ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Қызметін эпизотикалық сипатта атқаратын жеке тұлғалар үшін бір реттік талондар құны, базарлардағы алым ставкасы және әр бір салық салынатын объектілерге бекітілген салық ставкасы туралы

 

Теміртау қалалық мәслихатының 28.09.2012ж. 8/6 шешімі

 

Қазақстан Республикасы әділет министрлігі

Қарағанды облысы әділет департаменті

2012 жылғы 28 қыркүйектегі нормативтік құқықтық акт нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 1962 нөмірімен тіркелген

 

Теміртау қалалық мәслихаттың
2009 жылғы 12 наурыздағы
16 сессиясының №16/5 «Қызметін
эпизотикалық сипатта атқаратын
жеке тұлғалар  үшін  бір  реттік
талондар құны,  базарлардағы
алым ставкасы және әр бір салық
салынатын объектілерге бекітілген
салық ставкасы туралы» шешіміне
өзгертістер енгізу туралы

 

 

 Бір топ депутаттардың салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салық ставкалары мөлшері жөніндегі ұсынып талдап және қарап, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексіне сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

 1. Теміртау қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 12 наурыздағы 16 сессиясының №16/5 «Қызметін эпизотикалық сипатта атқаратын жеке тұлғалар  үшін  бір  реттік талондар құны,  базарлардағы алым ставкасы және әр бір салық салынатын объектілерге бекітілген салық ставкасы туралы» (тіркеу нөмірі - 8-3-76, «Теміртау» газетінің 2009 жылғы 26 наурыздағы №13, «Зеркало» газетінің 2009 жылғы 25 наурыздағы №12  жарияланған) шешіміне  келесі өзгету енгізілсін:
 

         2009 жылғы 12 наурыздағы № 16/5 шешімінің 6 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын: «6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін  он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.»; 

         осы шешімнің 3-қосымшасының 6-тармағындағы  «13» саны «7» санына ауыстырылсын.

         2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экология, бюджет, өндіріс және құрылыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

         3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы                                                                             Ю. Дюпин

Мәслихат хатшысы                                                                         В. Свиридов

 

 


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 341.08
  • Euro 394.46
  • Рубль 5.37
Теміртау15°C
    3 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 714мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 48%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ