ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Теміртау қаласы әкімінің аппаратында 2012 жылдың 1-жартыжылдығында заңды және жеке тұлғалардың арыз-өтініштерімен, құжаттармен жұмыс жағдайы туралы ақпарат


Теміртау  қаласы әкімінің аппаратында  2012 жылдың 
1-жартыжылдығында заңды  және  жеке тұлғалардың
 арыз-өтініштерімен, құжаттармен  жұмыс  жағдайы туралы ақпарат

            Теміртау  қаласы әкімінің аппаратына 2012 жылдың  1-жартыжылдығында  2242 қызметтік  құжаттар түсті  (2011 жылы-2054, түскен  құжаттар саны 188-ге  немесе  9% көбейген), оның ішінде  1943 құжат жоғары  тұрған  мемлекеттік органдардан  түскен.
Қала  әкімі- 2172, қала  әкімінің  орынбасары Г.Күсенова-811,  қала  әкімінің  орынбасары С.Тымченко-868, қала  әкімінің  орынбасары Ю.Жулин-654, әкім аппаратының  басшысы -375  құжаттарды  қарап, тапсырма  берді.
Шығыс  құжаттар саны 560 құрады (2011 жылы-596, 36 құжатқа немесе 6% азайған), оның  ішінде  270 хаттар  мен ақпараттар  жоғары  тұрған  органдарға  жіберілді.
            2012 жылдың  1-жартыжылдығында Теміртау  қаласының әкімдігі, әкімі 716 құқықтық акті қабылдады ( 2011жылы-802, қабылданған актілер саны 86-ға немесе 10,7% азайды), оның ішінде:
әкімдік  қаулылары - 679 (2011 жыла -758),
әкім  шешімдері - қабылданған  жоқ (2011 жылы-4),
әкім  өкімдері-37 (2011 жылы-40).
Қарағанды  облысының әділет департаментінемемлекеттік  тіркеуге 15 нормативтік-құқықтық актілер жіберілді, 7 нормативтік-құқықтық актілер тіркелді, 7 нормативтік-құқықтық актілер тіркеуге  жатпайтын актілер ретінде  қайтарылды, 1 нормативтік-құқықтық акт  тіркеуде.
Барлық нормативтік-құқықтық актілер бұқаралық ақпарат  құралданында  жарияланған, қала  әкімінің сайтында  орналастырылған.
Теміртау  қаласы әкімінің аппаратында, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерде 2012 жылдың  1-жартыжылдығында 6992 жеке  тұлғалардың  (оның  ішінде жеке қабылдауда-659),  1596 заңды  тұлғалардың өтініштері  қаралды.
Түскен арыз-өтініштердің 11-і арыздар, 8184-і өтініштер, 390-ы басқа  өтініштер (сұраулар, ұсыныстар, пікір айтулар).
3499  өтініштер  қанағаттандырылды, 2439 өтініш  берушілерге қолданыстағы  заңнамаларға сәйкес түсінік  берілді, 108 өтініштерде  көтерілген  мәселені  қараудан  бас тартылды, 422 өтініштер қаралуда.
Теміртау  қаласы әкімінің аппаратында 2012 жылдың  1-жартыжылдығында 1677 жазбаша  жеке  тұлғалардың  және  649  заңды тұлғалардың арыз-өтініштері  қаралды (2011 жылмен  салыстырғанда  заңды  және  жеке  тұлғалардың арыз-өтініштері 16,7% азайды).
Жоғары  тұрған  органдардан 56 өтініштер, 77 ұжымдық  өтініштер түсті, осы  мерзімде қайталанған  өтініштер  болған  жоқ.
Әкімдік  басшылары 123 адамды  қабылдады (2011 жылы-170).
Қала  әкімінің аппаратына түскен  арыз-өтініштердің 1-і шағым, 2250-і өтініш, 198-і басқа  өтініштер.
Түскен арыз-өтініштерде  көтерілген  мәселелерге  жүргізілген  талдау мынадай:
жер пайдалану-936 немесе 38,2% (2011 жылы – 1133);
тұрғын үй-коммуналдық мәселелер-924 немесе 7,7% (2011жылы-796), оның ішінде:
тұрғын  үй  беру, тұрғын  үй  беру есебіне  қою-628;
пәтерді  жекешелендіру-106;
коммуналдық мәселелер-144;
жұмысқа  орналастыру, әлеуметтік  және  зейнеткерлік  қамтамасыз ету  мәселелері  туралы-151;
қаржы, салық мәселелері-120;
құрылыс-100;
білім  беру-26 (2011 жылы-260);
өнер  және  мәдениет-19;
көлік  және  коммуникация-15 (2011 жылы-9);
мемлекеттік  басқару -8;
денсаулық,тазалық сақтау-7 (2011 жылы-12);
спорт, дене шынықтыру-5;
лицензия беру-4;
бұқаралық ақпарат  құралдары-2;
басқа  да  мәселелер.
Қала  әкімінің аппаратына түскен  арыз-өтініштердің 64-і  қанағаттандырылды, 354 өтініш  берушілерге қолданыстағы  заңнамаларға сәйкес түсінік  берілді, 4 өтініштерде  көтерілген  мәселені  қараудан  бас тартылды, 1971 өтініштер бағынышты  және  басқа  да  органдарға қарау  үшін  жіберілді (80,5%).

 

«Теміртау  қаласы әкімінің аппараты» ММ
құжаттамалық қамтамасыз ету  бөлімінің
бастығы   И.Иванова


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 327.10
  • Euro 400.53
  • Рубль 5.78
Теміртау-11°C
    1 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 726мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 84%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ