ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 49/1 қаулысы

Қарағанды облысы әділет департаментінде 2013 жылғы 9 қаңтарда  №2096 болып тіркелген

2016 жылғы 2 маусымдағы №22/3 әкімдік қаулысымен күшін жойды

Нысаналы топтарға жататын
тұлғалардың қосымша тізбесін
белгілеу туралы

Еңбек нарығындағы жағдайға қарай, халықты әлеуметтік қорғау бойынша шараларды кеңейту мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7-баптарына сәйкес Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
еңбек нарығында қажеті болмай қалған және ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін тұлғалар;
жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
қайта некеге тұрмаған және кәмелетке толмаған бала тәрбиелейтін (жесір, неке бұзған) әйелдер.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасарыШолпан Мұхитқызы Мырзақасымоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Теміртау қаласының әкімі
Н. Сұлтанов


Жаңартылған: 24.10.2016 10:34
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 341.08
  • Euro 394.46
  • Рубль 5.37
Теміртау15°C
    3 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 714мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 48%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ