келісімдер мен ұжымдық шарттар арқала жұмысшылардың лайықты еңбек етуіне және еңбекақыға, сондай-ақ Қазақстан  Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен тиісті мерзімге белгіленген инфляция деңгейінен шыға отырып, оның индексациясына қол жеткізу.

3.4.                Кәсіпорындарда еңбекті нормалаудың тиімді жүйесін енгізуді қамтамасыз  ету.

3.5.                Халықтың табысының серпінділігімен, тарифтердің өсуі халықтың өмір деңгейіне әлеуметтік салдары теріс әсер ету деңгейін азайта отырып,  тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге және қоғамдық көлікке жол жүру тарифтерін реттеуге өлшемді тәсілдемені жүзеге асыру.

3.6.                Еңбекақы және жинақтау зейнетақы  қорына жұмысшылардың міндетті зейнетақы жарналары, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік жарналар бойынша қарыздарды болдырмау.

3.7.           Ұқсас жұмыстарды орындау кезінде және бірдей біліктілікке сәйкес келетін шетелдік және отандық қызметкерлер арасындағы еңбекақы төлеу саласында кемсітушілікке жол бермеу.

3.8.           Әлеуметтік шиеленістерге және еңбек жанжалдарының туындау қатерлеріне, еңбек заңнамасы нормаларының сақталуына тұрақты негізде мониторинг жүргізу және жарты жылда бір рет мониторингтің нәтижелерін Комиссия отырыстарында қарау.

3.9.           Азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделін енгізуге ықпал ету.

 

 

IV. Әлеуметтік камсыздандыру және қорғау, халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік ықпалдастыру

 

Әлеуметтік саланы жаңарту және халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту, әлеуметтік қамсыздандырудың тиімді және тұрақты жүйесін дамыту, жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында

 

Тараптар өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

4.1. Халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қолдау жүйесінің тиімді іске асыру бойынша шараларды жүзеге асыруға қатысу.

4.2. Жұмыс берушілер өтінген түлектерді жұмысқа орналастыру, оқуды бітірген соң жас мамандарға нақты кәсіпорында нақты мамандық бойынша жұмыс орындарын ұсыну ісінде кәсіби оқу орындарымен және өзара тығыз іс-қимыл жасау.

4.3. Жұмыс істейтін халыққа әлеуметтік қатер туындаған жағдайда   әлеуметтік қорғауды:

1) қызметкерлерді өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру;

2) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдерді уақтылы әрі толық төлеуді қамтамасыз ету арқылы қамтамасыз ету.

4.4. Тегін медициналық көмектің мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз  етуге бағытталган шараларды іске асыру.

4.5. Орташа айлық еңбекакысын және жұмыс орнын сақтау, медициналық қарау құнын төлеуде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес кезеңдік медициналық қараудан міндетті түрде өтуге жұмыскерлерді кепілдікпен қамтамасыз  ету.

4.6. Жергілікті келісімдер және кәсіпорындар мен ұйымдарда ұжымдық шарттар жасаған кезде денсаулықты сақтау, сондай-ақ жұмыс істейтіндерді сауықтыру, дене тәрбиесімен және спортпен айналысуына жағдай жасау үшін жұмыс беруші мен қызметкердің жауапкершілігін күшейту жөніндегі шараларды көздеу.  

4.7. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласында жастардың әлеуметтік кұқықтарын қамтамасыз етуге, жастардың әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін өздігінен іске асыру үшін жағдай жасауға, жастардың қоғамдық оң бастамаларын ынталандыруға бағытталған іс‑шараларды жүргізуге қатысу.

4.8.  Қазақстан Республикасында гендерлік теңдікті сақтау бойынша:

1) ана мен баланы қорғауды қамтамасыз етуге;

2) әйелдерді әлеуметтік қолдауға;

3) балалардың күтімімен және олардың тәрбиесімен тең құқықтар негізінде айналысатын ерлер мен әйелдерді қолдауға бағытталған шараларды жүзеге асыру.

4.9. Қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарында мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға арналған жұмыс орындарының квотасын бөлуді қарастыру.

4.10. Меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындарда оқу орындары түлектерін жұмысқа орналастыру үшін квоталар енгізу.

4.11. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық  мерейтойы  қарсаңында, Тараптар, ҰОС  ардагерлер мен  қатысушыларына, соларға теңестірілген адамдар қатарындағы бұрынғы қызметкерлерге  2015 жылдың ішінде әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөнінде өздеріне  міндеттеме  қабылдайды.

 

V. Еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау,

өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік

 

 

Адам ресурстарын сақтауды ұлттық басымдықтардың бірі екенін ескере отырып, еңбек жағдайларын және еңбекті қорғауды, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті жақсарту мәселелерін қарап,

 

Тараптар міндеттеледі:

 

5.1.               Кәсіптік қатерлер мен еңбекті қорғауды басқарудың кешенді әдістерін басқару жүйесін енгізу, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, қауіпсіз техника және технологияларды енгізу мақсатында еңбек жағдайлары сараптамасының рөлін арттыру бойынша жұмыстар жүргізу.

5.2.           Еңбекті қорғауға, өндірістік жарақаттарды және кәсіптік ауруларды төмендетуге және экологиялық қауіпсіздікке бағытталған мәселелерді қарастыру.

5.3.          Өндірістік жарақаттану салдарынан өлім-жітімді азайту және кәсіптік аурулардың туындауының алдын алуға бағытталған еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту шаралары туралы жұмысқа орналасқан жұмысшыларды хабардар ету.

5.4.          Еңбек жағдайын қорғау, өндірістік жарақатты және кәсіби ауруларды және экологиялық қауіпсіздікті сақтау бойынша оқытуға бағытталған іс-шараларды жүргізу.

5.5.          Қала кәсіпорындарында еңбек жағдайлары мен оны қорғаудың жай- күйіне мониторинг жүргізу.

5.6.          Ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) қауіпті және басқа ерекше еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлердің міндетті алдын ала (жұмысқа орналасатын кезде) және мерзімді медициналық тексерістерден өтуін қамтамасыз ету.

5.7.             Балалар еңбегінің ең нашар түрлерін тиімді жоюға бағытталған ұлттық саясатты сақтауға және оны іске асыру.

5.8.          Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру.

5.9.          Ұйымдар мен кәсіпорындарда Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау комитеттерін (комиссияларын) құру кезінде олардың құрамына тепе‑теңдік негізде кәсіподақ өкілдерін қосу.

5.10.      Халықаралық еңбек ұйымының жұмыс орындарында аурудың алдын алу бойынша АИТВ/ЖИТС және еңбек саласы туралы (№ 200) ұсынымдарын ілгерілету бойынша шаралар қабылдау.

5.11.        Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлар оларға жүктелген міндеттерді орындау үшін оларға айына кем дегенде бір ақылы күнді қамтамасыз ету.

 

 

VІ. Әлеуметтік әріптестікті дамыту

және әлеуметтік жауапкершілік

 

Әлеуметтік және экономикалық даму, еңбек қатынастарын реттеудің негізгі мәселелері бойынша шешімдер кабылдаған кезде әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамытуды, оның мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалану мақсатында

 

Тараптар өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

6.1.              Тараптардың мүдделерін келісудегі Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үш жақты комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) рөлін арттыруға бағытталган шараларды іске асыру және:

·                         облыстық және қалалық үшжақты келісімдер мен Комиссияның шешімдерін міндетті түрде орындау;

·                         ұйымдарда әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуде ұжымдық-келісім практикасын дамыту;

·                         уәкілетті мемлекеттік органдардың қарауына әлеуметтік және еңбек қатынастары саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді даярлау бойынша ұсыныстар енгізуде Комиссияның қатысуына қатысты Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің нормаларын орындау;

·                         ұжымдық шарттар мен келісімдердің орындалмағаны үшін жауапкершілікті арттыру.

6.2. Мынадай іс-шараларды жүзеге асыру:

1) ұжымдық еңбек дауларын шешуге ат салысу және оларды тоқтату шараларды қабылдау;

2) ұжымдық еңбек дауларын реттеуге қатысу. Жұмысшылар мен жұмыс берушілердің еңбек дауларын сотқа дейін шешуге қатысуды қолданысқа енгізу;

3) шағын және орташа бизнес ұйымдарындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуде ұжымдық-келісім практикасын дамыту.

6.3. Барлық деңгейдегі өкілдері ұжымдық шарттарды даярлау мен жасау бойынша келіссөздерді жүргізсін және жәрдемдессін.

6.4. Жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу бойынша қалыптасқан практикасын зерттеу және еңбек дауларын жою, қолданыстағы және жаңа механизімдердің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды даярлау.

6.5. Тараптар өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

1) еңбек заңнамасы негіздерін түсіндіру бойынша бірлескен семинарлар, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек дауларында ымыраға қол жеткізу жөнінде бірлескен оқыту тренингтерін  өткізу;

2) әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында пайда болған ұжымдық еңбек шараларын реттеу бойынша шаралар қабылдау;

3) Халықаралық еңбек ұйымының «Қауымдастықтардың бостандығы және ұйымдастыру құқығын қорғау туралы» № 87, «Кәсіпорындардағы еңбекшілер өкілдерінің құқықтарын қорғау және оларға берілетін мүмкіндіктер туралы» № 135 Қазақстанмен ратефикацияланған конвенцияларына сәйкес ұйымдарда қызметкерлер өкілдерінің еркін қызметі үшін жағдай жасауға ықпал ету;

4) қаланың кәсіпкерлері мен жұмыс берушілері арасында  бизнестің әлеуметтік корпоративтік жауапкершілігін насихаттау және дамыту, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсына белсенді түрде қатысу;

5) қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған шараларды күшейту;

6) БАҚ-пен бизнестің әлеуметтік инвестицияларына және табысты әлеуметтік әріптестік үлгілеріне қатысты қоғамдық пікірді қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;

7) ұйымдар мен кәсіпорындарда Қазақстан Республикасында Лайықты еңбек Ұлттық бағдарламасын іске асыруға бағытталған шараларды қабылдау.

6.6. Заңнамалық және жалпы танылған халықаралық нормалар мен кәсіподақтар бірлестіктері және жұмыс берушілер бірлестіктері бір-бірінің қызметіне араласпау туралы қағидаларды сақтау, кәсіподақтар мен жұмыс берушілер ұйымдарын құруға және жұмыс істеуіне кедергі келтірмеу.

 

VII. Келісімнің  қолданылуы және оның орындалуын бақылау

 

Тараптардың осы Келісімнің ережелерін орындауын үйлестіру мақсатында Тараптар төмендегі туралы келісті:

 

7.1. Тараптар Келісімді қаланың 2015 − 2017 жылдарға арналған келісілген әлеуметтік-экономикалық саясат жүргізу жөніндегі басым бағыттар мен қажетті іс-қимылдарды белгілейтін, әлеуметтік әріптестіктің негізгі құжаты деп таниды.

7.2. Тараптардың бірінің ұсынысы бойынша Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Өзгерістер мен толықтырулар жеке хаттамалармен ресімделеді және қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

7.3. Тараптардың Келісім бойынша міндеттемелері мен ҚҮК ұсыныстары (шешімдері) ұжымдық шарттарды жасау барысында ескерілуі тиіс.

7.4. Осы Келісімнің қолдану кезеңінде және міндеттемелерін орындаған жағдайда Келісімге қол қойған қызметкерлердің қалалық бірлестіктері наразылық акцияларын өткізбейді.

7.5. Тараптар нақты орындау мерзімі мен орындауға жауаптыларды көрсете отырып, қабылданған міндеттемелерді іске асыру жөніндегі іс- шаралар жоспарын әзірлейді.

7.6. ҚҮК ұсыныстары (шешімдері) осы Келісімді іске асыру нысаны болып табылады.

7.7. Келесі жылдарға арналған қалалық Келісім 2018 жылдың ақпан-наурыз айларынан кешіктірілмей жасалады.

7.8. Жұмыс берушілер мен қызметкерлердің бірлестіктері ұжымдық шарттар жасауды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды тиісті жылдың наурыз‑сәуір айларынан кешіктірмей қабылдайтын болады.

7.9. Осы Келісімнің орындалу барысын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үш жақты комиссия туралы ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

7.10. ҚҮК жұмыс тобы Келісімнің орындалу барысы туралы ақпарат әзірлейді. Комиссия әр жарты жыл сайын Келісім ережелерінің орындалу барысын қарайды.

7.11. Комиссияның шешімдері осы Келісімді іске асыру нысаны болып табылады.

7.12. Комиссияның қызметін және Келісімнің іске асырылу барысын жариялау мақсатында Тараптар қалада әлеуметтік әріптестікті дамыту және әлеуметтік-еңбек қатынастары проблемаларына арналған материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарына ұдайы жариялап отыруды қамтамасыз  етеді.

7.13. Осы келісім 2015-2017 жылдарға жасалды және 2018 жылдың наурыз айынан кешіктірмей жаңа Келісім жасағанға дейін әрекет етеді.

7.14. Келісімнің мәтіні екі апта мерзімде «Новый Темиртау» газетінде жарияланады. Тараптармен корпоративтік және ведомстволық БАҚ.

7.15.  Теміртау қаласында  2015 жылғы «____» наурызда 4 данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды. Қол қоюға қатысушылардың әрқайсысында Келісімнің бір-бір данасы бар.

 

Осы Келісімге қол қойғандар:

 

Атқарушы билік органдар атынан:

 

Теміртау қаласының әкімі

 

 

 

Н. Сұлтанов

 

Қала кәсіподақтары бірлестіктері атынан:

 

Теміртау қаласы

Кәсіподақтарының үйлестіруші кеңесінің төрағасы

                                    

 

 

 

 

 

В.Дубин

Теміртау қаласының жұмыс берушілерінің атынан:

 

Теміртау қаласының жұмыс берушілер өкілі

 

Теміртау қаласы бойынша

кәсіпкерлер палатасы

 

 

 

 

 

 

Д.Павлов

 

 

В.Быков

 

 

 

 

 

 


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 325.79
  • Euro 402.94
  • Рубль 5.33
Теміртау15°C
    8 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 716мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 37%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ