ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
2018 жылғы 23 тамыздағы № 36/2 ҚАУЛЫСЫ
Қарағанды облысы әділет басқармасында 2018 жылы 14 қыркүйекте
№ 4942 тіркелді
ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың
25 қыркүйегінде жарияланды. ҚР НҚА мемлекеттік тізіліміндегі нөмірі 124639.
«Отан-Заман» республикалық апталық қоғамдық-саяси газетінің 2018 жылғы
26 қыркүйегіндегі № 36 (80) санында жарияланды.
Мүгедектердің құқықтарын
іске асыру және қорғаудың
кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 «Автомобиль көлiгiмен мүгедектердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлiгiмен мүгедектердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларының 31-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген) сәйкес Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Теміртау қаласы аумағында инватакси қызметін алушылар ретінде келесі мүгедектер санатына кеңейтілсін:
1) қозғалысында қиындық көретін 16 жасқа дейінгі мүгедек-балалар;
2) аяқтарында ампутация тұқылдары бар 2 топ мүгедектері;
3) жүріс арба көмегімен жүретін 2 топ мүгедектері.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Дәурен Жағыпарұлы Есімхановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Ғ. Әшімов