ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Жер салығының ставкасына түзету коэффициенттерімен салық салу мақсаты үшін жерлерді аймақтандыру сызбасын бекіту туралы. Жоба

жоба

 

Азаматтардың жекелеген
санаттары үшін жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабы 5-5), 5-6) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІҢ:
1. Барлық меншік түріндегі ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар, қылмыстық-атқару     инспекциясы    пробация    қызметінің   есебінде    тұрған   адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына жыл сайынғы квота белгілесін.
2. Теміртау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 19 мамырдағы №20/1 «Интернат ұйымдарының жасы кәмелетке толмаған түлектерін және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысы күші жойды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8-3-119 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 маусымдағы №25 «Новый Теміртау» газетінде жарияланған).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Шолпан Мұхитқызы Мырзақасымоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі  Н. Сұлтанов

Қосымша


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 325.20
  • Euro 397.13
  • Рубль 5.74
Теміртау-16°C
    2 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 725мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 76%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ