ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Арыз-өтініштерді қарау тәртібі

Құрметті сайтты пайдаланушылар!

Теміртау қаласы әкімдігінің ең маңызды функцияларының бірі - жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiмен жұмыс істеу.
Қала әкімдігінде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiмен жұмыс Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы  «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы»Заңына сәйкес жүргізіледі.
Теміртау қаласы әкімі, қала әкімінің орынбасарлары, қала әкімі аппараты басшысының атына жазылған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жазбаша түрде келесі пошталық мекенжайға жолданады: 101406, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Тәуелсіздік гүлзары,12 немесе өтініш иесі не оның өкілі құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне тапсыра алады (20,35,33-кабинеттер)немесе электрондық Үкімет порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырып, немесе   электрондық түрде жібере алады. Өтініш тікелей мемлекеттік органға түскен кезде өтінішті қабылдаған кеңсе қызметкері өтініш иесіне, жеке немесе заңды тұлғаға, 18 таңбалы бірегей нөмірі бар талон береді, талонның артқы бетінде Интернет-ресурстың мекенжайы, өтініш иесіне өтініштің қаралу жағдайы туралы тиісті ақпарат алуға болатын телефон нөмірлері жазылған.
Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін қала әкімі аппаратының холында азаматтардың арыздары мен өтініштеріне арналған жәшік қойылған.
Теміртау қаласы әкімі, қала әкімінің орынбасарлары, қала әкімі аппараты басшысының атына жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жайында ақпараттықұжаттамалық қамтамсыз ету бөліміндегі (87213) 92-26-63 (жеке тұлғалар үшін)және  92-29-53 (заңды тұлғалар үшін)телефондар бойынша алуға болады.
Теміртау қаласы әкімі аппаратына түскен өтініштер басшылықтың бұрыштамасы бойынша қарау және өтініш иесіне жауап беру үшін әкімдіктің құрылымдық бөлімшелеріне (мемлекеттік органдарға) жіберілуі мүмкін.  
Әкімнің немесе оның орынбасарларының атына түскен өтініш, егер онда көтерілген мәселе әкімдіктің құзыретіне жатпаса, өтініш иесіне хабарлана отырып, үш жұмыс күні  ішінде тиісті субъектілерге жіберіледі.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңның 5-бабына сәйкес, мыналар қарауға жатпайды:
1) мұндай өтiнiште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттiк немесе қоғамдық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп туралы мәлiметтер бар және мемлекеттiк органдардың құзыреттерiне сәйкес оларға дереу жiберiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда, иесi бүркемеленген өтiнiш   иесi (бүркемеленген өтiнiш - ол бойынша авторын белгiлеу мүмкiн емес, қолтаңбасы, оның iшiнде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушiнiң почталық мекен-жайы жоқ өтiнiш);
2) мәселенiң мәнi баяндалмаған өтiнiш.

 Жазбаша өтiнiшке қойылатын талаптар (Заңның 6-бабы):
1. Өтiнiш құзыретiне өтiнiште қойылған мәселелердi шешу кiретiн субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жiберiлуге тиiс.
2. Жеке тұлғаның өтiнiшiнде оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, почталық мекен-жайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде - оның атауы, почталық мекен-жайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Өтiнiшке арыз иесi қол қоюы не ол электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуға тиiс.
Шағым жасалған кезде iс-әрекетiне шағым жасалып отырған субъектiнiң атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi.

Заңның 7-бабына сәйкес:
Өтiнiш жеке немесе заңды тұлғаның өкiлi арқылы енгiзiлуi мүмкiн. Өкiлдiктi ресiмдеу Қазақстан Республикасының  азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Жеке және заңды тұлғалардың жалпыға қолжетiмдi ақпараттық жүйелері арқылы келiп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес түскен өтiнiштерi осы Заңда белгiленген тәртiппен қаралуға тиiс.

Өтiнiшті қарау мерзімдері (Заңның 8-бабы)
Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады.
Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектiге, лауазымды тұлғаға келiп түскен күнiнен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.
Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн, бұл туралы қарау мерзiмi ұзартылған кезден бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде арыз берушiге хабарланады.
Егер өтiнiште баяндалған мәселелердi шешу ұзақ мерзiмдi талап етсе, онда өтiнiш түпкiлiктi орындалғанға дейiн қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы күнтiзбелiк үш күн iшiнде арыз берушiге хабарланады.
Қазақстан Республикасының заңдарында өтiнiштердi қараудың өзге де мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн.

 

Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау (Заңның 12-бабы)

Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкін.
Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.


Жаңартылған: 03.11.2016 11:21
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 366.86
  • Euro 424.49
  • Рубль 5.60
Теміртау0°C
    6 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 719мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 74%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ