ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Теміртау қаласының 2011 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Қаланың және Ақтау кентінің 2011 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің өсуімен, өмір сүру деңгейінің артуымен және қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығымен сипатталады.
2011 жылдың 9 айында құндық тұлғада 312,6 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (234 млрд. теңге) 33,6%-ға өсті. 2011 жылдың 9 айында өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 108,8%-ды құрады.
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы қалалық көлеміндегі үлесі 92,3%-ды құрайтын қала құраушы «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы бойынша  өнім өндіру көлемі 288,5 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың     сәйкес кезеңімен салыстырғанда (213,4 млрд. теңге) 35,2%-ға өсті.
2011 жылдың 9 айында табиғи тұлғада өнімнің негізгі түрлерін өндірудің өсуі  өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда келесіні құрады: жалпақ илек -2293,1 мың тонна немесе 7,4%, шойын - 2426,8 мың тонна немесе 13,3%, болат - 2832,4 мың тонна немесе 14,1%, мырышталған илек - 466,3 мың тонна немесе 6,7%, цемент -1028 мың тонна немесе 5,7%-ға, дәнекерленген құбырлар – 46,3 мың тоннаға немесе 6,7% -ға өсті.
Сонымен бірге, өнімнің келесі түрлері бойынша: көмір –7911,1 мың тоннаға немесе 3,3%, ферросиликомарганец -13,7 мың тонна немесе 9,3%-ға, кальций карбиді – 19,1 мың тонна немесе 14,3%-ға, нан шығару - 3456 тоннаға немесе 2,9%-ға төмендеді.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 1195,9 млн. теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне (1200,2 млн. теңге) 0,4%-ға төмендеді. 2011 жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы өнімін жалпы өндірудің нақты көлем индексі 100%-ды құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2011 жылдың                                         9 айында 37,1 млрд.теңгені құрады немесе 2010 жылдың 9 айына 42,1% өсті (26,1 млрд.теңге). Негізгі капиталға инвестициялардың нақты көлем индексі - 136,2%.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес салмақ (83,2%) «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамына тиесілі (30,9 млрд. теңге).
Жедел индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2011 жылдан бастап 2015 жыл аралығында іске асыру жоспарланып отырған жобалар базасы құрылды.
Олардың ішінде өңірлік индустрияландыру картасына 6 инвестициялық жоба енгізілді.
2011 жылы келесі жобаларды іске қосу жоспарланып отырған жобалар:
- «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамында «№2 домна пешін салу және реконструкциялау» жобасы;
- «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамында «дайындамаларды үзіліссіз құю машинасын салу-3
» жобасы;
- «NORD Пром HC» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Бетон теміржол шпалдарын өндіру үшін айналмалы желіні іске қосу»;
- «Профиль КМК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Бедерленген тақталар шығару өндірісін кеңейту».
2012 жылдан 2015 жыл аралығында іске асырылатын жобалар:
- «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамында «Болат өндіруді жылына 6 млн. тоннаға дейін ұлғайта отырып дамыту және жаңарту»;
«Қарцемент» акционерлік қоғамында  «Цементті құрғақ тәсілмен өндіретін №5-технологиялық желіні іске қосу».
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде Үйлестіру кеңесімен 17 жобаның 13-і мақұлданды, мемлекеттік комиссия жанындағы жұмыс тобының қарауында 4 жоба бар.
Ағымдағы жылдың 9 айында 456 немесе жоспарға (385 жұмыс орны) 118,4% жұмыс орны ашылды, оның ішінде нақты секторда жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және жаңа өндірістерді ашу есебінен 246 орын, шағын бизнесте 210 орын.
Ағымдағы жылдың 9 айында тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6297 бірлікті немесе 2010 жылдың 9 айына 107%-ды (5883 бірлік) құрады.
Ағымдағы жылдың 9 айында шағын кәсіпкерліктің белсенді субъектілері санының өсу қарқыны  2010 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда төмендеді және 97,4%-ды құрады (4927 бірлік).
Шағын бизнеске қамтылғандар саны ағымдағы жылдың                                       9 айында 21602 адамды немесе 2010 жылдың 9 айына 102,1%-ды (21148 адам) құрады.
Ағымдағы жылдың 9 айында шағын кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 21070 млн. теңгені немесе 2010 жылдың 9 айына 167,9%-ды (12550 млн. теңге) құрады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен ағымдағы жылдың                                      9 айында бюджетке 2344 млн. теңге немесе өткен жылғы сәйкес кезеңге 125,3% (1870,7 млн. теңге) төлем түсті.
Ағымдағы жылдың 9 айында қалалық бюджетке түскен түсімдер көлемі нысаналы трансферттерді ескергенде 6269,5 млн. теңгені немесе жоспарға 100,3%-ды (6247,8 млн. теңге) құрады.
Бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы 99,3 %-ды немесе 6719,4 млн. теңгені құрады, жоспар 6764,3 млн. теңге.
Пайдаланылмаған мақсатты тағайындаулардың қалдығы - 44,9 млн. теңге, оның ішінде:
- республикалық бюджет есебінен- 43,3 млн. теңге;
- жергілікті бюджет есебінен - 1,7 млн теңге.
Азық-түлік тауарларына тұтыну бағасының индексі ағымдағы жылдың қыркүйегінде 99,1%-ды құрады, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 0,7%-ға төмен. Ағымдағы жылдың қыркүйегінде азық-түлік емес тауарлар бағасының индексі 100,4%-ды құрады, бұл орташа республикалық  көрсеткіш деңгейінде.
Ағымдағы жылдың 9 айында жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасаған азаматтар саны жыл басындағы жұмыссыздарды есепке алғанда 3401 адамды құрап отыр (2010 жылдың 9 айында –3794 адам), жұмысқа орналастырылғаны-2847 адам немесе өтініш жасаған жұмыссыздардың          83,7%-ы.
Ағымдағы жылдың 9 айында жұмыссыздық деңгейі  5,0%-ды құрады немесе 2010 жыл деңгейінде.
Кедейлік деңгейінен (6268 теңге) төмен өмір сүретін тұрмысы нашар азаматтар саны ағымдағы жылдың 9 айында - 196 адам (46 отбасы), 2010 жылдың 9 айында –240 адам (58 отбасы).
Кедейлік деңгейі ағымдағы жылдың 9 айында– 0,1%, немесе 2010 жылғы деңгейде.
Ағымдағы жылдың 9 айында 2874,3 мың теңге сомасындағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 218 адамға тағайындалды (2010 жылдың 9 айында–2721,1 мың теңге сомасына 280 адам).
Мемлекеттік емес көздерден атаулы әлеуметтік көмек 3254,6 мың теңге сомасына 2300 тұрмысы нашар азаматтарға көрсетілді (2010 жылдың 9 айында 13310,5 мың теңге сомасына 3737адам).
3314,6 мың теңге сомасына 186 отбасына (352 адам) тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалды (2010 жылдың 9 айында - 3433,7 мың теңге сомасына 203 отбасы, 382 адам).
Ағымдағы жылдың  9 айында 436 адам түрлі мамандықтар бойынша оқудан және қайта оқудан өтті.
Қоғамдық жұмыстарға ағымдағы жылдың 9 айында 935 адам жіберілді (2010 жылдың 9 айында - 893 адам).
Қаладағы және Ақтау кентіндегі балабақшалар саны -20.
2011 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар саны–6773.
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиеге қамтылғаны- 5202 немесе 76,8%. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда (56,7%) өсім 20,1%.
Қаланың және Ақтау кентінің 30 жалпы білім беретін мектебінде 18561 оқушы оқиды.
Мектептердегі барлық компьютерлер саны 1926, 1 компьютерге келетін оқушы саны-9,6 есебімен.
Қаланың емдеу мекемелерінде жұмыс істейтін дәрігерлер саны 477 адам. Дәрігерлермен қамтамасыз етілу 10 мың халыққа шаққанда 26,6-ны құрайды. Орта медицина қызметкерлерінің саны 1335 адам.
Орта медицина қызметкерлерімен қаматамысз етілу көрсеткіші 74,4-ті құрайды.
Ағымдағы жылдың 9 айында туберкулезбен ауыру көрсеткіші 100 мың халыққа–64,6 немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7-ге төмендеді (2010 жылдың 9 айында –66,3).
2011 жылы бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға 1501,2 млн. теңге көзделді, 2011 жылдың 9 айында жоспарлы 588,4 млн. теңгеге қарағанда игерілу 100%-ды құрады, оның ішінде:
- республикалық бюджет - 319,2 млн. теңге;
- областной бюджет - 62,9 млн. теңге;
- қалалық бюджет - 206,3 млн теңге.
2011 жылдың 9 айында құрылыс жұмыстарының көлемі 8989,9 млн. теңге сомасында болды немесе 2010 жылдың 9 айына (8545,5 млн. теңге) 105,2%-ды құрады.
2011 жылдың 9 айында 23,8 мың ш.м немесе өткен жылғы сәйкес кезеңге 124% тұрғын үй енгізілді (19,2 мың ш.м.). Енгізілетін тұрғын үй құрылымындағы 35,5% мөлшеріндегі негізгі көлем -  жеке құрылыс есебінен орындалды, жеке инвестициялар 35,3%-ды, жалдамалы тұрғын үй 29,2%-ды құрайды.


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 370.11
  • Euro 419.37
  • Рубль 5.58
Теміртау-13°C
    3 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 725мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 88%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ