ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Теміртау қаласы әкімі аппаратында 2016 жылдың қорытындысы бойынша құжаттармен, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу жағдайы туралы ақпарат

Теміртау қаласы әкімі аппаратына 2016 жылы 9179 қызметтік құжат келіп түсті, келіп түскен құжаттардың саны 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2053-ке немесе 28,8%-ға өсті. Оның ішінде электрондық түрде (БЭҚАЖ) - 7298, немесе 80%, қағаз тасымалдағышта - 1881 немесе 20%.
Жоғары тұрған органдардан түскен құжаттардың саны - 5296, жалпы кіріс құжаттардың 57,7% -ы (2015 жылы -4535, немесе 63,6%).
Шығыс құжаттар саны - 3471 құрады.Электрондық құжат айналысы жүйесі арқылы жолданған шығыс құжаттар саны 3163, немесе 91%. 2015 жылмен салыстырғанда шығыс құжаттар саны 1693-ке немесе 80,5%-ға өсті.
Қала әкімі аппаратына мемлекеттік тілде келіп түскен кіріс құжаттардың саны - 5900 немесе 64,3% (2015 жылы -4742, немесе 66,5%).).
Мемлекеттік тілде дайындалған шығыс құжаттардың саны – 2963, немесе  85,4 % (2015 жылы -1793, немесе 85,3%).

2016 жылы Теміртау қаласы әкімдігі, қала әкімі 1573 құқықтық акт қабылдады (2015 жылы – 1678), оның ішінде:
әкімдіктің қаулысы - 1468 (2015 жылы - 1572).
әкім шешімі  - 1 (2015 жылы - 6).
әкімнің өкімі - 104  (2015 жылы - 100).
Қарағанды облысы әділет департаментінде 2 нормативтік-құқықтық акт тіркелді:
1) Теміртау қаласы әкімінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 2/8 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу және сайлаушылармен кездесу үшін кандидаттарға үй-жайлар беру туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі 2016 жылғы 22 қаңтар - 3635.
2) Теміртау қаласы әкімінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 47/4 «Коммуналдық мүлікті иелектен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі 2016 жылғы 13 желтоқсан - 4047.
Тіркеуден бас тартылғаны - 1 НҚА
Теміртау қаласы әкімінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 3/2 «Қалалық бюджет қаражатынан төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысы.
Мәселелердің сипатына қарай қабылданған құқықтық актілер төмендегідей болып бөлінеді:
- жер пайдалану мәселелері - 1093 қаулы немесе бұл барлық қабылданған актілердің 69,6%-ы;
- білім беру, қамқорлыққа және қорғаншылыққа алу - 102 немесе 6,5%;
- тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық мәселелері - 95 немесе  6%;
- әлеуметтік мәселелер, жұмыспен қамту - 56 немесе  3,6%;
- құрылыс мәселелері - 44 немесе 2,8%;
- қоғамдық маңызы бар шараларды жүргізу, мемлекеттік басқару, кадр мәселелелері - 40 немесе 2,5 %;
- бюджет, жоспарлау - 26 немесе 1,6%;
- ТЖ, жұмылдыру, әскери міндет - 10
- кәсіпкерлік, ветеринария мәселелері бойынша  - 6
- басқа мәселелер - 102.

2016 жылы әкімдіктік құрылымдық бөлімшелерінде  жеке тұлғалардың 8691 өтініші (2015 жылы - 9227), заңды тұлғалардың 859 өтініші (2015 жылы - 1294) қаралды, оның 1173-і жеке қабылдауда (2015 жылы - 1515) қаралды. 
2015 жылмен салыстырғанда осы жылы түскен өтініштердің саны 971-ге немесе 9,2%-ға азайды, жеке мәселелер бойынша қабылданған азаматтар саны – 342 немесе 22,6%-ға  азайды. 
2016 жылы мемлекеттік органдарға 43  арыз, 9457 өтініш, 50 басқа өтініштер  (сұраулар, ұсыныстар, лебіздер) келіп түсті.
Өтініштердің 5030-ы  қанағаттандырылды (52,7%), оның ішінде: жер пайдалану мәселелері бойынша - 1385, тұрғын үй-коммуналдық мәселелер бойынша - 990,құрылыс мәселелері бойынша  - 977, білім беру - 603, жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бойынша - 295,  мәдениет, өнер, мұрағаттық құжаттар көшірмелері - 70, мемлекеттік басқару мәселелері бойынша - 50, экономика, мемлекеттік мүлік - 50, жария ету - 21, кәсіпкерлік мәселелері бойынша - 13, спорт, дене шынықтыру, басқа да мәселелер бойынша  - 13.
Қолданыстағы заңдарға сәйкес 2627 өтініш иесіне (27,5%) түсініктемелер берілді. 
Қанағаттандырудан бас тартылғаны  84 өтініш (0,9%), оның ішінде 62-і жер пайдалану мәселелері бойынша, жария ету бойынша - 8, тұрғын үй-коммуналдық мәселелер бойынша - 5,  жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету - 4, мемлекеттік басқару мәселелері бойынша - 2, кәсіпкерлік мәселелері бойынша - 1, салық қатынастары - 1, бұқаралық ақпарат құралдары - 1.
20 өтінішті қарау тоқтатылды, оның ішінде білім бойынша - 6, жария ету - 5,  жер мәселесі- 2, мәдениет және өнер - 2, басқа да - 5.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес 4 өтініш қаралмай, есептен шығарылды.
Өтініштердің 1784 (немесе 18,7%) қарау үшін  төмен тұрған және басқа да мемлекеттік органдарға жіберілді.

Теміртау қаласы әкімінің аппаратына 2016 жылы жеке және заңды тұлғалардан 2558 өтініш келіп түсті, оның ішінде, жеке тұлғалардан - 1746, заңды тұлғалардан - 344 жазбаша өтініш.
2015 жылмен салыстырғанда өтініштердің жалпы саны 108-ге немесе 4%-ға азайды.

         Жеке және заңды тұлғалар өкілдерін қала әкімі, оның орынбасарлары, әкім аппарат басшысы жеке қабылдауы апта сайын, кестеге сәйкес, алдын ала жазылулар бойынша жүргізіледі.
2016 жылы басшылықпен жеке мәселелер бойынша 468 азаматтар қабылданды,  2015 жылмен салыстырғанда саны 80-ге артты, немесе 20,6% (2015 жылы - 388).
Қала әкімі 148 адамды,
қала әкімінің орынбасарлары  - 317,
әкім аппаратының басшысы - 3 адамды қабылдады.
2016 жылы әкім аппаратына келіп түскен өтініштер:  арыз - 18 (2015 жылы -16), өтініштер - 2518 (2015 жылы - 2576), басқа да өтініштер - 22 (2015 жылы -74).
Облыстық әкімдіктен 121 өтініш (2015 жылы -103), облыстық басқармалар мен департаменттерден - 7, қала прокуратурасынан - 54, қалалық мәслихат - 4, басқа да ұйымдардан 2 өтініш түсті.
Облыс әкімінің блогына түскен 45 өтініштер, Электрондық үкімет порталы арқылы түскен 30 өтініштер қаралып, жауап берілді.

Қала әкімі аппаратына түскен өтініштердің басым бөлігі - жер пайдалану мәселелері - 1100 немесе жалпы түскен өтініштердің 43% (2015 жылы -1218, немесе 46%). 
2015 жылмен салыстырғанда тұрғын үй  беру мәселелері бойынша өтініштер саны 64 немесе 15% артты, олардың саны 488, барлық түскен өтініштердің жалпы санының 19%, оның ішінде: облыстық әкімдіктен - 38 (2015 жылы -35),   жылумен қамтамасыз ету - 59 (2015 жылы-13), сумен қамтамасыз ету - 38 (2015 жылы -15), абаттандыру және көгалдандыру - 68 (2015 жылы -47), тұрғын үй қорын жөндеу бойынша - 35 (2015 жылы -27),
ПИК-тің қызметі бойынша - 35 (2015 жылы - 17).
Тұрғын үй  беру мәселелері бойынша өтініштер саны 82, оның ішінде 18 өтініш облыстық әкімдіктен (2015 жылы -85, облыстық әкімдіктен -15).  56 өтінішке қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілді, 26- өтініш «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тұрғын үй және құрылыс бөлімі»  ММ қарауға жолданды.
Тұрғын үйді жекешелендіру бойынша -128 (2015 жылы -102).
Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселесі бойынша 110 өтініш түсті (2015 жылы -99).
Кәсіпкерлік мәселесі туралы - 81 (2015 жылы-43), білім беру - 74 (2015 жылы -53), құрылыс мәселесі бойынша -62, оның ішінде жолдар құрылысы - 18 (2015 жылы-89), бұрын қабылданған құқықтық актілер көшірмесін беру -68 (2015 жылы-76), мүлікті жария ету - 37 (2015 жылы -76), мәдениет, өнер бойынша -25 (2015 жылы -21),  көлік және коммуникация - 22 (2015 жылы -32), азаматтық хал актілерін тіркеу мәселесі бойынша - 22, оның ішінде 7 арыз, 2-і қанағаттандырылды, дене шынықтыру және спорт бойынша -16 (2015 жылы -14), денсаулық сақтау бойынша - 13 (2015 жылы-16).
Түскен өтініштердің 127 өтініш қанағаттандырылды, 657 өтінішке қолданыстағы заңдарға сәйкес түсініктемелер берілді, 2-қараусыз есептен шығарылды, 9 өтінішке бас тартылды, 8 өтініш қарау тоқтатылды, 13 өтініш әкімдіктің құрылымдық бөлімшелеріне және жоғарғы органдарға, 1742 төменгі мемлекеттік органдарға жолданды.
Бөлім 2016 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 373 өтініш қабылдады, оның ішінде 37-жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру туралы,   336-елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскесін беру туралы.
Барлық өтініштер  заңмен белгіленген мерзімде қаралды.

 

Теміртау қаласы әкім аппаратының
құжаттамалық қамтамасыз ету
бөлімінің басшысы
И.Иванова


Жаңартылған: 20.01.2017 15:46
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 325.79
  • Euro 402.94
  • Рубль 5.33
Теміртау15°C
    8 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 716мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 37%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ