ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Статистикалық ақпарат

Теміртау қаласының және Ақтау кентінің 2018 жылдың І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

        Қаланың 2018 жылдың І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары халықтың өмір сүру деңгейін және қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын арттыруға бағытталған негізгі экономикалық даму көрсеткіштерімен сипатталады.

         Қала кәсіпорындарымен 226,6 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді немесе 2017 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда (162,9 млрд.теңге) 39,1%-ға өсті, ондағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 97,2%-ды немесе 2017 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда (156,8 млрд.теңге) 40,5%-ға өсе отырып, 220,3 млрд.теңгені құрады.  Нақты көлем индексі 107,2%-ды құрады.

         Өнеркәсіп өндірісінің жалпы қалалық көлеміндегі үлесі 71,7%-ды құрайтын қала құраушы «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы бойынша өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2018 жылдың 1 тоқсанында  162,5 млрд. теңгені құрады немесе 2017 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда (141,9  млрд. теңге) 14,5%-ға  өсті.

         3 049,9 млн.теңге сомасына құрылыс жұмыстары орындалды немесе 2017 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда (1 656 млн. теңге) 84,2%-ға өсті. Нақты көлем индексі – 175,4%.

            Жеке құрылыс есебінен 2,2 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2017 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда (1,6 мың ш.м.) 37,5%-ға өсті.

         Бөлшек сауда көлемі 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда              (14 660,8 млн. теңге) 13,4%-ға артты және 16 625,8 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 106,1%.

          2018 жылдың 1 тоқсанында Кәсіпкерлікті қолдау картасының іске қосылған жобаларымен жалпы 4,2 млрд. теңге сомасына немесе өнеркәсіп өнімінің жалпы көлеміне  1,9% (226,6 млрд.теңге) өнім өндірілді.

«Бизнестің Жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасын іске асыру шеңберінде  жыл басынан бері кредиттер бойынша сыйақыны субсидиялау бойынша Өңірлік үйлестіру  кеңесімен 620,2 млн.теңге сомасына 4 жоба мақұлданды, кредиттер сомасы 538 млн. теңге, 128 жаңа жұмыс орны құрылады;

2018 жылдың 1 тоқсанында  38 жұмыс орны, оның ішінде экономиканың нақты секторында 20 жұмыс орны, шағын бизнесте 18 жұмыс орны құрылды.

Тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны  9 900  бірлікті құрады, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 7 903 бірлікті құрады.   

         Шағын бизнеске қамтылғандар саны 27 780 адамды құрады.                 

         Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен 14 млрд. 986,4 млн. теңгеге өнім өндірілді, бюджетке 880 млн.теңге төлем түсті.

Негізгі   капиталға  11 млрд. 327,9   млн.теңге  инвестиция  салынды немесе  2017 жылдың сәйкес кезеңіне  қарағанда  (9 млрд.156,3  млн. теңге) 23,7%-ға  артық,  мұндағы  «АрселорМиттал  Теміртау»  акционерлік  қоғамы инвестицияларының  үлесі 91,6%-ды  немесе 10 млрд. 375,2 млн. теңгені   құрап    отыр.    Нақты көлем индексі -  118,9%.

         Қаржыландыру көздері бойынша 97,5%-ы – кәсіпорынның жеке қаражаттары, 1,7%-ы банк кредиттері мен қарыз қаражаттары, 0,8%-ы – бюджеттік қаражаттар есебінен.

         Өңдеу өнеркәсібіне инвестициялар көлемі 10 млрд. 599,5 млн. теңгені құрады немесе 2017 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 16,6%-ға артты.

63,5 млн. теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі шығарылды немесе 2017 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда (49,4 млн. теңге) 28,5%-ға өсті. Нақты көлем индексі – 105,3%.

2018 жылдың 1 тоқсаны ішінде 2017 жылғы сәйкес кезеңмен  салыстырғанда тірі салмақтағы мал мен құс 12,4%-ға (26,1 тонна), сүт өндіру 5,4%-ға (228,3 тонна), жұмыртқа 3,3%-ға (31,2 мың дана), ірі мүйізді қара 13,7%-ға (1 913 бас), қой мен ешкі 16,4%-ға (2 898 бас), жылқы 18,5%-ға (141 бас), құс 28,2%-ға (1 941 бас), шошқа өсіру 21,3%-ға (422 бас), сиыр 7,5%-ға (829 бас) артты.

2018 жылдың 1 тоқсанында 337 бас ірі мүйізді қара, 657 бас ұсақ мүйізді қара, 60 бас шошқа және 4 бас жылқы сәйкестендірілді.

         2018 жылдың 1 тоқсанында көлік көрсеткіштері 2017 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда былайша қалыптасты:

         - жолаушы тасымалы 6,6%-ға артты және 7 640,2 мың адамды құрады;

         - жүк айналымы көрсеткіштері 33,1%-ға төмендеді және 4 459,7 мың тн. км-ді құрады;

         - жолаушы айналымы 1,2%-ға төмендеді және 36 290,0 мың жол. км-ді құрады;

- жүк тасымалы 55,8%-ға төмендеді және 104,5 мың тоннаны құрады.

Қала бюджетіне түсімдердің көлемі 3 млрд. 342,9 млн. теңгені құрады.

2017 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда түсімдер жалпы                                99,7 млн.теңгеге артты немесе 103,1%-ды құрады.

         Бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы 2 млрд. 595,5 млн. теңгені немесе жоспарға  (2 млрд. 602,4 млн. теңге) 99,7%-ды құрады.

         Қаладағы және Ақтау кентіндегі балабақшалар саны -21.  

         Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиемен 1-ден 6 жасқа дейінгі                              5 864 бала қамтылды немесе балалардың жалпы санының (7 576) 77,4%-ы.          3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 2017 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,1%-ға өсті және 98,7%-ды құрады.

         Қаланың және Ақтау кентінің 29 жалпы білім беретін мектебінде                    22 239 оқушы оқиды,  мектептердің  компьютерлік паркі 3 464  бірлікті құрап отыр, бір компьютерге есептегенде оқушы саны 5,7 оқушыдан келеді                               (19 601 адам) құрады.

Қаланың емдеу мекемелерінде жұмыс істейтін дәрігерлер саны 359 адам. Дәрігерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың халыққа шаққанда 19,3.

 Орта медицина қызметкерлерінің саны 1 048  адам. Орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың халыққа шаққанда -56,4.

Туу коэффициенті 3,4%-ға артты және 14,16-ны құрады, өлу коэффициенті 0,3%-ға төмендеді және 12,36 -ны құрады.

         Туберкулезбен ауыру көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 23,5%-ға төмендеді және 12,4-ті құрады.

         Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 1 558 адам өтініш білдірді (2017 жылдың 1 тоқсанында – 1 476 адам), жұмысқа орналастырылғаны –                  1 151  адам немесе өтініш жасаған жұмыссыздардың 73,9%-ы.

         Қоғамдық жұмыстарға 183 адам қатысты (2017 жылдың 1 тоқсанында –271 адам).

         Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың                       2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 2018 жылдың                             1 тоқсанында жіберілгені:

-       әлеуметтік жұмыс орындарына – 25 адам, игерілгені – 1,9 млн. теңге немесе 2018 жылдың 1 тоқсанындағы жоспарға  (2,5 млн. теңге) 76%;

-       жалақы төлей отырып (25 АЕК - 60 125 теңге), 6 ай мерзімге жастар практикасына –15 адам, игерілгені – 2,9 млн.теңге немесе 2018 жылдың                              1 тоқсанындағы жоспарға (3,6 млн. теңге) 80,6%;

-       қысқа мерзімді кәсіптік оқыту – 180 адам, игерілгені 44,9 млн. теңге немесе 2018 жылдың 1 тоқсанындағы жоспарға (46,6 млн.теңге) 96,4%.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың                       2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жыл басынан бастап Өңірлік үйлестіру кеңесімен микрокредиттеу бойынша 35 млн.теңге сомасына                              2 жоба мақұлданды.

Жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 3 745,9 мың теңге сомасына 606 адамға тағайындалды, тұрғын үй жәрдемақысы 307,4 мың теңге сомасына 97 отбасына тағайындалды.

Кедейлік деңгейі 0,3 %-ды құрады.


Вернуться назад

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 369.36
  • Euro 431.30
  • Рубль 5.45
Теміртау18°C
    4 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 716мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 25%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ