ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Статистикалық ақпарат

Теміртау қаласының және Ақтау кентінің 2017 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

Қаланың 2017 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары халықтың өмір сүру деңгейін және қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын арттыруға бағытталған негізгі экономикалық даму көрсеткіштерімен сипатталады.
Қала кәсіпорындарымен 529,6 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді немесе 2016 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда (429,7 млрд.теңге) 23,2%-ға өсті, ондағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 97,1%-ды немесе 2016 жылғы сәйкес кезеңге  қарағанда (414,1 млрд.тенге) 24,2%-ға өсе отырып 514,3 млрд.теңгені құрады.  Нақты көлем индексі 102,8%-ды құрады.
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы қалалық көлеміндегі үлесі 83,9%-ды құрайтын қала құраушы «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы бойынша өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2017 жылдың 9 айында                               444,4 млрд. теңгені құрады немесе 2016 жылғы сәйкес кезеңге  қарағанда                    (363,2  млрд. теңге) 22,4 %-ға  өсті.
13 млрд. 993,9 млн.теңге сомасына құрылыс жұмыстары орындалды немесе 2016 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда  (15 млрд. 704 млн. теңге) 10,9 %-ға төмендеді. Нақты көлем индексі – 75,7%.
Жеке құрылыс есебінен 8,3 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2016 жылғы сәйкес кезеңге  қарағанда (16,3 мың ш.м.) 49,1%-ға төмендеді.
Бөлшек сауда көлемі 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда              (44 млрд. 840,5 млн. теңге) 15,4%-ға артты және 51 млрд. 758,2 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі –106,7%.
2015-2019 жылдарға арналған қала кәсіпкерлігін қолдау картасына                    236 жаңа жұмыс орны ашыла отырып, құны 3 млрд.262,8 млн.теңгеден асатын     4 жоба енгізілді. 2015-2016 жылдарда жалпы сомасы                                                            3 млрд.162,1 млн.теңгеге 4 жоба іске қосылды, 309 жаңа жұмыс орны ашылды.
«Инкар 1» ЖШС-де жинау цехын салу» атты құны 100,7 млн.теңге                       5-жобаны 10 жаңа жұмыс орнын аша отырып іске қосу 2017 жылғы желтоқсанға жоспарланып отыр.
2017  жылдың 9 айында 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Кәсіпкерлікті қолдау картасының іске қосылған жобаларымен   19,1 млрд. теңге сомасына өнім өндірілді немесе өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінің 3,6%-ы (529,6 млрд.теңге).
«Бизнестің Жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасын іске асыру шеңберінде жыл басынан бастап  кредиттер бойынша сыйақыны субсидиялауға Өңірлік үйлестіру  кеңесімен 1 млрд. 792,6 млн.теңге сомасына 14 жоба мақұлданды, кредиттер сомасы – 1 млрд. 394,6 млн. теңге, 88 жұмыс орны ашылады;
2017 жылдың 9 айында жоспарлы 311 жұмыс орнына қарағанда                            333 немесе жоспарға 107,1% жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде экономиканың нақты секторында 130 жұмыс орны, шағын бизнесте                     203 жұмыс орны құрылды.
Тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 10 015 бірлікті құрады, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 8 017 бірлікті құрады. 
Шағын бизнеске қамтылғандар саны 2016 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 0,2%-ға (27 690 адам) өсіп,  27 755 адамды құрады.                                        
Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен 44 млрд. 740,8 млн. теңгеге өнім өндірілді, бюджетке 2 440 млн.теңге сомасында төлем түсті. 
Негізгі   капиталға  25 млрд.14,9 млн.теңге  инвестиция  салынды немесе  2016 жылғы сәйкес  кезеңге  қарағанда  (38 млрд.623,2 млн. теңге) 35,2%-ға  кем,  мұндағы  «АрселорМиттал  Теміртау»  акционерлік  қоғамы инвестицияларының  үлесі 76,1%-ды  немесе 19 млрд. 40,1 млн. теңгені құрап отыр. Нақты көлем индексі -  62,9%.
Қаржыландыру көздері бойынша 91,6%-ы – кәсіпорындардың жеке қаражаттары, 6,3%-ы – бюджет қаражаттары, 2,1%-ы банк кредиттері мен қарыз қаражаттары есебінен.
Өңдеу өнеркәсібіне инвестициялар көлемі 20 млрд. 457,1 млн. теңгені құрады немесе 2016 жылғы сәйкес  кезеңге  қарағанда 31,6%-ға  төмендеді.
3 млрд. 697,3 млн. теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі шығарылды немесе                                    2016 жылғы сәйкес  кезеңге  қарағанда (3 млрд. 234,1 млн. теңге) 14,3%-ға өсті. Нақты көлем индексі 90,3%-ды құрады.
2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша                                     2016 жылдың сәйкес  кезеңімен салыстырғанда тірі салмақтағы мал мен құс 0,5%-ға (105,30 тонна), қой мен ешкі 5,1%-ға (2 808 бас), құс 6,7%-ға (5 600 бас), шошқа 1,6%-ға (316 бас), ірі мүйізді қара 8,7%-ға (1 861 бас) артты, сонымен қатар, сиыр 6%-ға (919 бас), сүт өндіру 5,9%-ға (1 473,3 тонна), жұмыртқа өндіру 10,7%-ға (271,1 мың дана), жылқы өсіру 9,4%-ға (96 бас) төмендеді.
Ағымдағы жылдың басынан бері 888 бас ірі мүйізді қара, 1 133 бас ұсақ мүйізді қара және 270 бас шошқа және 34 бас жылқы сәйкестендірілді.
2017 жылдың 9 айында көлік көрсеткіштері 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда былайша қалыптасты:
- жолаушы тасымалы 1%-ға артты және 22 012,1 мың адамды құрады;
- жүк айналымы 41,7%-ға төмендеді және 20 965,5 мың тонна километрді құрады;
- жолаушы айналымы 6,2%-ға төмендеді және 106 871,1  мың жолаушы-километрді құрады.
-  жүк тасымалы 19,2%-ға төмендеді және 1020,88  мың тоннаны құрады.
Қалалық бюджетке түсімдердің көлемі 8 млрд. 705,1  млн. теңгені құрады немесе жоспарға 105,0%.
2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсімдер жалпы                           894,6 млн.теңгеге немесе 115,5%-ға артты.
Бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы 8 млрд. 290,9 млн. теңгені немесе жоспарға (8 млрд.295,8  млн. теңге) 99,9%-ды құрады.
Қаладағы және Ақтау кентіндегі балабақшалар саны -21. 
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиемен 1-ден 6 жасқа дейінгі                              5 814 бала қамтылды немесе балалардың жалпы санының (7576) 76,7%-ы.          2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 98,6-ны құрады.
Қаланың және Ақтау кентінің 29 жалпы білім беретін мектебінде                    22 239 оқушы оқиды,  мектептердің  компьютерлік паркі 3 047 бірлікті құрап отыр, 1 компьютерге есептегенде оқушы саны 6,4 оқушыдан келеді                        (19 601 адам).
Қаланың емдеу мекемелерінде жұмыс істейтін дәрігерлер саны 429 адам. Дәрігерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың халыққа шаққанда 23,1-ді құрап отыр.
Орта медицина қызметкерлерінің саны 1248 адам. Орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың халыққа                                шаққанда - 67,2.
Туу коэффициенті 2017 жылдың қаңтар-тамызында 13,63-ті құрады немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңіне (15,67) 13%-ға төмендеді.
Өлу коэффициенті 2017 жылдың қаңтар- тамызында 2016 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда (10,30) 2,8%-ға артты  және 10,59-ды құрады.
Туберкулезбен ауыру көрсеткіші 2017 жылдың 9 айында                         100 мың халыққа шаққанда 43,1-ді құрады немесе 2016 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 29,8%-ға төмендеді (61,4).
2017 жылдың 9 айында жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасаған азаматтар саны 5 318 адамды құрады (2016 жылдың                                      9 айында  – 6 923   адам), жұмысқа орналастырылғаны –  3 560 адам немесе өтініш жасаған жұмыссыздардың 66,9%-ы.
Қоғамдық жұмыстарға 660 адам (2016 жылдың                                             9 айында – 580 адам),  кәсіптік оқытуға 705 адам (2016 жылдың                                             9 айында – 514 адам)  жіберілді.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 2017 жылдың басынан бері мыналарға жіберілді:
- әлеуметтік жұмыс орындарына – 76 адам,  игерілгені - 7 млн. теңге немесе жоспарға 100%.
-  жалақы төлей отырып 6 ай мерзімге жастар практикасына  (25 АЕК – 56 725 теңге)- 60 адам жіберілді, игерілгені – 9,3 млн. теңге немесе жоспарға 100%.
- қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға – 684 адам, игерілгені 19,5 млн. теңге немесе жоспарға 92,9% (21,0 млн. теңге).
Кедейлік деңгейінен (9 054 теңге) төмен өмір сүретін тұрмысы нашар азаматтар саны  17 адамға (3 отбасы) артты және 149 адамды (32 отбасы) құрады, 2016 жылдың 9 айында  – 132 адам (29 отбасы).
Кедейлік деңгейі 0,1 %-ды құрады.
Жылдан жылға  мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін тағайындауды өтінген азаматтардың саны жылдан жылға азайып келеді. 2017 жылдың 9 айы ішінде 1 721,1 мың теңге сомасындағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 74 адамға (2016 жылдың 9 айында 2 206,2 мың теңге сомасына 132 адамға) тағайындалды, тұрғын үй жәрдемақысы 1091,1 мың теңге сомасына 184 отбасына (2016 жылдың 9 айында 1 600,3 мың теңге сомасына 301 адамға) тағайындалды.
Мемлекеттік емес көздерден атаулы әлеуметтік көмек 87 тұрмысы нашар азаматтарға 72,2 мың теңге сомасына (2016 жылдың 9 айында 632,0 мың теңге сомасына 294  тұрмысы нашар азаматқа) көрсетілді.

 


Вернуться назад

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 360.12
  • Euro 409.67
  • Рубль 5.33
Теміртау26°C
    2 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 713мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 37%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ