ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Теміртау қаласы әкімі аппаратында 2010 жылы құжаттармен, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу жағдайы туралы

                      Теміртау қаласы әкімі аппаратында  2010 жылы    құжаттармен,  жеке    және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу жағдайы туралы

2010 жылы әкім аппаратына 4178 қызметтік құжаттар келіп түсті, оның ішінде жоғары тұрған мемлекеттік органдардан - 3421 құжат. 2065 құжаттың орындалу барысы бақыланды. Шығыс құжаттар саны - 1585.
Теміртау қаласы әкімдігі, әкімімен 1536 құқықтық акт қабылданды, оның ішінде жерді пайдалану мәселесі бойынша - 697, құрылыс және қайта жаңарту мәселесі бойынша - 121, қамқорлық, қорғаншылық мәселелері бойынша - 161, тұрғын үй-коммуналдық мәселелері бойынша - 83. Теміртау қаласының әділет басқармасымен  11 нормативтік- құқықтық актілер тіркелді.
Теміртау қаласы әкім аппаратына 2010 жылы жеке  тұлғалардан 3764,    заңды тұлғалардан 1368 жазбаша өтініш түсті (2009 жылы - 3931 және 1201 өтініш түскен болатын). Оның ішінде: арыз - 3, өтініш - 5242, сұраным - 328, құжат көшірмесі - 56, қайталанып түскен өтініштер - 9.
Жоғары тұрған мемлекеттік органдардан қарау үшін әкім  аппаратына  159 өтініш келіп түсті, оның ішінде облыс әкімінің аппаратынан - 149, Тәртіптік Кеңестен - 4, қалалық прокуратураддан - 4.
Әкім аппаратына келіп түскен өтініштердің көбі:
- жерді пайдалану мәселелеріне қатысты - 2090 (2009 жылы - 2280) немесе бұл келіп түскен барлық өтініштердің 37,5%-і. Оның ішінде қанағаттандырылғаны -  700, бұл өтініштердің 33,5%-і. 241 өтініш иесіне жер беруден бас тартылды, бұл өтініштердің 11,5%-ін құрайды, өтініш иелерінен қайтадан келіп   түскен өтініш негізінде 1085 өтініш немесе  51,9 % бақылаудан алынды.  Бас тартудың негізгі себептері қаулының жобасын дайындауға қажетті құжаттарды заңнамаларда белгіленген уақытта өткізбеу болып табылады.
Тұрғын үйді есепке алу және беру  мәселелері бойынша 1137 өтініш түсті, бұл өтініштердің 20,6%-і (2009 жылы- 1056).
Коммуналдық мәселелер жөнінде 558 өтініш қаралды (2009 жылы - 246).
Тұрғын үйді жекешелендіру мәселесі жөнінде 347 өтініш түсті (2009 жылы - 394).
Жұмыспен қамту, әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері жөнінде - 191 өтініш қаралды (2009 жылы - 118).
Құрылыс және объектілерді қайта жаңарту мәселелері жөнінде - 154 өтініш түсті (2009 жылы- 106).
Алкоголь өнімдерін сатуға лицензия беру жөнінде - 46 өтініш қаралды (2009 жылы-86).
Көліктердің жұмысы туралы - 41өтініш түсті (2009 жылы-20).
Білім беру  мәселері жөнінде - 20 өтініш қаралды (2009 жылы- 23).
2010 жылы Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерден түскен 18 өтініш қаралды, мүгедектерден түскен 69 өтініш тұрғын үй және коммуналдық мәселелер жөнінде болды.
Келіп түскен құжаттардың 1009-ы қанағаттандырылды, заңнамаға сәйкес 2016 өтініш иесіне түсініктемелер берілді,, 271 өтініш қанағаттандырылмады, 2291 өтініш қарау үшін бағыныстағы және басқа да органдарға жіберілді.
Барлық өтініштер заңнамаларда белгіленген мерзімде қаралды.
Әкімдік басшылығы жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерін жеке  мәселелер бойынша апта сайын белгіленген кестеге сәйкес қабылдайды. Кесте тоқсан сайын «Зеркало», «Теміртау» газеттерінде жарияланады және қала әкімінің  сайтында орналастырылған.
Өткен жылы қала әкімі мен оның орынбасарлары жеке мәселелер бойынша 439 адамды қабылдады.
Облыс әкімінің блогына түскен 103 өтініш қаралып, жауап берілді.
Барлық мемлекеттік органдарда жергілікті атқару органдарының жұмысы туралы өтінім, ұсыныстарға, лауазымды тұлғалардың іс-қимылына арыздануға арналған жәшік қойылған.
2010 жылдың сәуірінен  желтоқсанына дейін мемлекеттік мекемелердің басшылары және мамандарымен бірге 35 Ашық есіктер күні өткізілді, тұрғындар қойған 74 сұраққа түсіндіктемелер берілді.
Қарағанды облысының «электрондық әкімдігін» құру бағдарламасын орындау үшін жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын барлық мемлекеттік мекемелерде электрондық  құжат айналымы жүйесі енгізілген.
Халықтың мемлекеттік және басқа да ақпараттық ресурстарға теңқұқылы қолжеткізуін қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік органдардың интернет ресурстарына тегін кіру мүмкіндігі үшін қаланың аумағы мен Ақтау кентінің  көпшілік орындарында 8 қолжетімділік пункттері орналыстырылып, жұмыс  істеп тұр: халыққа қызмет көрсету орталықтарында - 3, кітапханаларда - 2, ЗТМО бөлімшесінде - 1, жол полициясы бөлімінде - 1. Қала әкімі аппаратының  ғимаратындағы қоғамдық қолжетімділік пунктін  Салық басқармасына көшіру мәселесі қаралу үстінде.

«Теміртау қаласы әкімінің аппарты»
мемлекеттік мекемесінің
құжаттамалық қамтамасыз ету
бөлімінің бастығы И.Иванова

 

 

 


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 325.79
  • Euro 402.94
  • Рубль 5.33
Теміртау15°C
    8 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 716мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 37%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ