ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

2014 жылдың қорытындысы бойынша Теміртау қаласы әкімінің аппаратында заңды және жеке тұлғалардың арыз-өтініштерімен, құжаттармен жұмыс жағдайы туралы ақпарат

 

Теміртау қаласы әкімі аппаратында  2014 жылдың қорытындысы бойынша құжаттармен,  жеке  және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу жағдайы туралы ақпарат

 

Теміртау қаласы әкімі аппаратына 2014 жылы6446 қызметтік құжат келіп түсті, келіп түскен құжаттардың саны 2013 жылмен салыстырғанда 702-ге немесе 12,2%-ға өсті, оның ішінде: электрондық түрде (электрондық құжат бірыңғай айналымы жүйесі бойынша) - 5066, немесе 78,6%-ы,  қағаз тасымалдағышта - 1380.

Жоғары тұрған органдардан түскен құжаттардың саны - 4915, жалпы кіріс құжаттардың 76,2% -ы.  2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жоғары тұрған органдардан түскен құжаттардың саны 426-ге немесе 9,5%-ға өсті.

         Қала әкімі 5528 қызметтік құжаттарды қарап, тапсырмалар берді.

қала әкімінің тұрғын үй коммуналдық мәселелері жөніндегі орынбасары А.А.Есмұрзаев 1694 құжаттарды (немесе жалпы құжаттың 26,3%),

қала әкімнің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары С.Н.Тымченко 2973 құжаттар (немесе 46,1%) ,

қала әкімнің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ш.М.Мырзақасымова 1947 құжаттар (немесе 30,2%) ,

әкім аппаратының басшысы С.Г.Көшімбаев 1214 құжат (немесе 18,8%).

         Жыл басынан 2020 - қызметтік құжаттар орындалды және бақылаудан алынды, немесе 31,3%,соның ішінде 619 жоғары тұрған органдар тапсырмасы.

2014 жылы дайындалған шығыс құжаттар саны -2021, 2013 жылға қарағанда 345 (немесе 20,6%) көп.

Электрондық құжат айналымы  жүйесі арқылы жіберілген шығыс құжаттар саны 1554 немесе 76,9%,  оның ішінде басшылардың ЭСҚ қойылғаны -1519 немесе 97,7%, кеңсенің ЭСҚ қойылғаны 1515 құжат немесе 97,5%.

Қала әкімі аппаратына мемлекеттік тілде келіп түскен кіріс құжаттардың саны есеп беру кезеңінде - 4333 немесе 67,2%  болды.

2014 жылы мемлекеттік тілде дайындалған шығыс құжаттардың саны-1645 немесе 81,4% құрады.

Құжат айналымы көлемі 18826  болды, оның ішінде тек электрондық түрде - 14238 құжат немесе 75,6%. Көбейтіліп таратылған құжаттарды есепке алғанда құжат айналымының  жалпы көлемі  - 47690 құжат. 2013 жылмен салыстырғанда жалпы құжат айналымы 2907  құжатқа көбейді немесе 6,5%.

2014 жылы Теміртау қаласы әкімдігі, қала әкімі 1775 құқықтық акт қабылдады, оның ішінде:

әкімдіктің қаулысы - 1709,

әкімнің шешімі -3,

әкімнің өкімі - 63.

Қарағанды облысы әділет департаментінде 3 нормативтік-құқықтық акт тіркелді:

қала әкімдігінің2014 жылғы 6 ақпандағы № 5/2 «Қалалық бюджет қаражатынан төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі - 2549. «Құрыш қала» газетінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі №14 санында  жарияланған.

қала әкімінің2014 жылғы 17 наурыздағы № 1 «Теміртау қаласында сайлау учаскелерін құру туралы» шешімі. Тіркелу нөмірі - 2590. «Құрыш қала» газетінің 2014 жылғы 2,9 мамырдағы №18, 19 сандарында  жарияланған.

қала әкімінің2014 жылғы 14 қарашадағы № 2«Теміртау қаласы әкімінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 1 "Теміртау қаласында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі. Тіркелу нөмірі- 2889. «Құрыш қала» газетінің 2014 жылғы 26 желтоқсанында жарияланған.

Мәселелердің сипатына қарай қабылданған құқықтық актілер төмендегідей болып бөлінеді:

                 -жер пайдалану мәселелері-1073 қаулы немесе бұл барлық қабылданған актілердің 60,5%-ы;

                 - құрылыс мәселелері - 135 немесе 7,6%;

- білім беру, қамқорлыққа және қорғаншылыққа алу - 146 немесе 8,2%;

                 - тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық мәселелері-116 немесе  6,5%;

- бюджет, жоспарлау - 103 немесе 5,8%;

- әлеуметтік мәселелер - 83 немесе  4,7%;

- қоғамдық маңызы бар шараларды жүргізу, мемлекеттік басқару, кадр мәселелелері - 23 немесе 1,3 %;

- басқа мәселелер  96.

2014 жылы қала әкімі аппаратында, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерде  жеке тұлғалардың 10855 өтініші, заңды тұлғалардың 1776 өтініші қаралды, оның 1825-і жеке қабылдауда қаралды. 

2013 жылмен салыстырғанда осы жылы түскен өтініштердің саны 2616-ге немесе 17,1%-ға азайды. Алайда қабылдаған азаматтардың саны 36,2%-ға өсті.

2014 жылы мемлекеттік органдарға 19  арыз, 12459 өтініш немесе 98,6%, 153 басқа өтініштер  (сұраулар, ұсыныстар, лебіздер) түсті.

2013 жылмен салыстырғанда арыздар саны 6-ға  азайды.

Өтініштердің 5839-ы  қанағаттандырылды (46,2%), оның ішінде: жер пайдалану мәселелері бойынша - 2424, тұрғын үй-коммуналдық мәселелер бойынша - 1467, құрылыс мәселелері бойынша  - 972, жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бойынша - 110, мәдениет және өнер, мұрағат құжаттарын беру мәселелері бойынша - 295, білім беру саласы бойынша -44, мемлекеттік басқару мәселелері бойынша -29.

Қолданыстағы заңдарға сәйкес 3425 өтініш иесіне түсініктемелер берілді (27,1%).

Қанағаттандырудан бас тартылғаны  242 өтініш (1,9%), оның ішінде 206-і жер пайдалану мәселелері бойынша, 28-ы тұрғын үй-коммуналдық мәселелер бойынша, 4-і мүлікті жария ету мәселелері бойынша, 3-уі әлеуметтік мәселелер бойынша, 1-уі спорт және дене шынықтыру бойынша.

450 өтінішті қарау тоқтатылды (3,6%), соның ішінде 447-ыжер пайдалану мәселелері бойынша, 1-білім беру бойынша, 1-әлеуметтік сипатта.

6-ы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қараусыз есептен шығарылған.

Өтініштердің 2700 қарау үшін (21,4%)   бағыныстағы және басқа да мемлекеттік органдарға жіберілді.

         Кестеде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарда қаралған өтініштер саны туралы мәліметтер көрсетілген:

 

2014 жыл

2013 жыл

+/-

%

Барлығы

12631

15247

-2616

-17,1%

оның ішінде

жеке тұлғалардан

 

10855

 

12114

 

-1259

 

-10,4%

заңды тұлғалардан

1776

3133

-1357

-43,3%

жеке қабылдауда

1825

1340

+485

+36,2%

         

арыздар

19

25

-6

-24%

өтініштер

12459

14633

-2174

-14,8%

басқалары

153

588

-435

-73,9%

         

қанағаттандырылды

5839

8145

-2306

-28,3%

түсінік берілді

3425

4341

-916

-21,1%

бас тартылды

242

42

+200

+476,2%

тоқтатылды

450

370

+80

+21,6%

        

 

 

 

Мемлекеттік органдарда қаралған заңды және жеке тұлғалардың   тініштерінің саны туралы ақпарат, 2013 жылмен салыстыра отырып:

ММ атауы

Өтініштер саны

+/-
%

2014 жылы

2013 жылы

«Ақтау кенті әкімінің аппараты» ММ

92

70

+31,4%

«Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ

48

48

 

«Теміртау қаласының құрылыс бөлімі» ММ

24

7

+242,8%

«Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ

18

30

-40%

«Теміртау қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ

72

89

-19,1%

«Теміртау қаласының ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі» ММ

10

33

-69,7%

«Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

2580

3087

-16,4%

«Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

140

1609

-91,3%

«Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ

3750

3120

+20,2%

«Теміртау қаласының мәденит және тілдерді дамыту бөлімі» ММ»

26

27

-3,7%

«Теміртау қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

926

1584

-41,5%

«Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

1161

1322

-12,2%

«Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ

518

642

-19,3%

 

Теміртау қаласы әкімінің аппаратына 2014 жыл бойы жеке және заңды тұлғалардан 3264 өтініш келіп түсті, оның ішінде, жеке тұлғалардан  - 2468, заңды тұлғалардан - 569 жазбаша өтініш, 227 өтініш жеке қабылдауда қаралды.

 

2014 жыл

2013 жыл

+/-

%

барлығы

3264

3563

-299

-8,4%

оның ішінде

жеке тұлғалардың жазбаша өтініштері

2468

2267

+201

+8,9%

заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері

569

1140

-571

-50,1%

жеке қабылдауда

227

156

+71

+45,5%

 

       

жоғары тұрған органдардан

103

90

+13

+14,4%

қайталанған

7

2

+5

+250%

арыздар

8

8

   

өтініштер

3152

3119

+33

+1,1%

басқалары

104

436

-332

-76,1%

2013 жылмен салыстырғанда өтініштердің жалпы саны 299-ға немесе 8,4%-ға азайды, заңды тұлғалардан түскен өтініштер 272 немесе 11,2%-ға көбейді.

Келіп түскен өтініштердің: арыз -8 , өтініш -3152, басқалары - 104.           

Облыстық әкімдіктен 103 өтініш түсті, соның ішінде ҚР Президенті әкімшілігінен - 33, ҚР Үкіметінен - 8. Облыс әкімінің блогына түскен 36 өтініш, электрондық Үкімет порталынан - 6 .

2014 жылы қайта берілген өтініштер - 7. Барлық өтініштер бойынша өтініш берушілерге қолданыстағы заңнамаларға сәйкес түсініктемелер берілді.

Қала әкімі аппаратына түскен өтініштердің басым бөлігі - жер пайдалану мәселелері - 2011 немесе 61,6%.

Тұрғын үй  мәселелері бойынша өтініштер саны 12-ге немесе 27,3%-ға көбейді: 2014 жылы осы мәселе бойынша 56 өтініш түсті, соның ішінде облыстық әкімдіктен - 10 өтініш (2013 жылы олардың саны 44, облыстық әкімдіктен - 13 болды). 33 өтініш берушілерге қолданыстағы заңнамаларға сәйкес түсініктемелер берілді, 21- «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ қарау үшін жолданды.

Пәтерді жекешелендіру бойынша - 176 өтініш (2013 жылы - 144).

Коммуналдық мәселелер бойынша өтініштер саны 26-ға немесе 6,9%-ға азайды, олардың саны -347 немесе жалпы түскен өтініштердің 10,6%-ы, оның ішінде 36- облыстық әкімдіктен. Оның ішінде жылумен жабдықтау бойынша -29, сумен жабдықтау бойынша -22, абаттандыру бойынша -23, тұрғын үй қорын жөндеу бойынша - 17, ПИК-тің қызметі бойынша - 22.

Құрылыс мәселесі бойынша 105 өтініш қаралды (2013 жылы-184), 42,9%-ға төмендеді.

Әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша 80 өтініш түсті, 2013 жылға қарағанда 36,5%-ға аз.

Құқықтық актілердің көшірмесін беру бойынша -85 (2013 жылы - 98), бұрын қабылданған құқықтық актіге өзгерістер енгізу туралы - 92, кәсіпкерлік мәселесі бойынша - 56 (2013 жылы - 57), оның ішінде 1-қайталанған, 4-жоғары тұрған органдардан; білім бойынша  - 44 (2013 жылы - 49),көлік және коммуникациялар бойынша - 28 (2013 жылы - 23),дене шынықтыру және спорт бойынша -14 (2013 жылы-13), денсаулық сақтау бойынша -8 (2013 жылы - 11), мәдениет, өнер бойынша -10 (2013 жылы -19).

Өтініштерді қарау нәтижесі бойынша 133 өтініш қанағаттандырылды, 437 өтінішке қолданыстағы заңдарға сәйкес түсініктемелер берілді, 6-ы қаралмай есептен шығарылды, 7 өтінішке оң жауап берілген жоқ,  2668 өтініш әкімдіктің құрылымдық бөлімшелеріне және басқа мемлекеттік органдарға қарауға жіберілді.

 

 

Қабылдаудағы өтініштер саны

Жазбаша өтініштер саны

2014 жыл

2013 жыл

% айырмасы

2014 жыл

2013жыл

 % айырмасы

Коммуналдық шаруашылық

105

52

+101,9%

242

321

-24,6%

Тұрғын үй мәселелері

24

11

+118,2%

208

177

+17,5%

Әлеуметтік қорғау

14

25

-44%

66

101

-34,6%

Денсаулық сақтау

4

6

-66,7%

4

5

-20%

Білім беру

26

29

-10,3%

18

20

-10%

Мәдениет, өнер, мұрағат

1

4

-75%

9

15

-40%

Дене шынықтыру және спорт

1

-

+100%

13

13

 

Заңдылықты қамтамасыз ету

 

-

 

7

8

-12,5%

Ауыл шаруашылық

1

-

+100%

1

12

-91,7%

Жер пайдалану

9

9

 

2002

1896

+5,6%

Көлік және коммуникация

4

-

+100%

24

23

+4,3%

Басқалары

38

20

+90%

443

816

-45,7%

БАРЛЫҒЫ

227

156

+45,5%

3037

3407

-10,8%

         Қала әкімдігі аппаратына түскен 3264 өтініштің 2828 әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінде қаралды, соның ішінде: «Жер қатынастары бөлімі» ММ - 2078, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ - 387, «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ - 109, «Тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ - 102, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» - 73, «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ - 58, «Білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ - 44, «Ішкі саясат бөлімі» ММ- 31, «Құрылыс бөлімі» ММ- 18, «Экономика және қаржы бөлімі» ММ- 15, «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ -15, «Ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі» ММ - 11, Ақтау кенті әкімінің аппараты -5.

Барлық өтініштер заңдарда белгіленген мерзімде  қаралды.

 

Теміртау қаласы әкім аппаратының

құжаттамалық қамтамасыз ету

бөлімінің басшысы   И.Иванова

 

 


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 338.78
  • Euro 392.82
  • Рубль 5.35
Теміртау15°C
    3 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 714мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 48%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ