ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Теміртау қаласының және Ақтау кентінің 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы


Теміртау қаласының және
Ақтау кентінің 2012 жылғы
әлеуметтік-экономикалық
даму қорытындылары туралы

 


  Қаланың 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің өсуімен, өмір сүру деңгейінің артуымен және қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығымен сипатталады.
2012 жылы құндық тұлғада 392,3 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді немесе 2011 жылға қарағанда (431,4 млрд. теңге) 9,1%-ға төмендеді. 2012  жылы өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 86,9%-ды құрады.
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы қалалық көлеміндегі үлесі 87,8%-ды құрайтын қала құраушы «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы бойынша  өнім өндіру көлемі 2012 жылы 328,6 млрд. теңгені құрады немесе 2011 жылға қарағанда (382 млрд. теңге) 14,1%-ға төмен.
Өндіріс көлемінің төмендеу себебі қала құраушы «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының аглодомна өндірісіндегі апатқа, иран бағытында тапсырыстардың азаюы, Таяу Шығыс елдерінен металл илектеріне тапсырыстардың болмауы және  жергілікті рынокта ірі тұтынушылардың болмауына байланысты тұрақсыз жұмыс істеуі болып табылады.  Сондай-ақ вагон паркінің болмауынан өнімді тасуда қиындықтар болды.
2012 жылы табиғи тұлғада өнімнің негізгі түрлерін өндірудің өсуі 2011 жылмен салыстырғанда келесіні құрады: көмір –126,5 мың тонна немесе 1,1%,  цемент –146 мың тонна немесе 11,8%, металл құрылымдары 1566 тоннаға немесе 2,5 есе, сүт өнімдері 885 тоннаға немесе 6,6%-ға өсті.
Сонымен бірге, өнімнің келесі түрлері бойынша төмендеді: жалпақ илек 590,4 мың тоннаға немесе 20,5%-ға, мырышталған илек 134,3 мың тоннаға немесе 22,4%-ға, құбырлар - 0,1 мың тоннаға немесе 0,2%-ға, кальций карбиді – 1,8 мың тоннаға немесе 6,5%-ға, шойын –434 мың тоннаға немесе 13,8%-ға, болат -711,4 мың тоннаға немесе 19,5%-ға, ақ қаңылтыр –43,5 мың тоннаға немесе 23%-ға, нан және тоқаш бұйымдары -359 тоннаға  немесе 7,9%-ға төмендеді.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 1174,3 млн. теңгені құрады немесе 2011 жылға қарағанда (1409 млн. теңге)16,7%-ға төмендеді. 2012 жылы ауыл шаруашылығы өнімін жалпы өндірудің нақты көлем индексі – 103,3%-ды құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2012 жылы 78,9 млрд.теңгені құрады немесе 2011 жылға қарағанда 9,7%-ға өсті (71,9 млрд.теңге). Негізгі капиталға инвестициялардың нақты көлем индексі –107%.
Теміртау қаласы бойынша Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде іске асырылуы 2011-2015 жылдарға жоспарланған инвестициялық және инновациялық жобалардан тұратын база құрылды.
Оның ішінде Өңірлік Индустрияландыру картасына Теміртау қаласының 5 инвестициялық жобасы енгізілді:
1)  «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамында «Болат өндіруді жылына 6 млн. тоннаға дейін ұлғайта отырып дамыту және жаңарту» жобасы.
Аталмыш жоба шеңберінде 2012 жылы 3 жоба іске асырылды:
- №1 конвертердің газ бөлу жолын реконструкциялау;
- ауа бөлуге арналған жаңа блок салу;
- домна газындағы қазандық.
2) «NORD пром НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Бетон теміржол шпалдарын өндіру үшін айналмалы желіні іске қосу» жобасы;
3) Профиль КМК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Бедерленген тақталар шығару өндірісін кеңейту» жобасы;
4) «Қарцемент» акционерлік қоғамында «Цементті құрғақ тәсілмен өндіретін №5-технологиялық желіні іске қосу» жобасы (іске қосу 2014 жылға жоспарлануда);
5) «TemirLogistik» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Жүк автомобильдері мен арнайы техника үшін сервис стансысын салу» жобасы.
«Бизнестің Жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде 2012 жылы 19 жобадан тұратын база құрылды.
1)  «Имсталькон Теміртау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жабдық сатып алу, қойма салу;
2) «777» фирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде арнайы техника сатып алу;
3) Жеке кәсіпкер «Бабаков»  – нан-тоқаш бұйымдарын шығару өндірісін жаңғырту;
4) «TTS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде автобус паркін жаңарту үшін автобустар сатып алу;
5) «NORD пром НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде моноблок үлгісіндегі темір бетон, бетон шпалдар өндірісі;
6)  «Универсалстрой Теміртау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс материалдары өндірісі;
7)   «Гранит» өндіріс кооперативі – таза табиғи тасты өңдеу;
8) Жеке кәсіпкер Фадеева - тұрмыстық техниканы, аудио, бейне аппаратураны, электр құралдарын, ұялы телефондарды жөндеу;
9) «Теміртау кірпіші» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде Инженерлік инфрақұрылым салу (автожолдар, теміржол тұйықталымы, кәріз сорап стансысымен су бұру жүйесі);
10) «Земдорстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде Жүк тасымалдауға арналған жылжымалы составты жаңарту;
11) «Водоканалстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жылу оқшаулағыш материалдар өндірісі;
12) «Дат TS фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде автобус паркін жаңарту;
13) «Фолти» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жоғары сапалы буып-түю өндірісі, буып-түю өндірісіне арналған машиналар кешенін сатып алу;
14) «СУ-41» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде автомобиль паркін жаңарту;
15) Жеке кәсіпкер Мусина жылжымалы составты жаңарту;
16) «КазЭнергоМаш корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде энергетикалық жабдық зауытын салу;
17) «ТЭМК» акционерлік қоғамында кальций карбидін өндіру көлемін ұлғайту;
18) Жеке кәсіпкер Исмайлов жүкті өздігімен түсіретін автомобиль техникасы паркін жаңарту;
19) «СТЭКА» өндірістік кооперативі жылжымалы составты жаңарту.
2012  жылы жеке қаражаттар есебінен 4 жоба іске асырылады:
1) «Вавилон» сауда желісі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде су және алкогольсіз сусындарды өндіру және бөліп құю;
2)  «Симплекс Маш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде вагондар және вагон арбаларын жасау;
3) «Промтехнология ТКК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде көмір байыту фабрикасын салу;
4) «А-сервис техникалық қолдау орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде тоқыма емес материалдар өндірісі.
2012 жылы 619 немесе жоспарға (643 жұмыс орны) 96,3% жұмыс орны ашылды, оның ішінде экономиканың нақты секторында жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және жаңа өндірістерді ашу есебінен 340 орын, шағын бизнесте 279 орын.
2012 жылы тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6688 бірлікті немесе 2011 жылға қарағанда 105,6%-ды (6336 бірлік) құрайды.
Шағын бизнеске қамтылғандар саны 2012 жылы 22215 адамды немесе 2011 жылға қарағанда 102%-ды (21770 адам) құрады.
2012 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 45925  млн. теңгені немесе 2011 жылға қарағанда 28,4%-ға (35780 млн. теңге) артты.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен 2012 жылы бюджетке 2820 млн. теңге немесе 2011 жылғыдан (2615 млн. теңге) 7,8% артық төлем түсті.
2012 жылы қалалық бюджетке кірістердің түсуі 10282,1 млн. теңгені немесе жоспарға 103,6%-ды (9927,1 млн. теңге) құрады.
Бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы 99,99 %-ды немесе жоспарлы 10274,5 млн. теңгеге 10273,8 млн. теңгені құрады.
Пайдаланылмаған жоспарлы тағайындаулардың қалдығы –755,8 мың теңге, оның ішінде:
- республикалық бюджеттен –35,4 мың теңге;
- жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 720,4 мың теңге.
Азық-түлік емес тауарлар бағасының индексі 2012 жылғы желтоқсанда    2011 жылғы желтоқсанға қарағанда 103,4%-ды құрады немесе  2011 жылмен салыстырғанда 3,1%-ға өсті. Азық-түлік тауарлары бағасының индексі 2012 жылғы желтоқсанда    2011 жылғы желтоқсанға қарағанда 106%-ды құрады немесе  2011 жылғы деңгейде.
2012 жылы жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасаған азаматтар саны жұмыссыздарды есепке алғанда 4612 адамды құрап отыр (2011 жылы - 3969 адам), жұмысқа орналастырылғаны 3985 адам немесе өтініш жасаған жұмыссыздардың 86,4%-ы.
Кедейлік деңгейінен (6629 теңге) төмен өмір сүретін тұрмысы нашар азаматтар саны 2012 жылы - 206 адам (46 отбасы), 2011 жылы –213 адам (49 отбасы).
2012 жылы кедейлік деңгейі – 0,11%.
2012 жылы 3726,9 мың теңге сомасындағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 283 адамға тағайындалды (2011 жылы –3854,4 мың теңге сомасына 266 адам).
Мемлекеттік емес көздерден атаулы әлеуметтік көмек 3775,5 мың теңге сомасына 2030 тұрмысы нашар азаматтарға көрсетілді (2011 жылы 4207,9 мың теңге сомасына 2934 адам).
2012 жылы 502 адам түрлі мамандықтар бойынша оқудан және қайта оқудан өтті.
Қоғамдық жұмыстарға 2012 жылы 1272 адам жіберілді (2011 жылы - 1269 адам).
Қаладағы және Ақтау кентіндегі балабақшалар саны -20.
2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар саны – 6035, олардың 5314-і  немесе 88%-ы мектепке дейінгі ұйымдарда оқып, тәрбиеленуде,  немесе 11,2%-ға өсті (2011 жылы -76,8%).
Қаланың және Ақтау кентінің 30 жалпы білім беретін мектептерінде 18508 оқушы оқиды.
Мектептердегі барлық компьютерлер саны 2648, 1 компьютерге келетін оқушы саны- 6,9 есебімен.
Қаланың емдеу мекемелерінде жұмыс істейтін дәрігерлер саны 519 адам. Дәрігерлермен қамтамасыз етілу 10 мың халыққа шаққанда 28,7-ні құрайды. Орта медицина қызметкерлерінің саны 1379 адам.
Орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың халыққа шаққанда 75,5-ті құрайды.
2012 жылы туберкулезбен ауыру көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда –81,4 немесе 2011 жылмен салыстырғанда 0,9-ға төмендеді (2011 жыл –82,3).
2012 жылы Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салу және (немесе) сатып алуға 268,2 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді, оның ішінде:
- республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен –260,5 млн. теңге;
- облыстық бюджет қаражаты есебінен –7,7 млн. теңге.
2012 жылы қалалық бюджет қаражаты есебінен 22,4 млн. теңге сомасына  жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленді:
- «Теміртау қаласында Тольятти көшесінің бойындағы №44 тұрғын үйді реконструкциялау» - 4,4 млн. теңге;
- «Теміртау қаласында Тольятти көшесінің бойындағы №46 тұрғын үйді реконструкциялау» - 2,2 млн. теңге;
- «Теміртау қаласында Школьная көшесінің бойындағы №55 тұрғын үйді реконструкциялау» - 2,7 млн. теңге;
- 42 тұрғын үйді салу (бұрын әзірленген жобаның қосымшасы) –13,1 млн. теңге.
Сонымен қатар, 2012 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен келесілерге жобалау-сметалық құжаттама әзірленді:
- 7,3 млн. теңге сомасына Теміртау қаласында Тольятти көшесінің бойындағы №44,46 және  Школьная көшесінің бойындағы №55 тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға;
- 9,5 млн. теңге сомасына Соцқаланың шаруашылық-фекалдық канализациясын салуға;
- 11,0 млн. теңге сомасына № 2,3 фекалдық-насос стансыларын реконструкциялауға;
- 78,5 млн. теңге сомасына әкімдік алдындағы субұрқақты реконструкциялау аяқталды.
2012 жылы қаланың ескі бөлігінің жалпы ұзындығы 25,8 км кварталішілік жолдары мен автомобиль жолдарын реконструкциялау үшін 62,3 млн. теңге сомасына жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, сонымен қатар, 2012 жылы Моноқаланы дамыту бағдарламасы шеңберінде жылу көтергіш сорап стансысын салу үшін 14,9 млн. теңге сомасына ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлінді.
   2012 жылы  құрылыс жұмыстарының көлемі 19930,8 млн. теңгені құрады немесе 2011 жылы 32,5%-ға өсті (15039 млн. теңге).
2012 жылы құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 102%-ды құрады.
2012 жылға  тұрғын үйді енгізу бойынша жоспар-тапсырма –22,8 мың ш.м, орындалғаны 23,9 мың ш.м. немесе жоспарға  104,8%. Енгізілетін тұрғын үй құрылымындағы 33,3% мөлшеріндегі негізгі көлем -  жалдамалы тұрғын үй есебінен орындалды, жеке құрылыс 56,2%-ды, жеке инвестициялар –10,5%-ды құрайды.
Қалада және Ақтау кентінде барлық нысандар коммуналдық қызмет көрсетумен тұрақты қамтамасыз етіледі.
Қаланың жылу көздері ТЭЦ-2, КарГРЭС-1 отынның нормативтік қорымен қамтамасыз етілген. Жылу желілері белгіленген параметрлерге сәйкес жұмыс істеуде. Барлық 1165 көпқабатты үйлер мен әлеуметтік мәдениет және тұрмыс объектілері орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қосылған.
2012 жылы ТЭЦ-2-дегі жұмыстардың жалпы құны 1653 млн. теңгені құрады. Негізгі жабдыққа келесі жөндеу жұмыстары жүргізілді:
  - 5 қазандыққа жөндеу жүргізілді; 
  - №1 турбогенераторға, № 1 генераторға күрделі жөндеу жүргізілуде, жұмыстардың орындалуы  92%-ды құрап отыр.
Отын қоры нормативтік қордан жоғары деңгейде ұсталып тұр: көмір: 36 күнге 227,6 мың тонна – нормативтік қордың 120%-ы, (190 мың тонна); Мазут: 37 күнге 6,169 мың тонна – нормативтік қордың 123%-ы.
КарГРЭС-1 бойынша жөндеу жұмыстарының жалпы құны 590,6 млн. теңгені құрады.
№ 9,10,11 қазандық агрегаттары жөнделді. № 9 турбогенератор мен № 9 трансформаторға жөндеу жүргізілді. 1 қазандық, 1 турбогенератор жұмыс істеп тұр. Резервте 2 қазандық бар, 2 қазандықтың біреуі жұмыс істеуде. 2013 жылы № 9 трансформатордың жөнделуіне байланысты № 8 турбогенераторға кеңейтілген ағымды жөндеу жүргізу жоспарлануда. 
Көмір қоры – 34,142 мың тонна, мазут қоры 121 күнге 1,210 тонна.
«Оқжетпес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшыларымен  2012-2013 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық бойынша  1,2 млрд. теңге сомасына іс-шаралар жүргізілді. Жылу желілерінде  жөндеу жұмыстары аяқталды, 17,813 км желі жөнделді, оның ішінде:
- магистралдық желілер бойынша – 13,053 км;
- кварталішілік желілер бойынша – 4,76 км.
Жұмыстардың толық көлемі орындалды:
- су құбырлары және кәріз желілері - 19,64 км;
- электр желілері бойынша – 21,4 км.


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 370.11
  • Euro 419.37
  • Рубль 5.58
Теміртау-13°C
    3 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 725мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 88%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ