ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

 

ЖОБА

 

Нысаналы топтарға жататын
тұлғалардың қосымша тізбесін
белгілеу туралы

 

Еңбек нарығындағы жағдайға байланысты, халықты әлеуметтік қорғау шараларын кеңейту мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы      23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына,Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7-баптарына сәйкес Теміртау қаласының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:

еңбек нарығында қажеті болмай қалған және ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін тұлғалар;

жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

жұмысқа тұруда қиыншылық көретін 45 жастан асқан әйелдер;

қайта некеге тұрмаған және кәмелетке толмаған бала тәрбиелейтін (жесір, неке бұзған) әйелдер.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Шолпан Мұхитқызы Мырзақасымоваға жүктелсін.

3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Теміртау қаласының әкімі                                                                  Н. Сұлтанов


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 370.04
  • Euro 420.99
  • Рубль 5.58
Теміртау-17°C
    3 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 725мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 93%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ