ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Теміртау қаласының және Ақтау кентінің 2016 жылдың 9 айындағы елеуметтік -экономикалық даму қорытындылары туралы

Қаланың 2016 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы халықтың өмір сүру деңгейін және қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын арттыруға бағытталған негізгі экономикалық даму көрсеткіштерімен сипатталады.
Қала кәсіпорындарымен 429,7 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді немесе 2015 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда (291,0 млрд.теңге) 47,6%-ға өсті.  Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 107,7%-ды құрады.
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы қалалық көлеміндегі үлесі 84,5%-ды құрайтын қала құраушы «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы бойынша өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2016 жылдың 9 айында 363,2 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда (207,0 млрд. теңге) 75,5%-ға  өсті.
Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2011-2015 жылдарда 5 жоба енгізілді, олардан 4 жоба іске асырылды.
2015 жылы Өңірлік индустрияландыру картасына 4 жоба қосылды:
- «Автообъединение» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Металл бұйымдар шығаратын цех салу», жоба 2015 жылғы маусымда іске қосылды,                20  жұмыс орны ашылды, жобалық қуаттылығы 31,2 мың тонна металл құрылымдары. Іске қосылғаннан бастап  364,8 млн.теңге сомасына 2,7 мың  тонна өнім шығарылды;
-  «Шайыртау»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Кокс химия өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеу зауытын салу» жобасы, жоба ағымдағы жылғы 29 тамызда іске қосылды, 25 жұмыс орны ашылады. Жобалық қуаттылығы жылына 10,9 мың тонна, жобалық қуаттылығына шығуы                         2017 жыл;
- «КазГазоБлок» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Автоклавтық қатаюдың ұяшықты  бетонынан жылу блоктарын жасау зауытын салу» жобасы,  жобалық қуаттылығы 150,0 мың м3, 68 жұмыс орны ашылады. Жобаның құны 895 млн.теңге. Іске қосу 2016 жылғы желтоқсанға жоспарланып отыр. Жобалық қуаттылығына шығуы 2017 жыл;
- «ҚазЭнергоМаш корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Энергетикалық жабдық шығару өндірісін кеңейту (2-кезек),   жобалық қуаттылығы 2,0 мың тонна дайын өнім, 110 жұмыс орны ашылады.  Жобаның құны 1200 млн. теңге. Іске қосу 2016 жылғы желтоқсанға жоспарланып отыр. Жобалық қуаттылығына шығуы 2017 жыл;
2016 жылдың 9 айында  Индустрияландыру картасының іске қосылған жобаларымен 11,1 млрд. теңгеге өнім өндірілді немесе өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінің 2,6%-ы (429,7 млрд.теңге).
«Бизнестің Жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 2016 жылдан бастап кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауға Өңірлік үйлестіру  кеңесімен 1511,7 млн.теңге сомасына 15 жоба мақұлданды, кредиттер сомасы –1156,0 млн. теңге;
2015 жылы «Өңірлерді дамыту бағдарламасына» кіріктірілген Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде Теміртау қаласы бойынша 2 зәкірлі жоба енгізілді, олардың ішінде:
- «Қарцемент» акционерлік қоғамында «Цементті құрғақ тәсілмен өндіретін № 5 технологиялық желіні іске қосу» жобасы 2014 жылғы                                 9 маусымда іске қосылды.
- Іске қосу 2016 жылғы желтоқсанға жоспарланып отырған «ҚазЭнергоМаш корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі «Энергетикалық жабдық шығаратын өндірісті кеңейту» (2-кезек) атты екінші жоба Индустрияландыру картасына енгізілген.
Теміртау моноқаласын дамытудың кешенді жоспарын өзектілендіру кезінде 2015 жылы зәкірлі жобалардың тізбесі 2 жобамен толықтырылды:
-  «Темиртауский кирпич» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Қаптама кірпіш өндірісі» жобасы, 100 жұмыс орны ашылады, іске асыру кезеңі 2015-2016 жылдар, инвестициялар көлемі – 2,4 млрд.теңге, жобалық қуаттылығы жылына 35 млн дана кірпіш. Іске қосу 2017 жылдың                                     1 жартыжылдығына жоспарлануда. Жобалық қуаттылығына шығуы 2017 жыл;
-  «КазГазоБлок» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Құрылыс материалдарын өндіретін зауыт салу», 68 жұмыс орны ашылады,  іске асыру кезеңі 2014-2015 жылдар, инвестициялар көлемі - 895 млн. теңге,  жоба Индустрияландыру картасына енгізілген. Іске қосу 2016 жылғы                                     желтоқсанға жоспарлануда. Жобалық қуаттылығына шығуы 2017 жыл;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Вице-Министрі Р.Склярдың 2016 жылғы 17 тамыздағы № 26-4/19678//444 және 2016 жылғы 14 қыркүйектегі № 26-4/99-И тапсырмаларын орындау үшін Шағын және моноқалаларды дамытудың кешенді жоспарлары Аумақты дамыту бағдарламаларына біріктіріледі.
Жыл басынан бері 362 немесе жоспарға 102,5% жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде экономиканың нақты секторында 135 жұмыс орны, шағын бизнесте 227 жұмыс орны. 
Тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны  10453 бірлікті құрады.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 9092 бірлікті құрады немесе 2015 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда (9348 бірлік) 2,7%-ға төмендеді.
Шағын бизнеске қамтылғандар саны 27612 адамды құрады немесе                 2015 жылғы сәйкес кезеңге 2,1%-ға (27035 адам) өсті.                           
Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 2015 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 15,7%-ға (38662,5 млн. теңге) артты және 44735,4 млн. теңгені құрады. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке түсетін төлемдер 2585,0 млн.теңгені немесе 2015 жылғы сәйкес кезеңге (2725 млн.теңге) 5,1%-ға кеміді.
Сонымен бірге қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының жекелеген көрсеткіштерінің төмендегені байқалды.
Негізгі капиталға 38623,2 млн.теңге инвестиция салынды немесе                         2015 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда (47048,4 млн.теңге) 17,9%-ға төмендеді.
Инвестициялар құрылымында қаржыландыру көздері бойынша 87%-ы немесе 33588,2 млн.теңге кәсіпорындардың жеке қаражаттарына тиесілі,                    5%-ы немесе 1939,8 млн.теңге банк кредиттері және қарыз қаражаттары есебінен және  8%-ы немесе 3095,2 млн.теңге бюджет қаражаттары есебінен.
Негізгі капиталға сыртқы инвестициялар көлемі 29045,2 млн.теңгені немесе инвестициялардың жалпы көлеміне 75,2%-ды құрады.
Негізгі капиталға инвестициялардың нақты көлем индексі 79,2%-ды құрады, оның ішінде «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі 74%-ды құрап отыр.
Бөлшек сауда көлемі 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (38678,4 млн. теңге) 15,9%-ға артты және 44840,5 млн. теңгені құрады.
Бөлшек сауданың нақты көлем индексі – 96,7%.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3234,1 млн. теңгені құрады немесе 2015 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда (1364,1 млн. теңге) 2,4 есеге өсті.
Ауыл шаруашылығын жалпы өндірудің нақты көлем индексі 96 ,2%-ды құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 15704,0 млн. теңгені құрады немесе                     2015 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда (12412,4 млн. теңге) 26,5%-ға өсті.
Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі – 118,4%.
2016 жылға барлық қаржыландыру көздері есебінен тұрғын үйді енгізу бойынша жоспарланған 30,6 мың ш.м.-ге қарағанда  2016 жылдың 9 айында  16,3 мың ш.м. енгізілді немесе жылдық жоспардың 53,3%-ы. Енгізілетін тұрғын үй құрылымындағы негізгі көлем жеке құрылыс есебінен орындалды – 13,5 мың ш.м. (82,8%),    жеке инвестициялар есебінен – 2,8 мың ш.м.(17,2%).
2016 жылдың 9 айында көлік көрсеткіштері 2015 жылмен салыстырғанда былайша қалыптасты:
- жүк айналымы 2015 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 19,8%-ға кеміді (44856,4 мың ткм) және 35979,8 мың ткм-ді құрады;
- жүк тасымалы – 2015 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда (575,4 мың тонна) 2,2 есеге артты және 1263,5 мың тоннаны құрады;
- жолаушы айналымы - 2015 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда                     (118145,5 мың жкм) 3,5%-ға төмендеді және 113973,9 мың жкм-ді құрады. 
-  жолаушы тасымалы 2015 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда                       (22998,0 мың адам) 5,3%-ға кеміді және 21789,8 мың адамды құрады.                      
2016 жылдың 9 айында қалалық бюджетке кірістердің түсуі                          9298,9 млн. теңгені құрады немесе жоспарға (9056,9 млн. теңге) 102,7%.
Бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы жоспарға 99,8%-ды немесе жоспарлы 8875,4  млн. теңгеге қарағанда 8854,1 млн. теңгені құрады.
Қаладағы және Ақтау кентіндегі балабақшалар саны -21.
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиемен 1-ден 6 жасқа дейінгі                              7 445 балалардың жалпы санынан 5 665 бала қамтылды немесе 76,1%.
Қаланың 30 мемлекеттік мектебінен қазіргі уақытта 29 білім беретін орта мектеп жұмыс істеп тұр. 2016 жылғы 20 маусымдағы № 02-07/155 техникалық қорытындыға сәйкес № 15 ОМ апатты жағдайда. Облыстық бюджеттің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі нақтылануына орай «600 орындық мектеп (№ 15 ОМ орнына) салуға»  ЖСҚ әзірлеуді бастауға 200 мың теңге сомасында қаражат бөлінді.
Қаланың және Ақтау кентінің 29 жалпы білім беретін мектебінде                    21400 оқушы оқиды, оның ішінде жеке компьютерді пайдаланушылар – 18696 оқушы,  жалпы білім беретін мектептердің  компьютерлік паркі 2847 бірлікті құрап отыр, 1 компьютерге есептегенде оқушы саны 6,6-ды құрады.
Қаланың емдеу мекемелерінде жұмыс істейтін дәрігерлер саны 414 адам. Дәрігерлермен қамтамасыз етілу 10 мың халыққа шаққанда 22,3-ті құрап отыр.
Орта медицина қызметкерлерінің саны 1156 адам.
Орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың халыққа шаққанда 62,3-ті құрайды.
Туу коэффициенті 2016 жылдың қаңтар-сәуірінде 14,47-ні құрады немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңіне (14,78) 0,5%-ға азайды.
Өлу коэффициенті 2015 жылдың сәйкес кезеңіне (10,75) 5,4%-ға кеміді және 2016 жылдың қаңтар-сәуірінде 10,59-ды құрады.
Туберкулезбен ауыру көрсеткіші 2016 жылдың 9 айында 100 мың халыққа шаққанда 61,4-ті құрады немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2,2%-ға өсті (60,1).
2016 жылдың 9 айында жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасаған азаматтар саны жыл басындағы жұмыссыздарды есепке алғанда                  4773 адамды құрады, 2015 жылдың сәйкес кезеңінде – 4075 адам, жұмысқа орналастырылғаны - 4046 адам немесе өтініш жасаған жұмыссыздардың      84,8%-ы.
Кедейлік деңгейінен (8046 теңге) төмен өмір сүретін тұрмысы нашар азаматтар саны 2016 жылдың 9 айында  132 адамды құрады (29 отбасы), 2015 жылдың сәйкес кезеңінде – 238 адам (57 отбасы).
Кедейлік деңгейі 2016 жылдың І жартыжылдығында 0,1 %-ды құрады.
2206,2 мың теңге сомасындағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек                   132 адамға, 2015 жылдың сәйкес кезеңінде 2807,6 мың теңге сомасына                                 238 адамға тағайындалды.
Тұрғын үй жәрдемақысы 1600,3 мың теңге сомасына 178 отбасына,               2015 жылдың сәйкес кезеңінде 1968,1 мың теңге сомасына 180 отбасына тағайындалды.
Мемлекеттік емес көздерден атаулы әлеуметтік көмек 294 тұрмысы нашар азаматтарға 632 мың теңге сомасына, 2015 жылдың сәйкес кезеңінде 951,3 мың теңге сомасына 492 адамға көрсетілді.
2016 жылдың 9 айында 121 адам, 2015 жылдың сәйкес кезеңінде 178 адам түрлі мамандықтар бойынша оқытудан және қайта оқытудан өтті. Қоғамдық жұмыстарға 580 адам жіберілді, 2015 жылдың сәйкес кезеңінде - 630 адам.

 


Жаңартылған: 10.11.2016 17:20
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 340.27
  • Euro 396.31
  • Рубль 5.39
Теміртау24°C
    2 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 707мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 38%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ