ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыруға байланысты «Қазақстандықтарды жұмыспен қамту» бағыты бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыруға байланысты  «Қазақстандықтарды жұмыспен қамту» бағыты бойынша ақпарат

            2011 жылы Жұмыспен қамту 2020  бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Бұл тұрақты  жұмыспен қамту арқылы халықтың табысын өсіруге бағытталған ұзақ мерзімді жоба.
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін Теміртау қаласына 2011 жылы 658,2 млн. теңге бөлінді.  Қалада Бағдарламаның үш бағытының  екеуі жүзеге асырылып жатыр. Олар: жұмыссыздарды оқыту және қайта оқыту, еңбек ресурстарының  жинақылығын арттыру. Бағдарламаның ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамытуға байланысты екінші бағыты Теміртау қаласына бекітілген елді мекендердің болмауы себепті жүзеге асырылмады.
Бірінші бағыт бойынша жаңа мамандық алу, қайта оқу және біліктілігін көтеруге 256 адам жіберілді. Оның ішінде,  201 адам қайта оқытудан өтіп, 176 адам жұмысқа тұрды (88%). Әр түрлі себептермен: жүкті болуына, үш жасқа дейінгі балаға қарауына, қаладан тыс жерге кетуі, әскер қатарына алынуы, денсаулығына байланысты 25 адам жұмысқа тұрған жоқ (12,4%). 55 адам оқуды жалғастыруда.
2011 жылы құрылған әлеуметтік жұмыс орындарында 6 адам жұмыс істеп жатыр («Мартенстрой» ЖШС- 4 адам, «Копылов»ЖК – 2 адам).
2012 жылы қаржыландыру көлемі 39,5 млн. теңгені құрады, оның ішінде даярлау және қайта оқытуға 18,8 млн. тенге, әлеуметтік жұмыс орнына 2,9 млн. теңге, жастар практикасын ұйымдастыруға 7,4 млн. теңге, жол ақысын өтеуге 10,4 млн. теңге бөлінді.
2012 жылдың 1 ақпанында қаланың үш кәсіпорнында  10 әлеуметтік жұмыс орны құрылды ( «Магистраль 2010» ЖШС, «Asia  Still» ЖШС, «Искандер ЖШС-і).
2012 жылда ең қажет мамандықтардың тізбесі анықталды. (электр дәнекерлеуші, электромонтер, сыршы-сылақшы). Осы жылы қайта даярлау жоспарына 40 адам енгізілді. Оқу осы жылдың 9 сәуірінде басталды.
Бағдарламаның үшінші бағытын жүзеге асыруға байланысты  2011 жылы 160 пәтер берілді ( 70 пәтер сатылып алынды, 90 пәтерлі тұрғын үй қайта алынды).
2012 жылы әлеуметік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден 125 отбасын (345) көшіру жоспарланып отыр. Бөлінген қаражат 10,4 млн. теңге.
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында еңбек ресурстарының жинақылығын арттыруды қамтамасыз ету мақсатында  Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына қатысушыларды экономикалық әлеуеті төмен
аудандардан көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазірдің өзінде біздің қаламызға көшіп келіп, жұмыс істегісі келетіндер бар. Шет ауданы Жамбыл кентінен 4 отбасы, Жаңаарқа ауданынан 1 отбасы,        Бұқар Жырау ауданынан 5 отбасы, Қарқаралы ауданынан 1 отбасы, Осакаров ауданынан 1 отбасы көшіп келуге ниет білдірді.
Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша көшіп келуге болатын елді мекендердің тізбесіне Ақтау кенті енгізілді. Қазіргі таңда көшіп келуге ниет білдірген адамдардың тізімін жасау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 371.31
  • Euro 419.32
  • Рубль 5.59
Теміртау-8°C
    4 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 722мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 90%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ