ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

ҚР Бас прокуратурасы «Qamqor» қосымшасын іске қосты.

Теміртау қаласында 2017 жылдың 1 қарашасынан Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті «Qamqor» пилоттық жобасын іске қосты.
«Qamqor» мобильді қосымшасы мемлекеттік органдармен азаматтардың өтініштеріне жауапты тиімді қабылдау, өңдеу және ұсыну үшін құрылды.
"Дұрыс емес адрестеу - өтініш беру кезіндегі негізгі өзекті мәселелердің бірі, соның себебінен қарау рәсімінің мерзімі ұзарып кетеді, ал азаматтар ұзақ уақыт бойы жауаптарын ала алмайды. Мобильдік қосымша азаматтар мен мемлекеттің жедел диалог құралына айналады, яғни, адам қандай мемлекеттік органның сол немесе басқа мәселенің шешілуіне жауап беретінін дәл білмесе де, өтінішті дұрыс жолдауға мүмкіндік береді.
Өтініштердің дұрыстығы барысын қадағалауды, өңдеудегі жеделдікті және пилоттық режимде «Qamqor» мобильдік қосымшасы арқылы  жауапты ұсынуды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасының және Қарағанды облысы  әкімдігінің жауапты қызметкерлері жүзеге асырады.
Қала тұрғындары және қала қонақтары қосымша арқылы проблемалық сұрақтарды немесе заңдылықтың бұзылғаны туралы ақпаратты мынадай деректерді көрсете отырып, хабарлай алады:
- міндетті тәртіпте: өтініштің, арыздың мазмұны, ұсыныстар, (мәтінді хабарламаға өзекті фотоны, тиісті уақыт кезеңіне келетін бейне файлдардарды тіркеуге, қоса ұсынуға болады);

Мобильді қосымша  Appstore-да (http://apple.co/2x6Izmi) және PlayMarket-те (goo.gl/kWCVnk) қолжетімді.
 


Жаңартылған: 31.10.2017 11:13
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 339.50
  • Euro 395.42
  • Рубль 5.40
Теміртау19°C
    2 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 709мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 65%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ