ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Теміртау қаласында жолаушыларды және багажды қалалық автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифті көтеру туралы

Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің қаулысы
2011 жылғы  6 қазандағы № 39/1

 

Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 маусымдағы №22/1 қаулысымен күшін жойды

 

Теміртау қаласы әділет басқармасында 2011 жылы 31 қазанда
8-3-125 нөмірімен тіркелген

 

Теміртау  қаласында  жолаушыларды
және багажды қалалық автомобильмен
тұрақты тасымалдауға тарифті көтеру
туралы

Қазақстан  Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі  туралы»   Заңының  19 - бабына  сәйкес,     Қазақстан   Республикасының

2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 - баптарын басшылыққа ала отырып, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

           1. Теміртау қаласында жолаушыларды және багажды автомобильмен  тұрақты  тасымалдау  бірыңғай  тарифі елу теңге көлемінде белгіленсін.

           2. «Теміртау қаласының тұрғын үй - коммуналдық  шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Алтынбек Атабекұлы Есмұрзаев осы қаулыны орындау бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында белгіленген  тәртіпте іс-әрекет жасасын.

           3. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Гүлмира Нұрмұқанқызы Күсеноваға   жүктелсін.

           4.  Осы қаулы оны бірінші ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі Н.Сұлтанов

КЕЛІСІЛДІ

Теміртау қалалық 

мәслихатының  хатшысы

                         А.Аркатов

6 қазан 2011 жыл


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 325.79
  • Euro 402.94
  • Рубль 5.33
Теміртау15°C
    8 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 716мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 37%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ