ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Теміртау қаласы әкімі аппаратында құжаттармен, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу жағдайы туралы ақпарат

Теміртау қаласы әкімі аппаратына 2014 жылдың 9 айында 4894 қызметтік құжат келіп түсті, келіп түскен құжаттардың саны 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 636-ге немесе 14,9%-ға өсті.
Жоғары тұрған органдардан түскен құжаттардың саны - 3756, жалпы кіріс құжаттардың 76,79% -ы. 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жоғары тұрған органдардан түскен құжаттардың саны 403-ге немесе 12%-ға өсті.
Қала әкімдігі басшылығымен -1359, немесе 27,8% құжаттарды қаралды және бақылаудан алынды.
Қала әкімі 4347 қызметтік құжаттарды қарап, тапсырмалар берді
Қала әкімінің тұрғын үй коммуналдық мәселелері жөніндегі орынбасары А.А.Есмұрзаев 1199 құжаттарды (немесе жалпы құжаттың 24,5%),
Қала әкімнің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары С.Н.Тымченко 2237 құжаттар (немесе 45,7%),
Қала әкімнің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ш.М.Мырзақасымова1509 құжаттар (немесе 30,8%) ,
Әкім аппаратының басшысы С.Г.Көшімбаев 831 құжат (немесе 17%).
Дайындалған шығыс құжаттар саны –1809. Оның ішінде 214 немесе 11,8% орындаушыларға пысықтауға қайтарылды. 1564 тіркеліп, жолданушыларға жіберілді, бұл 2013 жылға қарағанда 420-ғакөп.
Электрондық құжат айналымы  жүйесі арқылы жіберілген шығыс құжаттар саны 1165 немесе 74,5%,  оның ішінде басшылардың ЭСҚ қойылғаны -1135 немесе 97,4%, кеңсенің ЭСҚ қойылғаны 1132 құжат немесе 97%.
Қала әкімі аппаратына мемлекеттік тілде келіп түскен кіріс құжаттардың саны есеп беру кезеңінде - 3312 немесе 67,7%  болды.
Мемлекеттік тілде дайындалған шығыс құжаттардың саны-1397 немесе 77,2% құрады.
Құжат айналымы көлемі 14148  болды, оның ішінде тек электрондық түрде  - 10755 құжат немесе 76%.
Көбейтіліп таратылған құжаттарды есепке алғанда құжат айналымының  жалпы көлемі  - 35638 құжат. 2013 жылмен салыстырғанда жалпы құжат айналымы 2003 құжатқа көбейді немесе 5,9%.
Осы жылдың 9 айында Теміртау қаласы әкімдігі, қала әкімі 1249 құқықтық акт қабылдады. 2013 жылмен салыстырғанда қабылданған актілер саны 48-ге азайды немесе 3,7%-ға,
оның ішінде жылдың басынан: әкімдіктің қаулысы – 1205,әкімнің шешімі – 1,әкімнің өкімі – 43.
Қарағанды облысы әділет департаментінде 2 нормативтік-құқықтық акт тіркелді: қала әкімдігінің2014 жылғы 6 ақпандағы № 5/2 «Қалалық бюджет қаражатынан төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі - 2549. «Құрыш қала» газетінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі №14 санында  жарияланған.
қала әкімінің2014 жылғы 17 наурыздағы № 1 «Теміртау қаласында сайлау учаскелерін құру туралы» шешімі. Тіркелу нөмірі - 2590. «Құрыш қала» газетінің 2014 жылғы 2,9 мамырдағы №18, 19 сандарында  жарияланған.
Тіркеуден бас тартылған, пысықтауға қайтарылған нормативтік-құқықтық акті болған жоқ.
Мәселелердің сипатына қарай қабылданған құқықтық актілер төмендегідей болып бөлінеді:
  - жер пайдалану мәселелері- 743 қаулы немесе бұл барлық қабылданған актілердің 59,5%-ы;
  - құрылыс мәселелері– 117 немесе 9,4%;
- білім беру, қамқорлыққа және қорғаншылыққа алу - 105 немесе 9,3%;
  - тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық мәселелері - 80 немесе  6,4%;
- бюджет, жоспарлау – 60 немесе 4,8%;
- әлеуметтік мәселелер – 56 немесе  4,5%;
- қоғамдық маңызы бар шараларды жүргізу, мемлекеттік басқару, кадр мәселелелері – 19 немесе 1,5 %;
- басқа мәселелер – 69.

2014 жылдың 9 айында қала әкімі аппаратында, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерде  жеке тұлғалардың 7919 өтініші, заңды тұлғалардың 1313 өтініші қаралды, оның 1441-і жеке қабылдауда қаралды. 
2013 жылмен салыстырғанда осы жылы түскен өтініштердің саны 2577-ге немесе 21,8%-ға азайды. Алайда қабылдаған азаматтардың саны 34,2%-ға өсті.
Осы жылы мемлекеттік органдарға 12  арыз, 9099 өтініш, 121 басқа өтініштер  (сұраулар, ұсыныстар, лебіздер) түсті.
Өтініштердің 3693-ы  қанағаттандырылды, оның ішінде: жер пайдалану мәселелері бойынша - 1200, тұрғын үй-коммуналдық мәселелер бойынша - 1078, құрылыс мәселелері бойынша  - 616, жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бойынша - 89, білім беру саласы бойынша –32, мемлекеттік басқару мәселелері бойынша -17.
Қолданыстағы заңдарға сәйкес 2591 өтініш иесінетүсініктемелер берілді.
Қанағаттандырудан бас тартылғаны  167 өтініш, оның ішінде 137-і жер пайдалану мәселелері бойынша, 28-ы тұрғын үй-коммуналдық мәселелер бойынша, 1-уі әлеуметтік мәселелер бойынша, 1-уі спорт және дене шынықтыру бойынша.
218 өтінішті қарау тоқтатылды, соның ішінде 217-ыжер пайдалану мәселелері бойынша, 1- білім беру бойынша.
Өтініштердің 1996-і қарау үшін  бағыныстағы және басқа да мемлекеттік органдарға жіберілді.
Теміртау қаласы әкімінің аппаратына жыл басынан жеке және заңды тұлғалардан 2369 өтініш келіп түсті, оның ішінде, жеке тұлғалардан  - 1779, заңды тұлғалардан - 416 жазбаша өтініш, 174 өтініш жеке қабылдауда қаралды.
2013 жылмен салыстырғанда өтініштердің жалпы саны 310-ге немесе 11,6%-ға азайды. Сонымен бірге заңды тұлғалардан түскен өтініштер 59 немесе 31%-ға көбейді.
Келіп түскен өтініштердің: арыз -5, өтініш - 2282; сұрау салу, ұсыныс-79, домалақ арыз -3.            
Облыстық әкімдіктен 71 өтініш түсті. Облыс әкімінің блогына түскен 24 өтініш, электрондық Үкімет порталынан - 4 .
Аталған уақытта қайта берілген өтініштер болған жоқ.
Ағымдағы жылдың басынан қала әкімінің жеке қабылдауында- 32 адам, тұрғын үй коммуналдық мәселелері жөніндегі орынбасары А.А.Есмұрзаев -80, экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары С.Н.Тымченко -14, әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ш.М.Мырзақасымова - 46, әкім аппаратының басшысы С.Г.Көшімбаев - 2 адамды қабылдады.
Қала әкімі аппаратына түскен өтініштердің басым бөлігі - жер пайдалану мәселелері - 1471 немесе 62,1%.
Тұрғын үй  мәселелері бойынша өтініштер саны 23-ке немесе 19,8%-ға азайды: 2013 жылы осы мәселе бойынша 93 өтініш түсті.
Пәтерді жекешелендіру бойынша – 108 өтініш.
Коммуналдық мәселелер бойынша өтініштер саны 30-ге немесе 13,9%-ға азайды, олардың саны - 186 немесе жалпы түскен өтініштердің 7,8%-ы. Оның ішінде абаттандыру бойынша -22, сумен жабдықтау бойынша -18, жылумен жабдықтау бойынша -14, тұрғын үй қорын жөндеу бойынша - 13, ПИК-тің қызметі бойынша - 12.
Құрылыс мәселесі бойынша 94 өтініш қаралды, 2013 жылмен салыстырғанда 37,3%-ға төмендеді.
Әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша 46 өтініш түсті, 2013 жылға қарағанда 24,6%-ға аз.
Құқықтық актілердің көшірмесін беру бойынша - 62, бұрын қабылданған құқықтық актіге өзгерістер енгізу туралы - 73, кәсіпкерлік мәселесі бойынша -44, білім бойынша  - 40,көлік және коммуникациялар бойынша - 17,марапаттау туралы - 14, дене шынықтыру және спорт бойынша - 9, денсаулық сақтау бойынша -6, мәдениет, өнер бойынша - 5.
Өтініштерді қарау нәтижесі бойынша 88 өтініш қанағаттандырылды, 281 өтінішке қолданыстағы заңдарға сәйкес түсініктемелер берілді, 5-уі қаралмай есептен шығарылды, 1 өтінішке оң жауап берілген жоқ,  1985 өтініш әкімдіктің құрылымдық бөлімшелеріне және басқа мемлекеттік органдарға қарауға жіберілді, оның ішінде : «Жер қатынастары бөлімі» ММ - 1533, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ - 266, «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ - 94, «Тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ - 67, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» - 38, «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ - 43, «Білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ - 34, «Ішкі саясат бөлімі» ММ- 26, Ақтау кенті әкімінің аппаратына – 2.
Барлық өтініштер заңдарда белгіленген мерзімде  қаралды.


Теміртау қаласы әкім аппаратының
құжаттамалық қамтамасыз ету
бөлімінің басшысы                                          И.Иванова


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 324.27
  • Euro 398.27
  • Рубль 5.73
Теміртау-13°C
    8 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 725мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 77%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ