ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Теміртау қаласы әкімі аппаратында 2011 жылы құжаттармен, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жағдайы туралы ақпарат

Теміртау қаласы әкімі аппаратында 2011 жылы құжаттармен,  жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жағдайы туралы
ақпарат

Қала әкімінің аппаратына 2011 жылы 3853 қызметтік құжат түсті, оның ішінде жоғары тұрған органдардан -3261 құжат.
Шығыс құжаттардың саны -817.
2011 жылы Теміртау қаласы әкімдігі, қала әкімі 1562 құқықтық акт қабылдады, оның ішінде:
әкімдіктің қаулысы – 1481,
әкімнің шешімі – 7,
әкімнің өкімі – 74.
Теміртау қаласының әділет басқармасы 10 нормативтік - құқықтық актіні тіркеді:  
Қала әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №50/2 «Қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін пайдалануға арналған нысандар және қоғамдық жұмыстар түрлері туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі  8-3-113. «Теміртау» газетінің 2011 жылғы 16 ақпандағы №7, «Зеркало» газетінің 2011 жылғы 23 ақпандағы №7 санында жарияланған.
Қала әкімдігінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 7/19 «Қалалық бюджет  қаражатынан төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі 8-3-114. «Теміртау» газетінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі №14,  «Зеркало» газетінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі  №13 санында жарияланған.
Қала әкімдігінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 9/9 «2011 жылы жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіптік практиканы ұйымдастыру туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі 8-3-115. «Теміртау» газетінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі №15,  «Зеркало» газетінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі  №14 санында жарияланған. Қала әкімдігінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 24/4  қаулысымен күші жойылған.
Қала әкімдігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 13/1 «Теміртау қаласында 2011 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі 8-3-118. «Теміртау» газетінің 2011 жылғы 4 мамырдағы №18,  «Зеркало» газетінің 2011 жылғы  4 мамырдағы  №17 санында жарияланған.
Қала әкімдігінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 20/1 «Интернат ұйымдарының жасы кәмелетке толмаған түлектерін және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі 8-3-119. «Теміртау» газетінің 2011 жылғы 22 маусымдағы № 25 (516) санында жарияланған.
Қала әкімдігінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 24/4 «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 2011 жылы жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіптік практиканы ұйымдастыру туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі 8-3-121. «Теміртау» газетінің 2011 жылғы 27 шілдедегі №30 (521)  санында жарияланған.
Қала әкімдігінің 2011 жылғы 6 қазандағы № 39/1 «Теміртау қаласында жолаушыларды және багажды қалалық автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифті көтеру туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі 8-3-125. «Теміртау» газетінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 44 (535)  санында жарияланған.
Қала әкімінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 5 «2012 жылы шақыру учаскесінде тіркеуге алуды өткізу туралы» шешімі.  Тіркелу нөмірі 8-3-127. «Теміртау» газетінің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 48 (539), «Новый Теміртау» газетінің  2011 жылғы 9 желтоқсандағы №15 (015)  санында жарияланған.
Қала әкімінің 2011 жылғы 30 қарашадағы №7 «Теміртау қаласында сайлау учаскелерін құру туралы» шешімі. Тіркелу нөмірі 8-3-128. «Теміртау» газетінің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 48 (539), «Новый Теміртау» газетінің  2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 15 (015)  санында жарияланған.
Қала әкімдігінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 49/14 «Сайлау науқаны кезінде сайлаушылармен кездесу үшін үй-жай беру, үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы» қаулысы. Тіркелу нөмірі 8-3-130. «Теміртау» газетінің 2011 жылғы 16 желтоқсандағы  № 50, «Новый Теміртау» газетінің  2011 жылғы 16 желтоқсандағы № 16  санында  жарияланған.
Барлық нормативтік-құқықтық актілер қада әкімдігінің сайтына орналастырылған.
Әділет басқармасы мемлекеттік тілдегі мәтінінде жіберілген қателерге байланысты Теміртау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 33/1 «Теміртау қаласында жүйелі автомобильдік жолаушылар тасымалы және жүкке белгіленген бағаның көтерілуі туралы»  қаулысын тіркеуден бас тартты. Орындаушы- «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі. Қала әкімдігінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі №38/13 қаулысымен күші жойылған.
Сонымен қатар 2011 жылы әкімдік әлеуметтік көмек көрсету туралы келесі қаулылар қабылдады:
Қала әкімдігінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 8/1 «Азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден, трамвайдан басқа) жүруге  әлеуметтік  көмек  көрсету  туралы» қаулысы» қаулысы.
Қала әкімдігінің 2011 жылғы 10  наурыздағы №10/3 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетуге шығындарды төлеу үшін материалдық көмек көрсету туралы» қаулысы.
Қала әкімдігінің 2011 жылғы 28  наурыздағы № 11/1 «Негізгі азық-түлік өнімдер бағасының өсуіне байланысты азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету туралы» қаулысы.
Қала әкімдігінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі  № 14/1 «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 66 жылдығы қарсаңында азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету туралы» қаулысы.
Аталған әкімдіктің қаулылары БАҚ-та жарияланып, қала әкімінің сайтына орналастырылған.
2011 жылы әкімдік келесі мәселелер бойынша қаулылар қабылдады:

  • жерді пайдалану – 809 қаулы немесе жалпы қабылданған қаулылардың 52% -ы;
  • білім  беру,   қамқорлыққа   және   қорғаншылыққа  алу –145  немесе

 9,3 %;

  • құрылыс – 181 қаулы немесе 3,1% ;
  • бюджет, жоспарлау – 45 немесе 2,9% ;
  • әлеуметтік қамтамасыз ету – 31 немесе 2%;
  • жұмыспен қамту – 8 немесе 0,5 %.

Қаланың әкім аппаратына 2011 жыл бойы жеке тұлғалардан 3922, заңды тұлғалардан 1323 өтініш келіп түсті.
Оның ішінде арыз - 238, өтініш - 4686, сұрау салу- 321. Қала әкімі аппаратына қайталанып түскен өтініштер саны – 53.
Өтініштерде келесі мәселелер қозғалған:

  • жерді пайдалану – 2224  немесе 40,1 % (2010 жылы – 2090)   ;
  • тұрғын үй-коммуналдық – 1634 немесе 29,5 % (2010 жылы – 2042);
  • білім беру – 567 немесе 10,2 % (2010 жылы – 20);
  • құрылыс және нысандарды қайта салу – 232 (2010 жылы-154);
  • жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету – 20 (2010 жылы -191);
  • кәсіпкерлік мәселелері – 70;
  • көліктің жұмыс істеу мәселелері - 2 (2010 жылы - 41).

Келіп түскен өтініштердің 780-і қанағаттандырылды, 1883  өтініш иесіне заңдарға сәйкес түсініктемелер берілді, 165 өтінішті қанағаттандырудан бас тартылды, 2716 өтініш бағыныштағы және басқа органдарға қарауға жіберілді.
Өтініштерді уақытында қарамағаны үшін 2011 жылы 3 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
         Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке мәселелер бойынша қабылдау апта сайын бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Кесте тоқсан сайын БАҚ-та жарияланып, қала әкімдігінің сайтына орналастырылады.
Өткен жылы қала әкімі және оның орынбасарлары жеке мәселелер бойнша 299 адамды қабылдады.
2011 жылы мемлекеттік мекемелердің басшылары әрі мамандарымен бірге 3 Ашық есіктер күні өткізілді, тұрғындар  қойған 19 сұраққа түсніктемелер берілді.

Құжаттамалық қамтамасыз
ету бөлімінің бастығы И.Иванова


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 360.12
  • Euro 409.67
  • Рубль 5.33
Теміртау26°C
    2 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 713мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 37%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ