ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Теміртау қаласының және Ақтау кентінің 2016 жылдың І жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

Қаланың 2016 жылдың І жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы халықтың өмір сүру деңгейін және қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын арттыруға бағытталған негізгі экономикалық даму көрсеткіштерімен сипатталады.
Қала кәсіпорындарымен 260,7 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді немесе 2015 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда (191,0 млрд.теңге) 36,5%-ға өсті.  Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 102,1%-ды құрады.
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы қалалық көлеміндегі үлесі 84,3%-ды құрайтын қала құраушы «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы бойынша өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2016 жылдың І жартыжылдығында 219,8 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда                    (137,7 млрд. теңге) 59,6%-ға  өсті.
Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Теміртау қаласы бойынша 2011 жылы іске асырылатын               5 инвестициялық жоба енгізілді, олардың ішінен 2011-2014 жылдарда жалпы       16 млрд.601 млн.теңге 4 жоба іске асырылды, 300 жаңа жұмыс орны ашылды.
5-жобаны Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген кестеге сәйкес «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамында 2019 жылға дейін іске асыру жоспарланып отыр.
2015 жылы Өңірлік индустрияландыру картасына 4 жоба қосылды:
- «Автообъединение» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Металл бұйымдар шығаратын цех салу», жоба 2015 жылғы маусымда іске қосылды,                20  жұмыс орны ашылды, жобалық қуаттылығы 31,2 мың тонна металл құрылымдары. Іске қосылғаннан бастап  149,3 млн.теңге сомасына 1,6 мың  тонна өнім шығарылды;
-  «Шайыртау»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Кокс химия өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеу зауытын салу», жобалық қуаттылығы          жылына 10,9 мың тонна, 28 жұмыс орны ашылады. Жобаның құны 194 млн. теңге. Іске қосу ағымдағы  жылдың тамызына жоспарланып отыр. Жобалық қуаттылығына шығуы 2017 жыл;
- «КазГазоБлок» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Автоклавтық қатаюдың ұяшықты  бетонынан жылу блоктарын жасау зауытын салу» жобасы,  жобалық қуаттылығы 150,0 мың м3, 68 жұмыс орны ашылады. Жобаның құны 895 млн.теңге. Іске қосу 2016 жылдың ІІ жартыжылдығына жоспарланып отыр. Жобалық қуаттылығына шығуы 2017 жыл;
- «ҚазЭнергоМаш корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Энергетикалық жабдық шығару өндірісін кеңейту (2-кезек),   жобалық қуаттылығы 2,0 мың тонна дайын өнім, 110 жұмыс орны ашылады.  Жобаның құны 1200 млн. теңге. Іске қосу 2016 жылдың IV тоқсанына жоспарланып отыр. Жобалық қуаттылығына шығуы 2017 жыл;
2016 жылдың І жартыжылдығында  Индустрияландыру картасының іске қосылған жобаларымен 5,8 млрд. теңгеге өнім өндірілді немесе өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінің 2,8%-ы (260,7 млрд.теңге).
«Бизнестің Жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 2016 жылдан бастап кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауға Өңірлік үйлестіру  кеңесімен 1189,7 млн.теңге сомасына 7 жоба мақұлданды, кредиттер сомасы –963,8 млн. теңге;
2015 жылы «Өңірлерді дамыту бағдарламасына» кіріктірілген Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде Теміртау қаласы бойынша 2 зәкірлі жоба енгізілді, олардың ішінде «Қарцемент» акционерлік қоғамында «Цементті құрғақ тәсілмен өндіретін № 5 технологиялық желіні іске қосу» жобасы 2014 жылғы                                 9 маусымда іске қосылды. Іске қосу 2016 жылдың IV тоқсанына жоспарланып отырған «ҚазЭнергоМаш корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі «Энергетикалық жабдық шығаратын өндірісті кеңейту»                         (2-кезек) атты екінші жоба Индустрияландыру картасына енгізілген.
Теміртау моноқаласын дамытудың кешенді жоспарын өзектілендіру кезінде 2015 жылы зәкірлі жобалардың тізбесі 2 жобамен толықтырылды:
-  «Темиртауский кирпич» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Қаптама кірпіш өндірісі» жобасы, 100 жұмыс орны ашылады, іске асыру кезеңі 2015-2016 жылдар, инвестициялар көлемі – 2,4 млрд.теңге, жобалық қуаттылығы жылына 35 млн дана кірпіш. Іске қосу 2016 жылдың                                     1 жартыжылдығына жоспарлануда. Жобалық қуаттылығына шығуы 2017 жыл;
-  «КазГазоБлок» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Құрылыс материалдарын өндіретін зауыт салу», 68 жұмыс орны ашылады,  іске асыру кезеңі 2014-2015 жылдар, инвестициялар көлемі - 895 млн. теңге,  жоба Индустрияландыру картасына енгізілген. Іске қосу 2016 жылдың                                     ІІ жартыжылдығына жоспарлануда. Жобалық қуаттылығына шығуы 2017 жыл;
Жыл басынан бері 231 немесе жоспарға 102,7% жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде экономиканың нақты секторында 70 жұмыс орны, шағын бизнесте 161 жұмыс орны. 
Тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны  10533 бірлікті құрады.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 8940 бірлікті құрады немесе 2015 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда (9073 бірлік) 1,5%-ға төмендеді.
Шағын бизнеске қамтылғандар саны 27490 адамды құрады немесе                 2015 жылғы сәйкес кезеңге 5%-ға (26190 адам) өсті.                           
Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 31794,1 млн. теңгені құрады немесе 2015 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда  23,5%-ға                     (25750 млн. теңге) өсті, шағын кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке түсетін төлемдер 1900 млн.теңгені немесе 2015 жылғы сәйкес кезеңге (1700 млн.теңге) 11,8%-ға өсті.
Сонымен бірге қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының жекелеген көрсеткіштерінің төмендегені байқалды.
Негізгі капиталға 22721,0 млн.теңге инвестиция салынды немесе                         2015 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда (41826,0 млн.теңге) 45,7%-ға төмендеді.
Инвестициялар құрылымында қаржыландыру көздері бойынша 88,8%-ы немесе 20177,7 млн.теңге кәсіпорындардың жеке қаражаттарына тиесілі,                    6,1%-ы немесе 1376,7 млн.теңге қарыз қаражаттары есебінен, 5,1%-ы немесе 1166,8 млн.теңге бюджет қаражаттары есебінен.
Негізгі капиталға сыртқы инвестициялар көлемі 17425,6 млн.теңгені немесе инвестициялардың жалпы көлеміне 76,7%-ды құрады.
Негізгі капиталға инвестициялардың нақты көлем индексі 52,2%-ды құрады, оның ішінде «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі 75,3%-ды құрап отыр.
Бөлшек сауда көлемі 28313,1 млн. теңгені құрады немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (25058,6 млн. теңге) 13,0%-ға өсті.
Бөлшек сауданың нақты көлем индексі – 94,7%.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 170,7 млн. теңгені құрады немесе 2015 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда (138,8 млн. теңге) 23,0%-ға өсті.
Ауыл шаруашылығын жалпы өндірудің нақты көлем индексі 64,8%-ды құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 7696,7 млн. теңгені құрады немесе                     2015 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда (6363,1 млн. теңге) 21,0%-ға өсті.
Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі – 116,0%.
2016 жылға барлық қаржыландыру көздері есебінен тұрғын үйді енгізу бойынша жоспар-тапсырма 30,6 мың ш.м, 2016 жылдың І жартыжылдығында  енгізілгені 9,9 мың ш.м. немесе жоспарға қарағанда (18,9 мың ш.м.) 47,6%-ға төмендеді. Енгізілетін тұрғын үй құрылымындағы негізгі көлем жеке құрылыс есебінен орындалды – 7,1 мың ш.м. (71,7%),    жеке инвестициялар есебінен – 2,8 мың ш.м.(28,3%).
2016 жылдың І жартыжылдығында көлік көрсеткіштері 2015 жылмен салыстырғанда былайша қалыптасты:
- жүк айналымы 23689,2 мың ткм-ді құрады немесе 2015 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 69,5%-ға өсті (13975,7 мың ткм);
- жүк тасымалы – 728,27 мың тонна немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда (282,34 мың тонна) 2,6 есеге өсті;
- жолаушы айналымы -74596,9 мың жкм немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 4,9%-ға төмендеді (78479,2 мың жкм). 
-  жолаушы тасымалы 14473,6 мың адам немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда (15396,9 мың адам) 6%-ға кеміді.                      
2016 жылдың І жартыжылдығында қалалық бюджетке кірістердің түсуі                         6142,1 млн. теңгені құрады немесе жоспарға (6041,2 млн. теңге) 101,7%.
Бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы жоспарға 99,6%-ды немесе жоспарлы 6120,6 млн. теңгеге қарағанда 6095,4 млн. теңгені құрады.
Қаладағы және Ақтау кентіндегі балабақшалар саны -21.
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиемен 1-ден 6 жасқа дейінгі                              7 426 балалардың жалпы санынан 5 643 бала қамтылды немесе 76,0%.
Қаланың және Ақтау кентінің 30 жалпы білім беретін мектебінде                    20580 оқушы оқиды, оның ішінде ЖК пайдаланушылар – 18130 оқушы,  жалпы білім беретін мектептердің  компьютерлік паркі 3056 бірлікті құрап отыр,                        1 компьютерге есептегенде оқушы саны 5,9-ды құрады.
Қаланың емдеу мекемелерінде жұмыс істейтін дәрігерлер саны 403 адам. Дәрігерлермен қамтамасыз етілу 10 мың халыққа шаққанда 21,7-ні құрап отыр.
Орта медицина қызметкерлерінің саны 1158 адам.
Орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың халыққа шаққанда 62,4-ті құрайды.
Туу коэффициенті 2016 жылдың қаңтар-мамырында 15,0-ді құрады немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңіне (14,78) 1,5%-ға өсті.
Өлу коэффициенті 2016 жылдың қаңтар-мамырында 10,47-ні құрады немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңіне (10,75) 3%-ға кеміді.
Туберкулезбен ауыру көрсеткіші 2016 жылдың І жартыжылдығында                   100 мың халыққа шаққанда 43,1-ді құрады немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 13,4%-ға өсті (38,0).
2016 жылдың І жартыжылдығында жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасаған азаматтар саны жыл басындағы жұмыссыздарды есепке алғанда 3330 адамды құрады, 2015 жылдың сәйкес кезеңінде –2896 адам, жұмысқа орналастырылғаны-2752 адам немесе өтініш жасаған жұмыссыздардың 82,6%-ы.
Кедейлік деңгейінен (7682 теңге) төмен өмір сүретін тұрмысы нашар азаматтар саны 2016 жылдың І жартыжылдығында  126 адамды құрады                       (28 отбасы), 2015 жылдың сәйкес кезеңінде – 196 адам (47 отбасы).
Кедейлік деңгейі 2016 жылдың І жартыжылдығында 0,1 %-ды құрады.
1437,0 мың теңге сомасындағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек                   126 адамға, 2015 жылдың сәйкес кезеңінде 1745,6 мың теңге сомасына                                 196 адамға тағайындалды.
Тұрғын үй жәрдемақысы 2016 жылдың І жартыжылдығында 1498,0 мың теңге сомасына 177 отбасына, 2015 жылдың сәйкес кезеңінде 1737,9 мың теңге сомасына 176 отбасына тағайындалды.
Мемлекеттік емес көздерден атаулы әлеуметтік көмек 205 тұрмысы нашар азаматтарға 193,1 мың теңге сомасына, 2015 жылдың сәйкес кезеңінде 350,4 мың теңге сомасына 271 адамға көрсетілді.
2016 жылдың І жартыжылдығында 121 адам, 2015 жылдың сәйкес кезеңінде 96 адам түрлі мамандықтар бойынша оқытудан және қайта оқытудан өтті. Қоғамдық жұмыстарға 400 адам жіберілді, 2015 жылдың сәйкес кезеңінде - 450 адам.


Жаңартылған: 31.10.2016 10:40
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 325.20
  • Euro 397.13
  • Рубль 5.74
Теміртау-16°C
    2 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 725мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 76%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ