ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Теміртау қалалық сотында үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Теміртау қалалық сотында судья, БАҚ-мен өзара әрекет жөніндегі үйлестірушісі Е.Э.Дусалиевтың төрағалық етуімен мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «Жастар жасаған қылмыстар және оларды бейбіт жолмен реттеу» атты тақырып бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге Теміртау қаласының Заң кеңесінің меңгерушісі Е.Н.Мурадян; орнынан түскен милиция подполковнигі, заңгер, кәсіби медиатор, Теміртау қалалық Қоғамдық кеңесінің төраға м.а-сы В.П.Карлаш, «Темиртауский Молодежный Клуб» ҚБ-тің – өкілі А.Ю.Хигай, «Стальная Гвардия» газетінің редакторы А.Ю.Горная, «Зеркало» газетінің  тілшісі С.Матвиенко қатысты.
Осы іс-шара өткізу барысында жастармен жасалатын құқық бұзушылықтардың актуалды, өзекті сұрақтары және алдын алу әдістері талқыланды. Қылмыстық және азаматтық сот өндірісінде «Медиация туралы» ҚР Заңын қолдануға ерекше назар аударылды. Осы келісімде келтіру шарасын қолданудың жетістіктері, оң және нашар жақтары түсіндірілді. Сонымен қатар, партисипативтік рәсімін қолданудің тәртібі талқыланған.   
Іс-шара соңында қатысушылар осы тақырып бойынша қорытынды шығарды, пікірлерімен алмасты және өз тілектерін білдірді.
Сонымен судья, БАҚ-мен өзара әрекет жөніндегі үйлестірушісі Е.Э.Дусалиев дөңгелек үстелдің қатысушыларына алғысын білдірді.

 


Жаңартылған: 03.11.2017 17:38
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 369.36
  • Euro 431.30
  • Рубль 5.45
Теміртау18°C
    4 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 716мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 25%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ