ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

2013 жылдың қорытындысы бойыншаТеміртау қаласы әкімінің аппаратында заңды және жеке тұлғалардың арыз-өтініштерімен, құжаттармен жұмыс жағдайы туралы ақпарат

2013  жылдың  қорытындысы   бойыншаТеміртау  қаласы
әкімінің аппаратында  заңды  және  жеке тұлғалардың арыз-өтініштерімен, құжаттармен  жұмыс  жағдайы
туралы ақпарат

2013 жыл  бойыТеміртау  қаласы әкімінің аппаратына 5744 қызметтік  құжаттар түсті, оның 78,7 % электрондық  құжат айналымы   жүйесі арқылы  түсті. 2012 жылмен  салыстырғанда  түскен  құжаттар 1023 құжаттарға  немесе  21,7  % өсті.Жоғары  тұрған  мемлекеттік  мекемелерден  түскен   құжаттар  саны  4489  құрады.
Қала әкімі  5532 құжаттарды,  қала  әкімінің  орынбасары Г.Н.Күсенова 1831 құттарды (немесе  түскен  жалпы құжаттың 31,9 %), әкім  орынбасары С.Н.Тымченко 1919 құжаттарды (немесе 33,4 %), әкім  орынбасары Ш.М.Мырзақасымова 1179  құжаттарды (20,5 %) қарап, тапсырма  берді.
Шығыс  құжаттар саны 1675  құрады, 2012  жылмен  салыстырғанда  418  құжатқа  көбейген.Электрондық  құжат айналымы   жүйесі арқылы жіберілген  шығыс  құжаттар  саны 1055 құрады,  оның  ішінде 895 құжатқа электронды сантық  қолтаңба  қойылды немесе  84,8 %құрады.
Есепті кезеңде  қала  әкімінің аппаратына  мемлекеттік  тілде  түскен  құжаттардың  саны  3771 құжатты  64% құрады.
Мемлекеттік  тілде  дайындалған  шығыс  құжаттардың  саны 981 құжатты  немесе  48,8 %  құрады(2012  жылы-642 немесе 50%).
2013 жылғы  құжат  айналымының көлемі 17 507 құжатты  құрады, 11 933 құжат  электрондық түрде  түсті немесе  оның көлемі  68,16 % құраады. Таралымдалған  құжаттарды ескергенде  құжат айналымының  жалпы көлемі 44 783  құжатты  құрады.

2013 жылы Теміртау  қаласының әкімдігі, әкімі 1778 құқықтық актілер  қабылдады, 2012  жылмен  салыстырғанда қабылданған  актілер  саны 155-ке  немесе  9,5 % көбейген,  оның ішінде:
әкімдік  қаулылары – 1705 (2012 жылы - 1546),
әкім  шешімдері - 4 (2012 жылы- 2),
әкім  өкімдері - 69 (2012 жылы-75).
2013  жылы Қарағанды  облысының әділет  басқармасына  мемлекеттік тіркеуге  18  құқықтық  актілер  жіберілді,  оның  6  тіркелді  (заңнамаға  өзгерту  енгізуге  байланысты  тіркелген  4 НҚА  күшін  жойды  деп  танылды):
Теміртау  қаласы әкімдігінің  2013  жылғы  10  қаңтардағы №2/2 «Қалалық  бюджет  қаражатынан төленетін қоғамдық  жұмыстарды  ұйымдастыру  туралы» қаулысы.Тіркеу  нөмірі  2149. 2013  жылы  15  ақпанда «Құрыш  қала» газетінің  №7 нөмірінде, «Новый Теміртау»  газетінің №6 нөмірінде  жарияланды;
Теміртау  қаласы әкімдігінің  2013  жылғы  17  қаңтардағы  №3/3 «Әлеуметтік  саладағы мемлекеттік  қызмет  көрсету  регламенттерін бекіту  туралы» қаулысы. Тіркеу  нөмірі  2189. Әкімдіктің  №18/23 қаулысымен   2013  жылы   2  мамырда  күшін  жойды  деп  танылған;

Теміртау  қаласы әкімдігінің  2013  жылғы  7  ақпандағы №6/4 «Қоғамдық  жұмыстарға  тартылған сотталғандар еңбегін пайдалануға  арналған нысандар  және  қоғамдық  жұмыстар  түрлері  туралы»қаулысы.Тіркеу  нөмірі  22231. 2013  жылы  5  сәуірде  «Құрыш  қала» газетінің  №13 нөмірінде, «Новый Теміртау»  газетінің №14 нөмірінде  жарияланды;
Теміртау  қаласы әкімдігінің  2013  жылғы 28 ақпандағы №9/4 «Мемлекеттік  тұрғын  үй  қорынан тұрғын  үйге  немесе жеке  тұрғын  үй  қорынан  жергілікті  атқарушы орган  жалдаған тұрғын  үйге  мұқтаж азаматтарды есепке  алу  және  кезекке  қою» мемлекеттік  қызмет көрсету регаментін бекіту  туралы» қаулысы.Тіркеу  нөмірі  2275. Әкімдіктің №18/23  қаулысымен   2013  жылы  2  мамырда  күшін  жойды  деп  танылған;
Теміртау  қаласы әкімдігінің  2013  жылғы 7  наурыздағы №10/1 «»Облыстық және  аудандық  маңызы  бар жалпы  пайдаланымдағы, сондай –ақ елді  мекендердегі автомобиль  жолдарының жолақ  бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама  орналастыруға  рұқсат  беру» мемлекеттік  қызмет көрсету регламентін  бекіту  туралы» қаулысы.Тіркеу  нөмірі  2305. Әкімдіктің №18/23  қаулысымен   2013  жылы  2  мамырда  күшін  жойды  деп  танылған;
Теміртау  қаласы әкімдігінің  2013  жылғы 28  наурыздағы №13/1 «Сәулет, қала құрылысы  және  құрылыс  қызметі саласындағы мемлекеттік  қызмет көрсету  регламенттерін  бекіту  туралы"қаулысы.Тіркеу  нөмірі  2309. Әкімдіктің №18/23  қаулысымен   2013  жылы  2  мамырда  күшін  жойды  деп  танылған.
Тіркеуге  жатпайтын  НҚА ретінде  8  құқықтық актілер  қайтарылды:
Теміртау  қаласы әкімдігінің  2013  жылғы   24  қаңтардағы  №4/6 «Азаматтардың  жекеленген  санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден  басқа) жүруге әлеуметтік көмек  көрсету туралы» қаулысы;
Теміртау  қаласы әкімдігінің  2013  жылғы  7  ақпандағы №6/1 «Негізгі азық-түлік өнімдеріне  бағаның өсуіне  байланысты азаматтардың  жекеленген  санаттарына материалдық  көмек көрсету  туралы»қаулысы;
Теміртау  қаласы әкімдігінің  2013  жылғы   7  ақпандағы №6/2«Ұлы  Отан  соғысының қатысушылары  мен мүгедектеріне  тұрғын  үйді ұстауға  және  коммуналдық қызмет  көрсетуге шығындарды   төлеу  үшін материалдық көмек көрсету  туралы» қаулысы;
Теміртау  қаласы әкімдігінің  2013  жылғы  20  наурыздағы  №12/1 «2013  жылдың  сәуір-маусымында және  қазан-желтоқсанында азаматтарды  мерзімді әскери  қызметке  шақыруды  ұйымдастыру және  жүргізуді  қамтамасыз  ету  туралы»қаулысы;
Теміртау  қаласы әкімдігінің  2013  жылғы  28  наурыздағы №13/2 «Ұлы  Отан соғысындағы Жеңістің  68 жылдығы  қарсаңында азаматтардың  жекелеген санаттарына біржолғы  материалдық көмек  көрсету  туралы» қаулысы;
Теміртау  қаласы әкімдігінің  2013  жылғы 8  мамырдағы  №19/1 «Қарттар  күні  қарсаңында 2013  жылы  азаматтардың  жекелеген  санаттарына  материалдық  көмек  көрсету  туралы»  қаулысы;
Теміртау  қаласы әкімдігінің  2013  жылғы  8  мамырдағы №19/2 «Мүгедектер  күні  қарсаңында  2013  жылы  азаматтарға материалдық көмек  көрсету  туралы» қаулысы;
Теміртау  қаласы әкімінің  2013  жылғы  12  желтоқсандағы №4»2014 жылы шақыру  учаскесінде ер  азаматтарды  тіркеуді ұйымдастыру  туралы»  шешімі.
Құықтық актілер  төмендегідей  мәселелер  бойынша  қабылданды:
- жер  пайдалану  мәселесі  бойыша 1124 қаулылар  қабылданды немесе  барлық  қабылданған  қаулылардың  63,4 пайызын  құрайды;
- құрылыс  мәселесі  бойынша – 149 немесе  8,4%;
- білім  беру, қорғаншылыққа  немесе  қамқорлыққа  алу  мәселелері  бойынша- 141 немесе 7,9 %;
- тұрғын  үй-коммуналдық  мәселері бойынша – 102 немесе 5,7 %;
- бюджет, жоспарлау  мәселелері  бойынша – 75 немесе 4,2 %;
- қоғамдық-маңызды шараларды  өткізумен байланысты, мемлекеттік  басқару, кадр  мәселелері  бойынша -45 немесе 2,5 %;
- әлеуметтік  мәселелер, қызмет  көрсету  бойынша – 45 немесе 2,5 %;
- басқа  мәселелер бойынша – 97.
Теміртау  қаласы әкімінің аппаратында және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерде 2013 жылы12114 жеке  тұлғалардың,  3133  заңды  тұлғалардың,  оның  ішінде жеке қабылдауда түскен-1340  өтініштер  қаралды.
2013 жылы   мемлекеттік  органдарға  түскен арыз-өтініштердің 25-іарыздар, 14633-і өтініштер, 588-і  басқа  өтініштер (сұраулар, ұсыныстар, пікір айтулар). 2012  жылмен  салыстырғанда арыздар  саны  6 көбейді.
8145  өтініштер  қанағаттандырылды, оның ішінде: 2948-жер  пайдалау, 1582- тұрғын  үй-коммуналдық, 1554-жұмыспен қамту  және әлеуметтік  қорғау, 1340-құрылыс, 235-салық  саласындағы сұранымдар, 118-мұрағат, мәдениет  және  өнер, 44- білім  беру  мәселелері  бойынша.
4341 өтініш  берушілерге  қолданыстағы  заңнамалар  аясында түсінік  берілді.
42 өтініштерде  көтерілген  мәселені  қараудан  бас тартылды, оның  ішінде 31  тұрғын  үй  коммуналдық, 10  жер  пайдалану, 1 мұрағаттық  құжат  көшірмесін беру   мәселелері  бойынша.
Азаматтардың  өздерінің  берген  өтініштерінің  негізінде  370  өтініштерді қарау  тоқтатылды, оның ішінде 369 жер  пайдалану, 1 көлік  және  коммуникация  мәселесі  бойынша.
Теміртау  қаласы әкімінің аппаратына 2013 жылы 3563 жеке және   заңды тұлғалардың арыз-өтініштері  түсті, оның  ішінде 2267 жазбаша  жеке  тұлғалардан, 1140  жазбаша  заңды  тұлғалардан, 156 өтініш жеке  қабылдау  барысында  түсті.
2012 жылмен    салыстырғанда  заңды  және  жеке  тұлғалардың арыз-өтініштері 946 немесе  21 % азайған.
Түскен  арыз-өтініштердің: 13 арыздар, 3114  өтініштер, 436  ақпарат, құжат  көшірмесін беру  туралы  сұранымдар, пікір  айтулар, 5 қайталанған  өтініштер.
Облыстық  әкімдіктен  94  өтініштер  түсті. Жоғары  тұрған  органдардан  түскен  өтініштерге жүргізген  талдау,негізінен  өтініш  берушілерге  қолданыстағы  заңнамаға сәйке  түсінік  берілетіндігін  көрсетті.
Пәтер  беру  мәселесі  жөнінде  облыстық әкімдіктен21 өтініш  түскен, барлық  өтініш бойынша  өтініш  иелеріне  қолданыстағы  заңнамаларға  сәйкес  пәтер  беру  тәртібі  туралы түсініктеме  берілген. Жоғары  тұрған органғақала  тұрғындарынан: коммуналдық  мәселелер  бойынша - 21, әлеуметтік  мәселе  бойынша - 12, білім  беру  мәселесі  бойынша - 3,  ауыл  шаруашылығы  мәселесі  бойынша -2, марапаттау мәселесі  бойынша- 3 өтішіштер  түскен. 
Қала  әкімінің аппаратына  түскен  арыз-өтініштердің  басым  бөлігі  жер  пайдалану мәселесі  жөнінде, осы  мәселе  бойынша  1905 өтініш  түсен немесе түскен  өтініштердің  53,5 %  құрайды. Өткен  жылмен  салыстырғанда жер  пайдалану мәселесі  бойынша  түскен  өтініштер  саны  33  немесе  1,7% азайды.
Тұрғын үй коммуналдық мәселелер  жөніндегі арыз-өтініштер  саны  693 немесе  81,2 % азайған: 2013 жылы160  осындай  өтініштер  түсті немесе  жалпы  түскен  өтініштердің 4,5 % құрайды. Осы мәселе жөнінде  түскен  өтініштерді заңда  белгіленген  тәртіпте  «Теміртау  қаласының тұрғын  үй  коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар  көлігі  және  автомобиль  жолдары  бөлімі» ММ  қарайды  және  шешеді. БАҚ, әкімдік  сайты арқылы   мемлекеттік  тұрғын  үй  қорынан   пәтер  беру  кезегіне  қою, пәтер  беру   тәртібі туралы  түсінік  берілген. Әкімдік  сайтында  тұрғын  үй  алу  кезегінде  тұрғандар  тізімі, тұрғын  үй  беру  туралы  ақпарат  орналастырылған. Осы  қабылданған  шаралар  әкімдікке тұрғын  үй  мәселелері  жөнінде  түсетін  өтініштер  санын азайтты.
Коммуналдық  мәселелер  жөніндегі  өтініштер  119  немесе  22,9 2 % азайды,  олардың  саны  401 немесе жалпы  түскен  өтініштер  санының  11,3  % құрады, жылумен  қамтамасыз  ету  мәселесі  бойынша  26  өтінішке,  сумен  қамтамасыз ету мәселесі  бойынша 27,  аббаттандыру  және  көгалдандыру  мәселесі  бойынша 40, жарықтандыру  мәселесі  бойынша  7 өтініштерге  азайды.
2013  жылы   әлеуметтік қорғау  мәселесі  жөнінде  126,  құрылыс-184, әкімдік қаулысы, әкім  шешімі   көшірмесін  беру-98, білім  беру-49, кәсіпкерлік-57, көлік-23, мәдениет  және  өнер-19, спорт және  дене  шынықтыру-13, ауыл шаруашылығы-12, денсаулық  сақтау-11 өтініштер  қаралды.
Қала  әкімінің аппаратына түскен  арыз-өтініштердің 436 қанағаттандырылды, 489 өтініш  берушілерге қолданыстағы  заңнамаларға сәйкес түсінік  берілді, 1 өтініш қараусыз  қалдырылды, 1-қараудан  бас  тартылды, 1-қарау  тоқтатылды. 2635 өтініштер әкімдіктің бағынышты  құрылымдарына  қарау  үшін  жіберілді.
Барлық  арыз-өтініштер заңнамаларда белгіленген мерзімде  қаралады.


«Теміртау  қаласы әкімінің аппараты» ММ
құжаттамалық қамтамасыз ету  бөлімінің
басшысы   И.Иванова


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 371.31
  • Euro 419.32
  • Рубль 5.59
Теміртау-8°C
    4 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 722мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 90%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ