ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Теміртау қаласы әкімі аппаратында 2017 жылдың қорытындысы бойынша құжаттармен, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу жағдайы туралы ақпарат

Теміртау қаласы әкімі аппаратына 2017 жылы 10758 қызметтік құжат келіп түсті, келіп түскен құжаттардың саны 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1579-ке немесе 17,2%-ға өсті. Оның ішінде электрондық түрде  - 8761, немесе 81,4%, қағаз тасымалдағышта - 1997 немесе 18,6%.

Жоғары тұрған органдардан түскен құжаттардың саны - 6146, жалпы кіріс құжаттардың 57,1% -ы.

Қала әкімі 7554 қызметтік құжатты қарап, тапсырмалар берді,

қала әкімінің орынбасарлары  - 8704 құжат

әкім аппаратының басшысы  2008 құжат.

Шығыс құжаттар саны - 2835 құрады. Оның ішінде мемлекеттік тілде - 2295 немесе 80,9%.

Мемлекеттік тілдегі кіріс және шығыс құжаттардың жалпы саны - 9500 немесе 68%.

 

2017 жылы Теміртау қаласы әкімдігі, қала әкімі 1626 құқықтық акт қабылдады, оның ішінде:

әкімдіктің қаулысы - 1531.

әкім шешімі  - 2

әкім өкімі - 93

Қарағанды облысы әділет департаментінде 5 нормативтік-құқықтық акт тіркелді:

         1) Теміртау қаласы әкімдігінің  2017 жылғы 12 қаңтардағы № 2/2 «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны және бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді орындайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындау туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі 2017 жылғы 18 қаңтар - 4120.

         2) Теміртау қаласы әкімінің  2017 жылғы 2 ақпандағы № 1 «Теміртау қаласы әкімінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 5 "Теміртау қаласында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі. Тіркелу нөмірі 2017 жылғы 15 ақпан - 4149.

3) Теміртау қаласы әкімдігінің  2017 жылғы 9 ақпандағы № 6/7 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі 2017 жылғы 27 ақпан - 4159.

4) Теміртау қаласы әкімдігінің  2017 жылғы 30 наурыздағы № 14/1 «Азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі 2017 жылғы 21 сәуір - 4230.

 

5) Теміртау қаласы әкімдігінің  2017 жылғы 30 наурыздағы № 14/2 «Теміртау қаласы мен Ақтау кенті бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі 2017 жылғы 21 сәуір - 4229.

Мәселелердің сипатына қарай қабылданған құқықтық актілер төмендегідей болып бөлінеді:

                 - жер пайдалану мәселелері - 1115 қаулы немесе бұл барлық қабылданған актілердің 68,6%-ы;

- мемлекеттік басқару мәселесі бойынша - 125 немесе 7,7 %;

                 - білім беру, қамқорлыққа және қорғаншылыққа алу - 98 немесе 6%;

                 - тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық мәселелері - 89 немесе 5,5%;

- әлеуметтік мәселелер, жұмыспен қамту - 60 немесе  3,7%;

- құрылыс мәселелері - 54 немесе 3,3%;

- экономика, жоспарлау, қаржы, жылжымайтын мүлік - 29 немесе 1,8%;

- құқықтық тәртіп, ТЖ, жұмылдыру, әскери міндет – 18 немесе 1,1%;

- кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, ветеринария мәселелері бойынша- 5

- басқа мәселелер - 33.

 

Теміртау қаласы әкімінің аппаратына 2017 жылы жеке және заңды тұлғалардан 2103 өтініш келіп түсті, оның ішінде, жеке тұлғалардан - 1300, заңды тұлғалардан - 373 жазбаша өтініш.

2016 жылмен салыстырғанда өтініштердің жалпы саны 455-ке немесе 17,8-ға азайды.

2017 жылы әкім аппаратына келіп түскен өтініштер: арыз - 16, өтініштер - 2073, басқа да өтініштер - 14.

         Облыстық әкімдіктен 124 өтініш, облыстық басқармалар мен департаменттерден - 13, облыс және қала прокуратурасынан - 117, басқа да ұйымдардан 15 өтініш түсті.

Электрондық үкімет порталы арқылы түскен 40 өтініштер түсті.

Облыс әкімінің блогына түскен 44 өтініштер қаралды.

         Жеке және заңды тұлғалар өкілдерін қала әкімі, оның орынбасарлары, әкім аппарат басшысы жеке қабылдауы апта сайын, кестеге сәйкес, алдын ала жазылулар бойынша жүргізіледі.

2017 жылы басшылықпен жеке мәселелер бойынша 141 қабылдау жүргізілді, 430 азаматтар қабылданды,  2016 жылмен салыстырғанда саны 38-ге төмендеді, немесе 8,1%.

Қала әкімі жеке мәселелер бойынша 40 қабылдау жүргізді, 123 адамды қабылдады;

қала әкімінің орынбасары В.М.Цай жеке мәселелер бойынша 44 қабылдау жүргізді, 170 адамды қабылдады;

қала әкімінің орынбасары Ғ.О.Спабеков жеке мәселелер бойынша 44 қабылдау жүргізді, 103 адамды қабылдады;

қала әкімнің орынбасары Д.Ж.Есімханов жеке мәселелер бойынша 13 қабылдау жүргізді, 34 адамды қабылдады;

Барлық өтініш иелеріне қабылдау кезінде түсініктемелер берілді.

Қала әкімі аппаратына түскен өтініштердің басым бөлігі - жер пайдалану мәселелері - 614 немесе 29% (2016 жылы -1100, немесе 43%). 

         2016 жылмен салыстырғанда тұрғын үй  беру мәселелері бойынша өтініштер саны 172 немесе 35% артты, олардың саны 660, барлық түскен өтініштердің жалпы санының 31,4%. Оның ішінде: жылумен қамтамасыз ету- 26, сумен қамтамасыз ету - 5, абаттандыру және көгалдандыру - 101, тұрғын үй қорын жөндеу бойынша - 18, ПИК-тің қызметі бойынша - 19. Тұрғын үй  беру мәселелері бойынша өтініштер саны 60, оның ішінде 16 өтініш жоғары тұрған органдардан. 40 өтінішке қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілді,  20 - өтініш «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тұрғын үй және құрылыс бөлімі»  ММ қарауға жолданды.

         Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселесі бойынша 101 өтініш түсті.

         Кәсіпкерлік мәселесі туралы - 64, білім беру - 98, құрылыс мәселесі бойынша - 87, оның ішінде жолдар құрылысы - 26,  мәдениет, өнер бойынша -24,  көлік және коммуникация - 31, дене шынықтыру және спорт бойынша -24 , денсаулық сақтау бойынша - 13 .

Түскен өтініштердің 116 өтініш қанағаттандырылды, 694 өтінішке қолданыстағы заңдарға сәйкес түсініктемелер берілді, 1-қараусыз есептен шығарылды, 14 өтінішке бас тартылды, 1 өтініш қарау тоқтатылды, 10 өтініш әкімдіктің құрылымдық бөлімшелеріне және жоғарғы органдарға, 1266 төменгі мемлекеттік органдарға жолданды.

Бөлім 2017 жылы жер пайдалану саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 1116 өтініш қабылдады. 2016 жылмен салыстырғанда олардың саны 743-ке артты, немесе 216,7%, оның ішінде:

- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру туралы- 64 (2016 жылы - 37) оның ішінде қанағаттандырылғаны - 52, бас тартылғаны - 12;

- елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскесін беру туралы-400 (2016 жылы - 336) оның ішінде қанағаттандырылғаны - 347, бас тартылғаны - 53;

- іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы - 1 (қанағаттандырылды);

- сауда-саттықты (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу туралы - 651, оның ішінде қанағаттандырылғаны - 642, бас тартылғаны - 2 (қызмет 2017 жылдан бастап көрсетіледі).

 

Теміртау қаласы әкім аппаратының

құжаттамалық қамтамасыз ету

бөлімінің басшысы    И.Иванова

 


Жаңартылған: 26.01.2018 11:04
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 371.31
  • Euro 419.32
  • Рубль 5.59
Теміртау-8°C
    4 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 722мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 90%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ