ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Теміртау қаласы әкімі аппаратында 2013 жылдың 1-жартыжылдығында құжаттармен, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу жағдайы туралы ақпарат

Теміртау қаласы әкімі аппаратында  2013  жылдың
1-жартыжылдығында  құжаттармен,  жеке  және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу жағдайы туралы ақпарат


Қала әкімі аппаратына 2013 жылдың 1-жартыжылдығында 2868 қызметтік құжат келіп түсті (2012 жылдың 1-жартыжылдығында – 2242, келіп түскен құжаттар саны 626-ға өсті немесе 28%), оның ішінде жоғары тұрған органдардан – 2321 (2012 жылдың 1-жартыжылдығында – 1764, 557-ге өсті)  құжат.
Электрондық құжат айналымы жүйесі бойынша  (электрондық түрде) 2162 құжат  қабылданды немесе 75,4 (2012 жылдың 1-жартыжылдығында - 818, немесе 36,5 %).
Қала әкімі 2577 құжатты қарап, тапсырмалар берді,
қала әкімінің орынбасары Г.Н.Күсенова 992 құжатты (немесе құжаттардың жалпы санының 32,4%-ы),
қала әкімнің орынбасары С.Н.Тымченко - 824 құжатты (немесе 26,9%),
қала әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ш.М.Мырзақасымова -732 құжатты (24%),
әкім аппаратының басшысы С.Г.Көшімбаев 511 құжатты (16,7%) қарады.
Шығыс құжаттар саны – 763, 2012 жылдың 1-жартыжылдығына қарағанда 35,5%-ға көп (былтыр 563 болған), оның ішінде жоғары тұрған органдарға 393  хат пен ақпарат жіберілді.
Электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы 429 құжат (56,2%) жіберілді, 303 құжатқа басшылардың ЭСҚ қойылған.
Қала әкімі аппаратына келіп түскен кіріс құжаттарының мемлекеттік тілдегі пайызы есеп беру кезеңінде – 63,4-ті (2012 жылы – 43,4) құрады.
Мемлекеттік тілде дайындалған шығыс құжаттар санының пайызы 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төмендеп 49,9-ды құрады (2012 жылы – 56,8). 

Теміртау қаласы әкімдігі, қала әкімі 2013 жылдың 1-жартыжылдығында 867 құқықтық акт қабылдады (2012 жылдың 1-жартыжылдығында – 715, қабылданған актілердің саны 152-ге өсті немесе 21,2%), оның ішінде:
әкімдік қаулысы – 835 (2012 жылы – 679),
әкімнің шешімі – 3 (2012 жылы қабылданған жоқ),
әкімнің өкімі – 29 (2012 жылы – 36).
Қарағанды облысы әділет департаментіне 2013 жылы мемлекеттік тіркеуге 16 нормативтік-құқықтық акт жіберілді, оның ішінде тіркелгені – 6 (2012 жылы 15 жіберілді, тіркелгені -7):
қала әкімдігінің  2013 жылғы 10 қаңтардағы № 2/2 «Қалалық бюджет қаражатынан төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі - 2149. 2013 жылғы 15 ақпандағы «Құрыш қала» газетінің №7, «Новый Теміртау» газетінің № 6 санында  жарияланған;
қала әкімдігінің 2013 жылғы 17 қаңтардағы № 3/3 «Әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі - 2189. 2013 жылғы 15 наурыздағы «Құрыш қала» газетінің №11, «Новый Теміртау» газетінің № 10 санында  жарияланған;
қала әкімдігінің 2013 жылғы 7 ақпандағы № 6/4 «Қоғамдық жұмыстарға тарталған сотталғандар еңбегін пайдалануға арналған нысандар және қоғамдық жұмыстар түрлері туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі - 2231. 2013 жылғы 5 сәуірдегі «Құрыш қала» газетінің №13, «Новый Теміртау» газетінің № 14 санында  жарияланған;
қала әкімдігінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 9/4 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі – 2275;        
қала әкімдігінің 2013 жылғы 7 наурыздағы №10/1 «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомбиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі – 2305;
қала әкімдігінің 2013 жылғы 28 наурыздағы №13/1 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі – 2309.
Тіркеуге жатпайтындықтан 7 құқықтық акті қайтарылды (2012 жылы – 7):
қала әкімдігінің 2013 жылғы 24 қаңтардағы № 4/6 «Азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде  (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы» қаулысы;
қала әкімдігінің 2013 жылғы 7 ақпандағы № 6/1 «Негізгі азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне байланысты азаматтардың жекелеген санаттарына материалдық көмек көрсету туралы» қаулысы;
қала әкімдігінің 2013 жылғы 7 ақпандағы № 6/2 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үйді ұстауға және  коммуналдық қызмет көрсетуге шығындарды төлеу үшін материалдық көмек көрсету туралы» қаулысы;
қала әкімдігінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 12/1 «2013 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз ету туралы» қаулысы;
қала әкімдігінің 2013 жылғы 28 наурыздағы № 13/2 «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 68 жылдығы қарсаңында азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету туралы» қаулысы;
қала әкімдігінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 19/1 «Қарттар күні қарсаңында 2013 жылы азаматтардың жекелеген санаттарына материалдық көмек көрсету туралы» қаулысы;
қала әкімдігінің 2013 жылғы 8 мамырдығы № 19/2 «Мүгедектер күні қарсаңында 2013 жылы азаматтарға материалдық көмек көрсету туралы» қаулысы.

Әкімдіктің 3 қаулысы мемлекеттік тіркеуден қайтарылып алынды, күшін жойды.
Тіркеуден бас тартылған, пысықтауға қайтарылған нормативтік-құқықтық акті болған жоқ.
Мәселелердің сипатына қарай қабылданған құқықтық актілер төмендегідей болып бөлінеді:
  - жер пайдалану мәселелері- 544 қаулы немесе бұл барлық қабылданған актілердің 62,7%-ы;
  - құрылыс мәселелері– 94 немесе 10,8%;
  - тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық мәселелері - 49 немесе  5,6%;
- білім беру, қамқорлыққа және қорғаншылыққа алу - 56 немесе 6,4%;
- бюджет, жоспарлау – 26 немесе 3%;
- қоғамдық маңызы бар шараларды жүргізу, мемлекеттік басқару, кадр мәселелелері – 26 немесе 3 %;
әлеуметтік мәселелер, қызмет көрсету – 22 немесе  2,5%.

Ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығында қала әкімі аппаратында, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерде  жеке тұлғалардың 6399 (2012 жылы -6992), заңды тұлғалардың 1614 өтініші (2012 жылы – 1593)  қаралды, оның 612-сі жеке қабылдауда (2012 жылы - 659) қаралды. Былтырғы жылмен салыстырғанда 2013 жылы өтініштердің 572-ге азайғаны байқалады.
Осы жылдың 6 айында мемлекеттік органдарға келіп түскен өтініштердің 12-сі арыз, 7668 өтініш, 333 басқа өтініштер (сұраулар, ұсыныстар, лебіздер).
Өтініштердің 4037-і  қанағаттандырылды (50,4%), оның ішінде: жер пайдалану мәселелері бойынша -1249, құрылыс мәселелері бойынша  - 768, жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бойынша -846, тұрғын үй-коммуналдық мәселелер бойынша – 781, мұрағат, мәдениет және өнер мәселелері-44, білім беру саласы бойынша – 27.
Қолданыстағы заңдарға сәйкес 1577 өтініш иесіне (19,7%) түсініктемелер берілді. Қанағаттандырудан бас тартылғаны  28 өтініш, оның ішінде 26-ы тұрғын үй-коммуналдық мәселелер бойынша, 2-уі жер пайдалану мәселелері бойынша. Жер мәселелері бойынша 282 өтінішті қарау, азаматтардың өтініштері бойынша тоқтатылды. 1365 өтініш, қарау үшін басқа мемлекеттік органдарға жіберілді.

Қала әкімі аппаратына 2013 жылдың 6 айында жеке және заңды тұлғалардан 1809 өтініш келіп түсті (2012 жылдың 1-жартыжылдығында – 2449), оның ішінде, жеке тұлғалардан 1199, заңды тұлғалардан 537 жазбаша өтініш түсті, 73 өтініш жеке қабылдауда қаралды. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өтініштер саны 640-қа немесе 26%-ға азайды.
Келіп түскен өтініштердің 9-ы арыз, 1609-ы өтініш, ақпарат алуға сұрау салу, құжаттардың көшірмесін сұрау, ұсыныс – 191. 
Жоғары тұрған органдардан 39 өтініш түсті (2012 жылы - 56). Қайталанып берілген өтініш - 2 (2012 жылы – 0).
Өтініштерді қарау нәтижесі бойынша 197 өтініш қанағаттандырылды, 240 өтінішке қолданыстағы заңдарға сәйкес түсініктемелер берілді, 1354 өтініш әкімдіктің құрылымдық бөлімшелеріне қарауға жіберілді.
Көтерілген мәселелердің сипатына қарай өтініштердің негізгі бөлігін жер пайдалану мәселелері құрайды -993 немесе 55%. Былтырғы жылмен салыстырғанда жер мәселелері бойынша өтініштер саны 57-ге өсті.
Тұрғын үй-коммуналдық  мәселелер бойынша 296 өтініш немесе 16,4% (2012 жылы -892), құрылыс бойынша - 104 (2012 жылы – 100), әлеуметтік мәселелер бойынша  - 55 (2012 жылы – 151), салық түсімі бойынша -79,  мұрағаттық анықтамалар беру - 41, кәсіпкерлік мәселелері- 29, марапаттау бойынша - 20, білім беру -18, бұрын қабылданған актілерге өзгерістер енгізу туралы - 10, мәдениет және өнер туралы - 9, ауыл шаруашылығы -6 (2012 жылы – 1), денсаулық сақтау бойынша - 5,  сот төрелігі  және құқық қорғау мәселелері - 4, көлік және коммуникация - 4 (2012 жылы – 17, басқа мәселелер - 129.
Осы жылы тұрғын үй мәселелері бойынша өтініштердің 466-ға азайғаны байқалады, бұл жағдай тұрғын үй беру үшін есепке алу және пәтерден ауыртпалықты алу мәселелері бойынша өтініштерді қабылдау және тіркеу қызметін (мемлекеттік орган көрсететін мемлекеттік қызмет) «Теміртау қаласының  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-ге берумен байланысты.Коммуналдық мәселелер, оның ішінде, қыста жылумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша өтініш 131-ге, көліктің жұмыс істеу мәселесі бойынша өтініш 13-ке азайды. Коммуналдық мәселелер туралы өтініштің жалпы саны азайғанымен абаттандыру мәселесі жөніндегі өтініштердің 10-ға өскені байқалады.
Осы жылдан бастап бас бостандығынан айыру орындарынан босаған азаматтарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік көмек көрсету туралы хабарламалар кіріс құжаттарында тіркеледі (бұрын заңды тұлғалардың хаты ретінде тіркелген), осыған байланысты әлеуметтік қорғау мәселелесі бойынша өтініштер саны 97-ге азайды.
Қала әкімі мен әкімдігінің бұрын қабылданған құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу мәселесі бойынша өтініштердің азайғаны байқалады (20).
Барлық өтініштер заңдарда белгіленген мерзімде  қаралған.
Жыл басынан бастап әкім аппаратына «Электрондық үкімет» порталынан 3, Облыс әкімі блогынан 24 өтініш  түсті.
Қала әкімінің блогына 200 сұрақ және өтініш түсті (2012 жылы – 283), оның ішінде: білім беру -83, тұрғын үй-коммуналдық мәселелер - 57, көлік және инфрақұрылым-9, денсаулық сақтау - 3, бизнес бойынша -1, басқа мәселелер - 47.


«Теміртау қаласы
әкімінің аппараты» ММ
құжаттамалық қамтамасыз ету
бөлімінің басшысы
И. Иванова


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 327.10
  • Euro 400.53
  • Рубль 5.78
Теміртау-11°C
    1 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 726мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 84%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ