ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Теміртау қаласы әкімінің аппаратында 2012 жылы құжаттармен, жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтініштерімен жұмыс істеу жағдайы туралы ақпарат

Теміртау  қаласы әкімінің аппаратында   2012  жылы құжаттармен, жеке  және  заңды  тұлғалардың арыз-өтініштерімен  жұмыс істеу жағдайы  туралы ақпарат

 

         2012 жылы қала  әкімінің аппаратына  4721  қызметтік  құжаттар, оның  ішінде 4195 құжат жоғар  тұрған  мемлекеттік  органдардан   (2011 жылмен  салыстырғанда түскен  құжаттардың саны  868-ге немесе 22,5 % көбейген)  түсті. Электрондық құжат айналымы жүйесі  бойынша  2459  құжат  түсті.

         Қала  әкімі - 4411, қала  әкімінің  орынбасары Г.Күсенова – 2442, қала  әкімінің  орынбасары С.Тымченко – 2358, қала  әкімінің  орынбасары Ш.Мырзақасымова  жұмыс  істеген  уақытында-2012 жылдың  1 қазанынан бастап 525, әкім  аппаратының  басшысы  С.Көшімбаев - 896  құжаттарды қарап, тапсырма  берді.

         Шығыс  құжаттардың  саны  1257 құрады, оның  ішінде 653 хаттар мен ақпараттар  жоғары  тұрған  органдарға  жіберілді.

         2012 жылы  қала  әкімінің аппаратына мемлекеттік тілде түскен кіріс құжаттардың  саны пайызға  шаққанда  49  пайызды  құрады (2011 жылы -48,8).

         Мемлекеттік  тілде  дайындалған  шығыс  құжаттардың  саны  2011  жылмен  салыстырғанда төмендеді  және  50,5 пайызды  құрады (2011 жылы-67,2).

 

         Өткен  жылы Теміртау  қаласының әкімдігі және  әкімі  1623 құқықтық актілер қабылдады (2011 жылмен  салыстырғанда қабылданған актілердің  саны  61-ге  немесе 3,9 пайызға көбейген), оның  ішінде:

         әкімдік  қаулылары – 1546 (2011 жылы-1481),

         әкім  шешімдері – 2 (2011 жылы-7),

         әкім  өкімдері – 75 (2011 жылы-74).

         2012 жылы  қабылданған  нормативтік-құқықтық актілердің 10-ы Қарағанды  облысының әділет  департаментінде  тіркелген:

         қала  әкімдігінің  2012 жылғы 12 қаңтардағы №2/1 «Қоғамдық  жұмысқа  тартылған сотталғандар еңбегін  пайдалануға арналған  нысандар  және  қоғамдық жұмыстар  түрлері туралы» қаулысы. Тіркеу  нөмірі 8-3-132. «Теміртау» газетінің 2012 жылғы  2 наурыздағы №3, «Новый Теміртау»  газетінің 2012 жылғы  2 наурыздағы №9  нөмірінде  жарияланған.

         қала  әкімдігінің  2012 жылғы   26 қаңтардағы №4/1 «Жұмыспен  қамту  2020 бағдарламасы шеңберінде  2012 жылы әлеуметтік жұмыс  орындарын ұйымдастыру  шаралары туралы» қаулысы.Тіркеу  нөмірі 8-3-133. «Новый Теміртау»  газетінің 2012 жылғы  24 ақпандағы №8  нөмірінде  жарияланған.

         қала  әкімдігінің  2012 жылғы   9 ақпандағы №6/1 «Қалалық  бюджет  қаражатынан төленетін қоғамдық  жұмыстарды  ұйымдастыру  туралы» қаулысы.Тіркеу  нөмірі 8-3-134. «Теміртау» газетінің 2012 жылғы  2 наурыздағы №3, «Новый Теміртау»  газетінің 2012 жылғы  2 наурыздағы №9  нөмірінде  жарияланған.

         қала  әкімдігінің  2012 жылғы   16 ақпандағы №7/3 «2012 жылы  жұмыссыз  жастар  үшін дипломнан кейінгі кәсіптік  практиканы ұйымдастыру  туралы» қаулысы.Тіркеу  нөмірі 8-3-135. «Новый Теміртау»  газетінің 2012 жылғы  22 наурыздағы №12  нөмірінде  жарияланған.

         қала  әкімдігінің  2012 жылғы   15 наурыздағы №11/1 «Теміртау  қаласы әкімдігінің 2012 жылғы   26 қаңтардағы №4/1 «Жұмыспен  қамту  2020 бағдарламасы шеңберінде  2012 жылы әлеуметтік жұмыс  орындарын ұйымдастыру  шаралары туралы» қаулысына  өзгеріс  пен  толықтырулар  енгізу туралы» қаулысы.Тіркеу  нөмірі 8-3-137.

         қала  әкімдігінің  2012 жылғы   10 мамырдағы  №18/3 «Қосымша әлеуметтік көмек көрсету  туралы» қаулысы.Тіркеу  нөмірі 8-3-141.

         қала  әкімдігінің  2012 жылғы   31 мамырдағы  №21/3 «Теміртау қаласы әкімдігінің  2012 жылғы   16 ақпандағы №7/3 «2012 жылы  жұмыссыз  жастар  үшін дипломнан кейінгі кәсіптік  практиканы ұйымдастыру  туралы» қаулысына өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу туралы» қаулысы. Тіркеу  нөмірі 8-3-143.

         қала  әкімдігінің  2012 жылғы   5 шілдедегі  №26/1 «Теміртау  қаласы әкімдігінің 2012 жылғы   26 қаңтардағы №4/1 «Жұмыспен  қамту  2020 бағдарламасы шеңберінде  2012 жылы әлеуметтік жұмыс  орындарын ұйымдастыру  шаралары туралы» қаулысына  өзгеріс  енгізу туралы» қаулысы.Тіркеу  нөмірі 8-3-144.

         қала  әкімдігінің  2012 жылғы  29  қарашадағы №47/2 «Азаматтардың жекелеген санаттары  үшін жұмыс  орындарына квота белгілеу  туралы» қаулысы.Тіркеу  нөмірі 2080.

         қала  әкімдігінің  2012 жылғы   15 желтоқсандағы №49/1 «Нысаналы  топтарға жататын  тұлғалардың қосымша  тізбесін белгілеу  туралы» қаулысы.Тіркеу  нөмірі 2096.

         Өткен  жылы тіркеуден бас  тартылған немесе  тысықтауға  қайтарылған  нормативтік-құқықтық актілер  болған  жоқ. Қазіргі уақытта  әкімдіктің  бір  қаулысы мемлекеттік  тіркеуге  жіберілген.

         Барлық нормативтік-құқықтық актілер   бұқаралық ақпарат құралдарында  жарияланған, қала  әкімдігінің интернет-қорында  орналастырылған.

 

         Қабылданған  құқықтық актілер мәселелер  сипаты  бойынша:

- жер  пайдалану  мәселелері  бойынша  877 қаулы немесе барлық қабылданған актілердің  54,1 пайызы;

- құрылыс  мәселесі  бойынша 173 немесе 10,7 пайызы;

- тұрғын  үй  коммуналдық  мәселелер  бойынша  138 немесе 8,5 пайыз;

- білім  беру, қорғаншылыққа  және  қамқорлыққа  алу  мәселелері  бойынша 136 немесе  8,4 пайызы;

- бюджет,  жоспарлау  мәселелері  бойынша  112 немсесе 6,9 пайызы;

- қоғамдық-маңызды шаралар өткізу, мемлекеттік  басқару, кадр  мәселелері  бойынша 96 немесе 5,9 пайызы;

- әлеуметтік  мәселелер  бойынша  48 немесе 3 пайыз.

 

2012 жылы қала әкімінің  аппаратында, жергілікті  бюджеттен  қаржыландырыалтын  мемлекеттік  мекемелерде 13791  жеке  тұлғалардың, 3344 заңды  тұлғалардың өтініштері  қаралды, оның  ішінде  1143-і жеке  қабылдауда қаралды.

Өткен  жылы  мемлекеттік  органдарға  түскен арыз-өтініштердің 19  шағым, 16294 арыз, 822 басқа  да  арыз-өтініштер (сұраным, ұсыныс, пікір).

7796 өтініш қанағаттандырылды, оның  ішінде 1576 - жер  мәселелері  жөнінде, 1737 – тұрғын  үй  коммуналдық мәселелер жөнінде,  1126- мемлекеттік  қызмет көрсету мәселелері  жөнінде, 904- жұмыспен  қамту  және әлеуметтік  қорғау  мәселелері  жөнінде,  863- құрылыс  мәселелері  жөнінде, 89- білім  беру  мәселелері  жөнінде.

Қолданыстағы заңнамалар  аясында  4421 өтініш  иесіне  түсінік  берілді. 235 өтініш қанағаттандырылмады, оның  ішінде  170-і тұрғын  үй  мәселелері  жөнінде, 57-сі мемлекеттік  қызмет  көрсету  жөнінде. Өтініш  иелерінің  өтініштері  бойынша 817 өтінішті  қарау  тоқтатылды, оның  ішінде  809 жер  мәселелері жөнінде.3  өтініш қаперге  алынды  және  қараусыз тізімнен  шығарылды. 24  өтініш басқа  органдарға  жіберілді.

 

2012 жыл  бойы  қала  әкімінің  аппаратына  жазбаша  3013 жеке  тұлғалардың  және  1293  заңды  тұлғалардың  өтініштер  түсті (2011 жылы бұл  көрсеткіш 3922 және  1323 болатын, өткен  жылмен  салыстырғанда  жазбаша өтініштер саны  939  немесе  17,9 пайызға азайды).

Жоғары  тұрған  органдардан  92  өтініш  түсті  (2011 жылы-189).

Өткен  жылы  қала  әкімінің аппаратына қайталанған  2  өтініш  түсті (2011жылы-129).

Әкімдік  басшылары  203 адамды  қабылдады (2011 жылы-299).

Қала  әкімінің аппаратына түскен өтініштердің 5-шағым (2011жылы-238), 4119-өтініштер, 385-басқа  да  арыз-өтініштер.

Өтініштерде  көтерген  мәселелердің сипатына жасалған  талдау   бойынша   олардың  саны  төменгідегідей:

-жер  пайдалану – 1972 немесе  43,7 %  (2011 жылы- 2224);

-тұрғын  үй  коммуналдық  мәселелер  жөнінде -1417 немесе  31,4 %  (2011 жылы- 1634);

-құрылыс  мәселелері  жөнінде -209 немесе 4,6 %  (2011 жылы- 232);

-әлеуметтік  қорғау  мәселелері жөнінде-252 немесе 5,6 %  (2011 жылы- 206);

-білім  беру – 81 немесе  1,8 %  (2011 жылы- 567);

-мәдениет пен  өнер, мұрағаттық сұраным -97 немесе 2,1 %  (2011 жылы- 112);

-денсаулық сақтау -16  (2011 жылы- 20);

-көлік  және  коммуникация -33  (2011 жылы- 22);

-спорт, дене шынықтыру-18  (2011 жылы- 16);

басқа  мәселелер.

         Қала  әкімінің аппаратына түскен өтініштердің 134-қанағаттандырылды, 656 –заңнамаларға сай  түсінік  берілді, 5-қараусыз  қайталды, 1- қараусыз  тізімнен  шығарылды, 3684- қарау  үшін  төмен  тұрған  органдарға  жіберілді.

         2012 жыл  бойы қала  әкімінің  Блогына  түскен  283 өтініштер  мен  сұрақтарға  қаралды  және  олардың  жауабы  Блогқа  орналастырылды, олардың 110-білім  беру, 74- тұрғын  үй  коммуналдық, 10-көлік  және  коммуникация, 6-денсаулық сақтау, 3-бизнес, 3-мемлекеттік  қызмет жөнінде және  77-әртүрлі  мәселелер  туралы. Әкім  Блогына  түсетін  сұрақтардың  көбі тұрғын  үй  кезегін, бала  бақшадағы  кезекті нақтылау, квартал  ішіндегі  аумақты  абаттандыру, тұрғын  үйлерді  жылумен  қамтамасыз ету  туралы.

        

«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ
құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы
И. Иванова


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 325.79
  • Euro 402.94
  • Рубль 5.33
Теміртау15°C
    8 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 716мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 37%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ