ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Теміртау қаласында жолаушыларды және багажды қалалық автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифті көтеру туралы. Жоба

ЖОБА

ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫ


Теміртау қаласында жолаушыларды
және багажды қалалық автомобильмен
тұрақты тасымалдауға тарифті көтеру
туралы


Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19 – бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 – баптарын басшылыққа ала отырып Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Теміртау қаласында жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифі жетпіс теңге көлемінде белгіленсін.
2. «Теміртау қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  басшысы Татьяна Михайловна Акулова Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында белгіленген тәртіпте осы қаулыны орындау бойынша шаралар жүргізсін.
3. Теміртау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 6 қазандағы № 39/1 «Теміртау қаласында жолаушыларды және багажды қалалық автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифті көтеру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-3-125 болып тіркелген, 2011 жылғы                          2 қарашадағы «Теміртау» газетінің № 44 жарияланған) қаулысының  күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Атабекұлы Есмұрзаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі          Н.Сұлтанов

 

КЕЛІСІЛДІ
Теміртау қалалық мәслихатының
хатшысы
_______________ В. Свиридов


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 325.20
  • Euro 397.13
  • Рубль 5.74
Теміртау-16°C
    2 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 725мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 76%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ