ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Теміртау қаласы әкімі аппаратында 2014 жылдың 1-тоқсанында құжаттармен, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу жағдайы туралы ақпарат

Теміртау қаласы әкімі аппаратында  2014  жылдың  1-тоқсанында      құжаттармен, 

жеке  және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу жағдайы туралы ақпарат

 

Теміртау қаласы әкімі аппаратына 2014 жылдың 1-тоқсанында1655 қызметтік құжат келіп түсті, келіп түскен құжаттардың саны 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 205-ке немесе14,1%-ға өсті.

Жоғары тұрған органдардан түскен құжаттардың саны – 1178, жалпы кіріс құжаттардың 71,1% -ы.

Қала әкімі 1516 құжатты қарап, тапсырмалар берді,

қала әкімінің орынбасары А.А.Есмұрзаев 367 құжатты,

қала әкімнің орынбасары С.Н.Тымченко 852 құжатты,

қала әкімінің орынбасары Ш.М.Мырзақасымова 472 құжатты,

әкім аппаратының басшысы С.Г.Көшімбаев 280 құжатты қарады.

Дайындалған шығыс құжаттар саны – 642. Оның 134-і  немесе 20,9%-ы пысықтауға қайтарылды. Тіркелгені және адресаттарға жіберілгені - 503. Электрондық құжат айналымы жүйесі бойынша  жолданған шығыс құжаттарының саны – 377 немесе 75%; оның ішінде басшылардың электрондық сандық қолтаңбасымен қол қойылғаны – 350 немесе 92,8%, кеңсенің ЭСҚ-мен қол қойылғаны – 349 құжат немесе 92,6%.

Қала әкімі аппаратына мемлекеттік тілде келіп түскен кіріс құжаттардың саны есеп беру кезеңінде – 1157 немесе 69,9% болды (2013 жылы – 842 немесе 58,1 %).

Мемлекеттік тілде дайындалған шығыс құжаттардың саны - 496 немесе 75,5%(2013 жылы – 174 немесе 46,6 %).

2014 жылдың 1-тоқсанында құжат айналымы көлемі 4488  болды, оның ішінде тек электрондық түрде  - 3506 құжат немесе 78,12% (2013 жылдың 1-тоқсанында – 58,4%).

Көбейтіліп таратылған құжаттарды есепке алғанда құжат айналымының  жалпы көлемі  - 11469 құжат (2013 жылдың 1-тоқсанында – 10981).

Өткен тоқсанда Теміртау қаласы әкімдігі, қала әкімі 328 құқықтық акт қабылдады:

әкімдіктің қаулысы – 318,

әкімнің шешімі – 1,

әкімнің өкімі – 9.

Қарағанды облысы әділет департаментінде 1 нормативтік-құқықтық акт тіркелді: қала әкімдігінің2014 жылғы 6 ақпандағы № 5/2 «Қалалық бюджет қаражатынан төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі - 2549. «Құрыш қала» газетінің 2014 жылғы 6 сәуірдегі №14 санында  жарияланған.

Әділет департаментіне мемлекеттік тіркеугеқала әкімінің 2014 жылғы 17 наурыздағы №1 «Теміртау қаласында сайлау учаскелерін құру туралы» шешімі  ұсынылған.

Тіркеуден бас тартылған, пысықтауға қайтарылған нормативтік-құқықтық акті болған жоқ.

 Мәселелердің сипатына қарай қабылданған құқықтық актілер төмендегідей болып бөлінеді:

                 - жер пайдалану мәселелері- 171 қаулы немесе бұл барлық қабылданған актілердің 52,1%-ы;

                 - құрылыс мәселелері– 28 немесе 8,5%;

                 - тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық мәселелері - 29 немесе  8,8%;

- білім беру, қамқорлыққа және қорғаншылыққа алу - 35 немесе 10,7%;

- бюджет, жоспарлау – 23 немесе 7%;

- қоғамдық маңызы бар шараларды жүргізу, мемлекеттік басқару, кадр мәселелелері – 7 немесе 2,1 %;

- әлеуметтік мәселелер– 16 немесе  4,9%;

- басқа мәселелер – 19.

 

2014 жылдың 1-тоқсанында қала әкімі аппаратында, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерде  жеке тұлғалардың 2170 өтініші (2013 жылдың 1-тоқсанында – 2940), заңды тұлғалардың 393 өтініші қаралды (2013-жылы – 697), оның 375-і жеке қабылдауда қаралды (2013 жылы -219). 

2013 жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда 2014 жылы түскен өтініштердің саны 1074-ке немесе 29,5%-ға азайды. Алайда мемлекеттік органдардың басшылары қабылдаған азаматтардың саны 156-ға немесе 71,2%-ға өсті.  

Осы жылдың 1-тоқсанында мемлекеттік органдарға 2  арыз, 2508 өтініш, 50 басқа өтініштер (сұраулар, ұсыныстар, лебіздер), 3 домалақ арыз келіп түсті.

Өтініштердің 1313-і  қанағаттандырылды (51,2%), оның ішінде: жер пайдалану мәселелері бойынша – 496, құрылыс мәселелері бойынша  - 218, жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бойынша – 87, тұрғын үй-коммуналдық мәселелер бойынша – 352, кәсіпкерлік мәселелер бойынша – 11, білім беру саласы бойынша – 8.

Қолданыстағы заңдарға сәйкес 530 өтініш иесіне (20,7%) түсініктемелер берілді.

Қанағаттандырудан бас тартылғаны  4 өтініш, оның ішінде 2-уі тұрғын үй-коммуналдық мәселелер бойынша, 1-уі әлеуметтік мәселелер бойынша, 1-уі спорт және дене шынықтыру бойынша. 3 өтініш (домалақ арыз) қаралмай, есептен шығарылды.

Теміртау қаласы әкімінің аппаратына 2014 жылдың 1-тоқсанында жеке және заңды тұлғалардан 627 өтініш келіп түсті (2013 жылдың 1-тоқсанында – 785), оның ішінде, жеке тұлғалардан  - 460, заңды тұлғалардан -122 жазбаша өтініш, 45 өтініш жеке қабылдауда қаралды.

2013 жылмен салыстырғанда өтініштердің жалпысаны 158-ге немесе 20,1%-ға азайды.

Келіп түскен өтініштердің:

1-уі арыз:бұл мәселе сот арқылы қаралуда; 584-і өтініш; ақпарат алуға сұрау салу, құжаттардың көшірмесін сұрау, ұсыныс – 39, домалақ арыз -3.                 Жоғары тұрған органдардан 18 өтініш түсті (2013 жылы – 15), Облыс әкімінің блогына түскен 13 өтініш қаралып, жауап берілді.

Аталған уақытта қайта берілген өтініштер болған жоқ.

Қала әкімі аппаратына түскен өтініштердің басым бөлігі - жер пайдалану мәселелері -333 немесе 53,1%. Былтырғы жылмен салыстырғанда жер мәселелері бойынша өтініштер саны 120-ға немесе 26,5%-ғаазайды.

Тұрғын үй  мәселелері бойынша өтініштер саны 13-ке немесе 19,1%-ға өсті: 2014 жылы осы мәселе бойынша 81 өтініш түссе, 3013 жылдың 1-тоқсанында олардың саны 68 болды.

 Коммуналдық мәселелер бойынша өтініштер саны 9-ға немесе 14,5%-ға азайды, олардың саны - 51 немесе жалпы түскен өтініштердің 8,1%-ы, оның ішінде жылумен жабдықтау бойынша -9, сумен жабдықтау бойынша -5, тұрғын үй қорын жөндеу бойынша - 3, ПИК-тің қызметі бойынша – 4.

Әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша 2014 жылдың 1-тоқсанында 16 өтініш түсті, 2013 жылға қарағанда 38,5%-ға аз.

Құрылыс мәселесі бойынша 26 өтініш қаралды (2013 жылы – 41), құқықтық актілердің көшірмесін беру бойынша – 29 (2013 жылы – 22), бұрын қабылданған құқықтық актіге өзгерістер енгізу туралы – 29, кәсіпкерлік мәселесі бойынша – 16 (2013 жылы -1), марапаттау туралы – 6, білім бойынша  - 5, (2013 жылы -6), көлік бойынша – 4 (2013 жылы – 2), дене шынықтыру және спорт бойынша – 4 (2013 жылы -4), денсаулық сақтау бойынша – 3 (2013 жылы -3).

Өтініштерді қарау нәтижесі бойынша 41 өтініш қанағаттандырылды, 68 өтінішке қолданыстағы заңдарға сәйкес түсініктемелер берілді, 3-уі қаралмай есептен шығарылды, 1 өтінішке оң жауап берілген жоқ, 514 өтініш әкімдіктің құрылымдық бөлімшелеріне және басқа мемлекеттік органдарға қарауға жіберілді, оның ішінде : «Жер қатынастары бөлімі» ММ – 357, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарыбөлімі» ММ - 89, «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ – 26, «Тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ - 25, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» -9, «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ – 9, «Білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ - 4.

Барлық өтініштер заңдарда белгіленген мерзімде  қаралды.

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қала әкімі аппараты және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер (Ақтау кенті әкімінің аппаратын, «Тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ-ні қоспағанда) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Айқын» жүйесіне қосылды.

Бұл жүйе мемлекеттік органдардың өтініштерді қарау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етеді, мерзімінде қаралмаған өтініштерді анықтауға көмектеседі.

Өтініш тікелей мемлекеттік органға түскен кезде өтінішті қабылдаған кеңсе қызметкері өтініш иесіне, жеке немесе заңды тұлғаға, 18 таңбалы бірегей нөмірі бар талон береді. Талонның артқы бетінде Интернет-ресурстың мекенжайы,  өтініш иесіне өтініштің қаралу жағдайы туралы тиісті ақпарат алуға болатын телефон нөмірлері (барлық байланыс операторлары бойынша құны 15 теңге SMS хабарламаларды қоспағанда) жазылған.

1-тоқсан ішінде Теміртау қаласының мемлекеттік мекемелері 2188 жазбаша өтініштерді қабылдады, өтініш иелеріне 1170 талон берілді.

 

 

Құжаттамалық қамтамасыз ету

бөлімінің басшысы   И.Иванова

 

 

 

 


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 324.27
  • Euro 398.27
  • Рубль 5.73
Теміртау-13°C
    5 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 726мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 80%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ