ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Теміртау қаласы әкімі аппаратында 2018 жылдың 1 тоқсанында құжаттармен, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу жағдайы туралы ақпарат

Теміртау қаласы әкімі аппаратына 2018 жылы 1 тоқсанда 2806 қызметтік құжат келіп түсті. 2017 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 308-ге немесе 12,3%-ға өсті. Оның ішінде электрондық түрде  - 2640, немесе 94,1%, қағаз тасымалдағышта - 166 немесе 5,9%.

Жоғары тұрған органдардан түскен құжаттардың саны - 1752, жалпы кіріс құжаттардың 62,4% -ы.

Шығыс құжаттар саны - 553 құрады. Оның ішінде мемлекеттік тілде - 440 немесе 79,6% (2017 жылдың 1 тоқсанында 722 құжат жолданды, оның ішінде мемлекеттік тілде - 85,3%).

 

2018 жылы 1 тоқсанда Теміртау қаласы әкімдігі, қала әкімі 367 құқықтық акт қабылдады (2011 жылдың 1 тоқсанында - 318), оның ішінде:

әкімдіктің қаулысы - 347.

әкім шешімі  - 1

әкім өкімі - 19

Қарағанды облысы әділет департаментінде 3 нормативтік-құқықтық акт тіркелді:

1. Теміртау  қаласы  әкімдігінің   2018 жылғы 19 ақпандағы № 8/1 «Теміртау қаласында қалалық рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» қаулысы, 2018 жылғы 1 наурыздағы тіркеу нөмірі № 4630;

2. Теміртау  қаласы  әкімдігінің   2018 жылғы 19  ақпандағы № 8/2 «Теміртау қаласында қалалық рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» қаулысы,2018 жылғы 1 наурыздағы тіркеу нөмірі № 4631;

3. Теміртау  қаласы  әкімінің   2018 жылғы 22 ақпандағы №1 «Теміртау қаласы әкімінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 5 "Теміртау қаласында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы»  шешімі, 2018 жылғы 5 наурыздағы тіркеу нөмірі № 4636

Мәселелердің сипатына қарай қабылданған құқықтық актілер төмендегідей болып бөлінеді:

                 - жер пайдалану мәселелері - 238 қаулы немесе бұл барлық қабылданған актілердің 64,8%-ы;

- мемлекеттік басқару мәселесі бойынша - 44 немесе 12 %;

                 - білім беру, қамқорлыққа және қорғаншылыққа алу - 31 немесе 8,4%;

                 - тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, көлік мәселелері - 26 немесе 7,1%;

- әлеуметтік мәселелер, жұмыспен қамту - 14 немесе  3,8%;

- экономика, жоспарлау, қаржы, жылжымайтын мүлік - 7 немесе 1,9%;

- құқықтық тәртіп, ТЖ, әскери міндет – 3 немесе 0,8%;

- ветеринария мәселелері бойынша- 1 немесе 0,3%;

- құрылыс мәселелері - 1 немесе 0,3%;

- басқа мәселелер - 2.

 

Теміртау қаласы әкімінің аппаратына 2018 жылы 1 тоқсанда жеке және заңды тұлғалардан 429 өтініш келіп түсті, оның ішінде, жеке тұлғалардан - 266, заңды тұлғалардан - 98 жазбаша өтініш.

2017 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда өтініштердің жалпы саны 36-ға немесе 7,7%-ға азайды.

2018 жылы 1 тоқсанда әкім аппаратына келіп түскен өтініштер: арыз - 1, өтініштер -422, басқа да өтініштер (ұсыныстар) - 6.

         Облыстық әкімдіктен 44 өтініш, облыстық басқармадан - 1, облыс және қала прокуратурасынан - 31, басқа да ұйымдардан 2 өтініш түсті.

Электрондық үкімет порталы арқылы түскен 19 өтініштер түсті.

Облыс әкімінің блогына түскен 16 өтініштер қаралды.

         Жеке және заңды тұлғалар өкілдерін қала әкімі, оның орынбасарлары, әкім аппарат басшысы жеке қабылдауы апта сайын, кестеге сәйкес, алдын ала жазылулар бойынша жүргізіледі.

2018 жылы 1 тоқсанда басшылықпен жеке мәселелер бойынша 29 қабылдау жүргізілді, 65 азаматтар қабылданды.  2017 жылмен салыстырғанда саны 10-ға төмендеді, немесе 13,3%.

Қала әкімі жеке мәселелер бойынша 7 қабылдау жүргізді, 25 адамды қабылдады;

қала әкімінің орынбасары В.М.Цай жеке мәселелер бойынша 10 қабылдау жүргізді, 22 адамды қабылдады;

қала әкімінің орынбасары Ғ.О.Спабеков жеке мәселелер бойынша 7 қабылдау жүргізді, 12 адамды қабылдады;

қала әкімнің орынбасары Д.Ж.Есімханов жеке мәселелер бойынша 5 қабылдау жүргізді, 6 адамды қабылдады.

Барлық өтініш иелеріне қабылдау кезінде түсініктемелер берілді.

 

Қала әкімі аппаратына түскен өтініштердің басым бөлігі – тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелері - 162 немесе 37,8% (2017 жылы                1 тоқсанда - 135, немесе 29%). 

Жер пайдалану мәселелері бойынша - 135 немесе барлық өтініштердің 31,5% (2017 жылы 1 тоқсанда - 167, немесе 35,9%). 

Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселесі бойынша 23 өтініш түсті (2017 жылы 1 тоқсанда - 22). 

Кәсіпкерлік мәселесі туралы- 13(2017 жылы 1 тоқсанда- 11), білім беру  6 (2017 жылы 1 тоқсанда -12),  құрылыс мәселесі бойынша - 7 (2017 жылы  1 тоқсанда - 17), мәдениет, өнер, ономастика бойынша - 5, көлік және коммуникация - 4, дене шынықтыру және спорт бойынша - 4 (2017 жылы 1 тоқсанда - 6), денсаулық сақтау, санитария бойынша - 4 .

Түскен өтініштердің 20 өтініш қанағаттандырылды, 105 өтінішке қолданыстағы заңдарға сәйкес түсініктемелер берілді, 1-қарау тоқтатылды, 2 өтініш әкімдіктің құрылымдық бөлімшелеріне және жоғарғы органдарға, 301 төменгі мемлекеттік органдарға жолданды.

2018 жылы 1 тоқсанда жер пайдалану саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 158 өтініш қабылданды, оның ішінде:

- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру туралы- 7

- елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскесін беру туралы-41;

- сауда-саттықты (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу туралы - 110.

 

 

Теміртау қаласы әкім аппаратының

құжаттамалық қамтамасыз ету

бөлімінің басшысы     И.Иванова


 


Жаңартылған: 16.04.2018 18:14
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 325.79
  • Euro 402.94
  • Рубль 5.33
Теміртау15°C
    8 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 716мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 37%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ