ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Социальное партнерство

Құрметті Теміртау қаласының тұрғындары! «Еңбек шартын жаса!» науқаны басталды

Ең көкейтесті мәселелердің бірі – еңбек шартын жасаспай қызметкердің еңбегін пайдалану немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы шартты жасасу. Бұл ретте, көлеңкелі еңбек қатынастары жұмыс берушінің әдетте үнемдеу мақсатында салық және де басқа міндетті төлемдерден жалтаруы  болып табылады.

Өткен жылы жүргізілген үй-үйді аралау нәтижесі бойынша жұмыс берушілер бір миллионға жуық адамға міндетті зейнетақы төлемдері мен әлеуметтік аударымдарын аудармайтыны анықталды.

Оның үстіне, соңғы 2 жылда мемлекеттік еңбек инспекторларымен еңбек шартын жасаспай жұмысшылардың еңбегін пайдаланып жатқан мыңнан аса жұмыс берушіні анықтады. Негізінен олар құрылыс, сайда, қоғамдық тамақтандыру және ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін қызметкерлер.

Науқан бейресми еңбек қатынастарын анықтау және оған жол бермеу, жасырын нысандағы еңбек қатынастарын қысқарту, азаматтарды еңбек саласындағы олардың құқықтары туралы  ақпараттандыру деңгейін арттыру мақсатында іске қосылды.

«Еңбек шартын жаса» республикалық науқанының міндеті:

1. Еңбек қатынастарын рәсімдеу, бейресми жұмыспен қамтылған азаматтарды  зейнетақы, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесіне тарту.

2. Халықтың бейресми жұмыспен қамтуға деген жағымсыз қарым-қатынасын қалыптастыру,бейресми жұмыспен қамтылғандардың қауіптілігін  бағалау негізінде жұмыс берушілер мен өздігімен жұмыспен қамтылғандарға бару арқылы алдын ала бақылауды жүргізу жолымен әрекет ету және бақылау әкімшілік шараларын күшейту.

3. Халықтың арасында мемлекеттік мекемелердің, медиа-ресурстарды пайдалана отырып әлеуметтік серіктестіктердің қатысуымен жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Науқанның ұйымдастырушылары ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, «Атамекен» ҰКП мен ҚР Кәсіподақтар федерациясы болып табылады.

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі негізгі ұйымдастырушы ретінде науқанның барысында мониторинг жүргізеді, науқан барысында БАҚ-да ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асырады, жұмыс берушілермен форумдар жүргізеді.

Айта кетейік, «Еңбек шартын жаса» республикалық науқаны 2019 жылға дейін жалғасады.


Вернуться назад

Жаңартылған: 01.06.2018 13:24
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 340.27
  • Euro 396.31
  • Рубль 5.39
Теміртау22°C
    3 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 709мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 50%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ