ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Теміртау қаласының және Ақтау кентінің 2013 жылдың 1 тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

 

Теміртау қаласының  және
Ақтау кентінің 2013 жылдың
1 тоқсанындағы әлеуметтік-
экономикалық даму
қорытындылары туралы


  Қаланың 2013 жылдың 1 тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы халықтың өмір сүру деңгейін және қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын арттыруға бағытталған негізгі экономикалық даму көрсеткіштерімен сипатталады.
2013 жылдың 1 тоқсанында құндық тұлғада 74,0 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді немесе 2012 жылғы  сәйкес кезеңмен салыстырғанда (104,3 млрд. теңге) 29%-ға төмендеді. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 79,3%-ды құрады.
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы қалалық көлеміндегі үлесі 79,1%-ды құрайтын қала құраушы «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы бойынша  өнім өндіру көлемі 2013 жылдың 1 тоқсанында 58,6 млрд. теңгені құрады немесе 2012 жылғы сәйкес кезеңнен (91,6 млрд. теңге) 36,1%-ға төмен.
Шығарылған өнімді сату нарығына байланысты мәселелерге, Таяу Шығыс елдерінен металл илектеріне тапсырыстың болмауына, тауар прокаты  сұрыпталымының ТМД елдерінің бәсекелес рыноктарына қайта бағдарлануына, жергілікті рыноктың металл илектеріне деген аз сұранысына байланысты  «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының тұрақсыз жұмыс істеуі өндірістің құлдырауына себеп болды.
Сонымен қатар, 2013 жылдың 1 тоқсанында «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының өндіріс көлемінің төмендеуіне №1 конвертердің газдан тазартқышын реконструкциялауды аяқтау бойынша іске қосу-жөндеу жұмыстары кестесінен кеш қалушылық әсер етті, бұл жұмыстардың мерзімі мердігер «Трой» түрік фирмасымен бұзылды, №2, №3 екі конвертерда  апатты жою бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 37,7 млн. теңгені құрады немесе 2012 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда  (25,2 млн. теңге) 49,6%-ға өсті. Ауыл шаруашылығы өнімін жалпы өндірудің нақты көлем индексі 131,3%-ды құрады.
  Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2013 жылдың                                         1 тоқсанында 13,9 млрд.теңгені құрады немесе 2012 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 56,5%-ға өсті (8,9 млрд.теңге). Негізгі капиталға инвестициялардың нақты көлем индексі –146,8%.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес салмақ (99,1%) «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамына тиесілі (7,7 млрд. теңге).
Жедел индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2011 жылдан бастап 2015 жыл аралығында іске асыру жоспарланып отырған  инвестициялық және инновациялық  жобалардан тұратын база құрылды.
Олардың ішінде өңірлік Индустрияландыру картасына Теміртау қаласының 5  жобасы енгізілді:
1) «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамында «Болат өндіруді жылына 6 млн. тоннаға дейін ұлғайта отырып дамыту және жаңарту» жобасы.
  Осы жоба шеңберінде 2012 жылы 3 жоба іске асырылды:
- № 1 конвертердің газ бөлуші трактын реконструкциялау;
- ауа бөлу блогын салу;
- домна газындағы қазандықты салу.
  2) «Nord Пром НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бетон теміржол шпалдарын өндіруге арналған айналмалы желілерді іске қосу.
1-желі 2011 жылы іске қосылды, 90 жұмыс орны ашылды, қуаттылықтың игерілуі – 117%. 1-желі іске қосылған сәттен бастап 613,8 мың дана шпал шығарылып, сатылды, оның ішінде 2011 жылы – 172,8, 2012 жылы – 339,3 мың дана шпал, 2013 жылы – 101,6 мың дана.
2012 жылы 2-желі іске қосылды, жобалық қуаттылығына шығуы - 2013 жылы іске асады. 2-желі іске қосылғаннан бастап 215,3 мың дана шпал шығарылып, сатылды, оның ішінде 2012 жылы –163 мың дана шпал, 2013 жылы –52,3 мың дана шпал.
3) «Профиль КМК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Бедерленген тақталар шығару өндірісін кеңейту» жобасы.
Желі 2011 жылы іске қосылды, жылына жобалық қуаттылығы – 15,0 мың тонна өнім, тиелуі 76,3%-ды құрады, жобалық қуаттылығына шығуы – 2013 жылғы қараша. Жоба іске қосылғаннан бастап 11,5 мың тонна бедерленген тақталар шығарылды, оның ішінде 2012 жылы – 9,3 мың тонна тақта, 2013 жылы – 2,2 мың тонна.
4) «Қарцемент» акционерлік қоғамында  «Цементті құрғақ тәсілмен өндіретін №5-технологиялық желіні іске қосу» жобасы. 
Жобаның жалпы құны – 12,3 млрд. теңге, 47,0% ивестиция игерілді (5,7 млрд. теңге). Пайдалануға берілуі – 3013 жылғы қараша.
5) «Temir Logistik» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – «Жүк автомобильдері мен арнайы техника үшін сервис стансысын салу» жобасы.
Станция 2012 жылғы қыркүйекте пайдалануға берілді, жобалық қуаттылығына шығуы  - 2015 жыл. Ашылған сәттен бастап стансыда жүк машиналарының 801 бірлігіне қызмет көрсетілді, оның ішінде 2012 жылы – 625 бірлік, 2013 жылы – 176 бірлік.
«Бизнестің Жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 2013 жылғы наурызда Сраптау және Үйлестіру кеңестерімен жеке кәсіпкер «Виниченко В.Г.»-нің Сыртқы киім тігу және жөндеу үшін жылжымайтын мүлік сатып алу жобасы мақұлданды (Кредит сомасы – 6,0 млн. теңге, 3 жұмыс орны ашылатын болады).
2013 жылдың 1 тоқсанында шағын бизнесті дамыту есебінен 52 немесе жоспарға (50 жұмыс орны) 104% жұмыс орны ашылды.
2013 жылдың 01 сәуіріне тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6757 бірлікті немесе 2012 жылдың сәйкес кезеңіне 104,2%-ды (6484 бірлік) құрайды.
Шағын бизнеске қамтылғандар саны 2013 жылдың 1 тоқсанында 22820 адамды немесе 2012 жылдың 1 тоқсанына 114,9%-ды (19857 адам) құрады.
2013 жылдың 1 тоқсанында шағын кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 11608  млн. теңгені немесе 2012 жылдың сәйкес кезеңіне 32,7%-ды (8750 млн. теңге) құрады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен 2013 жылдың  1 тоқсанында бюджетке 970 млн. теңге төлем түсті немесе 2012 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда (682 млн. теңге) 42,2%-ға өсті.
2013 жылдың 1 тоқсанында қалалық бюджетке кірістердің түсуі 2290,8 млн. теңгені немесе жоспарға 103,1%-ды (2221,4 млн. теңге) құрады.
Бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы 100%-ды немесе жоспарлы 1882,4 млн. теңгеге қарағанда 1882,1 млн. теңгені құрады.
  2013 жылғы қаңтар-наурызда тұтыну бағасының индексі 2012 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 107,9%-ды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына – 106,2%, азық-түлік емес тауарларға – 103,5%, ақылы қызметтер – 114,3%.
2013 жылдың 1 тоқсанында жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасаған азаматтар саны жыл басындағы жұмыссыздарды есепке алғанда 875 адамды құрап отыр (2012 жылдың 1 тоқсанында –878 адам), жұмысқа орналастырылғаны-647 адам немесе өтініш жасаған жұмыссыздардың 73,9%-ы.
Кедейлік деңгейінен (6378 теңге) төмен өмір сүретін тұрмысы нашар азаматтар саны 2013 жылдың 1 тоқсанында  186 адамды құрады (41 отбасы), 2012 жылдың 1 тоқсанында – 201 адам (46 отбасы).
Кедейлік деңгейі 2013 жылдың 1 тоқсанында 0,11%-ды құрады 2012 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейде. 
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 811,5 мың теңге сомасындағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 155 адамға тағайындалды (2012 жылдың    1 тоқсанында–856,1 мың теңге сомасына 160 адам).
Мемлекеттік емес көздерден атаулы әлеуметтік көмек 801,7 мың теңге сомасына 532 тұрмысы нашар азаматтарға көрсетілді (2012 жылдың                        1 тоқсанында 865,4 мың теңге сомасына 527 адам).
2013 жылдың 1 тоқсанында 65 адам түрлі мамандықтар бойынша оқудан және қайта оқудан өтті.
Қоғамдық жұмыстарға 2013 жылдың  1 тоқсанында 200 адам жіберілді (2012 жылдың 1 тоқсанында - 321 адам).
Қаладағы және Ақтау кентіндегі балабақшалар саны -20.
2013 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар саны–6850 адамды құрады, олардың 5314-і  немесе 77,6%-сы мектепке дейінгі  мекемелерде оқып, тәрбиеленуде,  яғни 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (76,8%) 0,8%-ға өсті.
   Қаланың және Ақтау кентінің 30 жалпы білім беретін мектебінде 18508 оқушы оқиды.
Жалпы білім беретін мектептердің  компьютерлік паркі 2648 бірлікті құрайды, 1 компьютерге есептегенде оқушы саны 6,99-ды құрайды.
Қаланың емдеу мекемелерінде жұмыс істейтін дәрігерлер саны 470 адам. Дәрігерлермен қамтамасыз етілу 10 мың халыққа шаққанда 26-ны құрайды. Орта медицина қызметкерлерінің саны 1358 адам.
Орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың халыққа шаққанда 75,1-ді құрайды.
2013 жылдың 1 тоқсанында туберкулезбен ауыру көрсеткіші 100 мың халыққа –16,0-ді немесе 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1-ге төмендеді (2012 жылдың 1 тоқсанында –16,1).
2013 жылы республикалық бюджеттен келесі инвестициялық жобаларға трансферттер бөлінді:
- 686,5 ммлн. теңге сомасына 2 автомобиль жолын реконструкциялау;
- 83,6 млн. теңге сомасына жылу көтергіш сорап стансысын салу;
- 225,0 мың теңге сомасына кәсіпкерлікті қолдау шараларын көрсету шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу;
   2013 жылдың 1 тоқсанында құрылыс жұмыстарының көлемі 2560,1 млн. теңгені құрады немесе 2012 жылдың сәйкес кезеңіне 1,8%-ға өсті (2515,8 млн. теңге). Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 96,5%-ды құрады.
2013 жылдың 1 тоқсанына тұрғын үйді енгізу бойынша жоспар-тапсырма 9,0 мың ш.м, орындалғаны 9,2 мың ш.м. немесе жоспарға  102,2%. Енгізілетін тұрғын үй құрылымындағы 80,4% мөлшеріндегі негізгі көлем -   жеке құрылыс есебінен орындалды, жеке инвестициялар – 19,6%.
2013 жылдың 1 тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көлік көрсеткіштерінің төмендегені байқалады:
- жүк айналымы 57,4%-ға төмендеді және 2923,6 мың ткм-ді құрады;
- жүк тасымалы 34,3%-ға төмендеді және 65,9 мың тоннаны құрады;
-  жолаушы тасымалы 24,1%-ға төмендеді және 6142,3 мың адамды құрады;
- жолаушы айналымы 7,3%-ға төмендеді және 27684,7 мың жкм-ді құрады.
Қалада және Ақтау кентінде барлық нысандар коммуналдық қызмет көрсетумен тұрақты қамтамасыз етіледі.


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 340.27
  • Euro 396.31
  • Рубль 5.39
Теміртау24°C
    2 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 707мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 38%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ