ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Теміртау қаласы әкімінің, кәсіподақтар (қызметкерлер) бірлестіктерінің, жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер қауымдастықтарының арасындағы 2015 – 2017 жылдарға арналған келісім талаптарына толықтырулар енгізу туралы шешім

Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша қалалық үшжақты комиссия

 

№1 Хаттама

2015 жылғы 21 мамыр                                                           Теміртау қаласы

 

Теміртау қаласы әкімінің, кәсіподақтар (қызметкерлер) бірлестіктерінің, жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер қауымдастықтарының арасындағы 2015 – 2017 жылдарға арналған келісім талаптарына толықтырулар енгізу туралы шешім

 

Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша республикалық  үшжақты комиссия отырысының  2015 жылғы 16 және 24 ақпандағы және әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша облыстық үшжақты комиссия отырысының 2015 жылғы 31 наурыздағы Хаттамаларына сәйкес әкімдіктерге өндірістік-еңбек қатынастарда тұрақтылықты, еңбек құқықтарын қорғауды және жұмысшыларды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету бойынша келісімге өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар берілген.

Осыған орай әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша қалалық үшжақты комисс иясы  шешім етті:

1. Теміртау қаласы әкімінің, кәсіподақтар (қызметкерлер) бірлестіктерінің, жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер қауымдастықтарының арасындағы 2015 – 2017 жылдарға арналған келісім:

 «Халықтың тиімді жұмыспен камтылуына және адам капиталының дамуына жәрдемдесу» ІІ-тарауы келесі мазмұндағы 2.8-тармағымен   толықтырылсын:

2.8. Тараптар өндірістік-еңбек қатынастарда тұрақтылықты, еңбек құқықтарын қорғауды және жұмысшыларды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдауға міндеттеледі.

2. Комиссияның жұмыс тобы осы шешімді «Құрыш қала KZ» газетінде жарияласын және осы шешім Теміртау қаласы әкімдігінің сайтында және «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сайтында орналастырсын.

3. Шешімді орындауға бақылау жасау жұмыс тобына және комиссияның үйлестірушісі Н.О. Нелюбинаға жүктелсін.

 

Тараптар:

Үшжақты комиссияның төрағасы

Қала кәсіподақтарының Үйлестіруші кеңесі

Қала  жұмыс берушілерінің  өкілі

В.Костюшин

В.Дубин

Д. Павлов

 

Теміртау қаласының  кәсіпкерлер палатасы

В.Быков

 


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 325.20
  • Euro 397.13
  • Рубль 5.74
Теміртау-16°C
    2 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 725мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 76%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ