ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Қарағанды қаласында 2017 жылдың 25 қыркүйегінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен ұйымдастырылған «Қоғамдық кеңестер

Қарағанды қаласында 2017 жылдың 25 қыркүйегінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігімен ұйымдастырылған «Қоғамдық кеңестер: әрекет ету мәселелері және көкжиектері» тақырыбында республикалық конференция өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты қоғамдық кеңестер қызметінің үздік тәжірибелерін көрсету мен тәжірибе алмасу, сонымен қоса қоғамдық кеңестер туралы заңнама мен олардың қызметін жетілдіру бойынша нақты үсыныстар жасау болып табылады.

Конференция жүмысына республикалық және аймақтық қоғамдық кеңестердің мүшелері, сараптамалық қауымдастықтың, ҮЕ¥ және т.б. мүшелері қатысты.

Негізгі спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Сейдуманов, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Айгүл Соловьева, саясаттанушы Ерлан Саиров, «Қазақстандағы парламентаризм^ дамыту қоры» ҚҚ төрайымы Зәуреш Батталова, Назарбаев Университетінің Мемлекеттік саясат жоғары мектебінің профессоры Колин Нокс жене т.б. сөз сөйледі.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі А.Нүкенов қоғамдық кеңестер жергілікті жердің және саланың өзекті мәселелерін шешу бойынша тиімді механизм екендігін атап өтті. Қоғамдық кеңестер түрғындарға өзекті мәселелерді көтеруге, қоғамдық тыңдалымдар, мемлекеттік органдармен қабылданған шешімдерге қоғамдық мониторинг пен сараптама жүргізуге мүмкіндік беретін, қоғамдық бақылаудың сәйкес қүралдарымен заңнамалық қамтамасыз етілген.

Вице-министр қоғамдық кеңестердің қызметіне ҮЕ¥, саяси партиялардың басшыларын, қоғамдық пікір көшбасшыларын белсенді тартудың қажеттілігін атап өтіп, мемлекеттік органдарға түрғындардың әлеуметтік маңызы бар мәселелерін шешуде қоғамдық кеңестердің әл-ауқатын қолдануды ұсынды.

Сонымен қоса, конференция барысында вице-министр Абзал Нүкенов қоғамдық кеңестер, халықаралық ұйымдар, ҮЕ¥, сараптамалық қауымдастық өкілдерінен қоғамдық кеңестер қызметінің қолданыстағы механизмдерін жетілдіру және жаңасын қалыптастыру бойынша жүмыстобын қүруды үсынды.

Саясаттанушы Ерлан Саиров өз сөзінде: «сананы жаңғыртудың мақсаттарына қол жеткізу үшін бізге азаматтық қоғаммен жүмысты қайта қалыптастыру керек. Жергілікті жерлерде Қоғамдық кеңестер - бүл бірегей мүмкіндік, аймақтың әлеуметтік даму мәселелеріне жауаптырақ қарайтын өңірлік элитаны қүру мен тәрбиелеу механизмдері деп айтуға болады», - дел атап өтті.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі Айгүл Соловьева өз кезегінде азаматтық қоғам дамуының заманауи үдерістері, қоғамдық кеңестердің қүрылуының кезеңдері мен олардың қызметі туралы баяндады. Сонымен қоса, «қоғамдық кеңестердің негізгі мақсаты республикалық және жергілікті деңгейлерде шешімдер қабылдау кезінде қоғамның мүдделерін қорғау болып табылатындығын» айтты.

«Әлеуметтік жаңғырудың негізгі элементі технологиялық ойлаудың деңгейіне сапалы түрде көшу, заманның талабына сәйкес әлеуметтік және рухани үйымдастырудың ең озық әдістерін үйрену болып табылады. Дегенмен, қоғамдық кеңестердің жүмысында заңнамалық қамтамасыз етуді қажет ететін мәселелер бар. «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға өзгерістер енгізу керек»,- деп Парламентаризмді дамыту қорының төрайымы Зәуреш Батталова атап көрсетті.

Жалпы, іс-шараға қатысушылар Қоғамдық кеңестер қызметінің тәжірибесі, бүгінгі күннің өзінде, түрлі мәселелер бойынша азаматтық қоғам пікірін айту үшін бірегей диалогтық алаң және жүмыс істейтін қоғамдық институт қүрылғандығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Конференция шеңберінде есептік мемлекетті қалыптастыруда қоғамдық кеңестердің әл-ауқатын дамыту мәселелері бойынша семинар, тренинг, панельдік дискуссия түріндегі диалогтық алаңдар өткізілді.


Жаңартылған: 28.09.2017 15:13
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 369.36
  • Euro 431.30
  • Рубль 5.45
Теміртау18°C
    4 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 716мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 25%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ